---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-10-konverttegi-zhalaqy-koelengkede-qalghan-engbek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Конверттегі жалақы»: көлеңкеде қалған еңбек

![Минимальную зарплату в Казахстане повысят до 50% от медианной к 2030 году](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/naskolko-vyrosla-srednyaya-zarplata-veterinara-v-kostanajskoj-oblasti-bizmedia.kz_.jpg)

Еңбек министрлігі жуырда "конверттегі жалақыдан сақ болу керектігін ескертті. Бұл – жай ескерту емес, бұл – бүгінгі салық реформасының дәл жүрегіне қойылған диагноз.

[![Фото: Sputnik/Абзал Калиев.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/naskolko-vyrosla-srednyaya-zarplata-veterinara-v-kostanajskoj-oblasti-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/naskolko-vyrosla-srednyaya-zarplata-veterinara-v-kostanajskoj-oblasti-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik/Абзал Калиев.

Өйткені конверт дегеніміз – жалақы емес, келісім. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасындағы үнсіз келісім. Бірі айтады, "қағазда аз жазайын, салығым аз болсын" дейді, екіншісі "қолға көп тисе болды" деп келіседі. Басында екеуіне де тиімді көрінеді, бірақ арты – екеуіне де ор.

**Неге ор дейміз? **

Себебі ресми жалақы – бұл тек айлық емес, бұл – сенің ертеңің. Сен бүгін 300 мың алып тұрсаң да, қағазда 150 мың болып жүрсең, ертең баламен үйде отырғанда мемлекет саған 150 мыңға қарап төлейді. Министрлік айтқан мысалдың жаны бар. Екі жыл бойы адал 300 мыңнан аударым төлеген ана айына 120 мың алады екен, ал сол 300 мыңның жартысын конвертпен алып жүрген ана 60 мыңға ғана қанағат тұтады. Айына 60 мың аз сияқты көрінеді, бірақ бұл – бір жылда 720 мың теңге, бұл – баланың бір жылдық киімі, азығы, дәрісі деген сөз.Ал енді осы жеке отбасының қасіреті тұтас салық реформасына қалай әсер етеді дегенге келсек, әсері – тікелей. Жаңа Салық кодексінің басты ұраны – "көлеңкеден шық, адал бол, қысымды азайтамын" деген сөз. Ал конверт – сол көлеңкеде қалудың ең оңай жолы. Ол көбейген сайын бюджетке салық аз түседі, Әлеуметтік қор жұқарады, ал үкіметтің қолына тиетін статистиканың өзі өтірік болады.

******К****үрестің деңгейін пайызбен өлшеуге бола ма****?****.** 

Тура өлшеу қиын, өйткені конверт – қолға берілетін ақша, оны ешкім жазып алмайды. Бірақ жанама жолмен бағалауға болады. Ресми түрде көлеңкелі экономика ЖІӨ-нің 20 пайызы төңірегінде десек, соның ең үлкен кесегі – осы конверттегі жалақы. 

Сарапшылардың айтуынша, жалдамалы жұмыс істейтін әрбір төртінші адамның бірі жалақысын толық немесе жартылай қолма-қол алады. Ал құрылыс, базар, дәмхана сияқты жерлерде бұл көрсеткіш 40 пайыздан да асып кетеді.

Күрес жоқ емес, күрес бар. Соңғы үш жылда миллионнан астам еңбек шарты электронды жүйеге түсті, eGov арқылы әркім өз аударымын тексере алады. Бірақ бұл күрестің толық жеңдім деп айтуға әлі ерте. Шыны керек, бұл жолдың жартысында тұрмыз десек, артық айтқандық емес. Жартысын көрдік, жартысы әлі көлеңкеде.Осыдан келіп "біз бұл жүйені жойдық па" деген ең ауыр сұраққа келеміз. Жоқ, жойған жоқпыз. Егер жойсақ, министрлік ескертпес еді, ескертудің өзі – жүйе әлі тірі деген сөз.

Ол неге өлмей тұр? Өйткені конверт – тек салықтан қашу емес, сенімнен қашу. Жұмыс беруші "мен төлеген ақша қайда кетеді, ертең салық тағы өсіп кете ме" деп қорқады, ал жұмысшы "менің пенсиям бәрібір аз болады, қазір қолға алғаным жақсы" деп ойлайды. Екеуі де ертеңіне сенбейді, сондықтан бүгінін көлеңкеде өткізеді.Ал сенім қағазбен келмейді, ол – ашықтықпен келеді. Адам өзі төлеген әрбір теңгенің ертең өзіне қайтып келетінін көзімен көрсе ғана, конвертті өзі-ақ лақтырады.

Сондықтан конверттегі жалақы – салық реформасының жауы емес, оның айнасы. Айнаға қарап, реформаның шын бетін көреміз. Егер айнада көлеңке азайса, демек, мемлекет пен азамат бір-бірін тапты деген сөз. Ал көлеңке қалыңдаса, демек, әлі де бір-бірімізге жете алмай жүрміз деген сөз.

---

Опубликовано: 2026-10-10T12:52:46+05:00

Обновлено: 2026-10-10T12:52:49+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-10-konverttegi-zhalaqy-koelengkede-qalghan-engbek/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.