---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-10-urlanghan-renwar-zhaene-uyalghan-imperiyalar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұрланған Ренуар және ұялған империялар

![Франция установила рекорд по экспорту электроэнергии в соседние страны](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/francziya-ustanovila-rekord-po-eksportu-elektroenergii-v-sosednie-strany-bizmedia.kz_.jpg)

Францияның Кань-сюр-Мер қаласындағы музейге ұрылар терезеден кіріп, төрт Ренуарды 3 минутта жұлып алғанда, олар ең қымбат дегенін алдық деп ойлады, бірақ қашып бара жатып біреуін түсіріп алды да, екеуін өздері қорқып тастап кетті, өйткені тым әйгілі сұлулықты сата алмайсың, жасыра алмайсың, сондықтан оны тек тастап кетуге мәжбүрсің және дәл осы қорқыныш Ренуардың екі картинасын 9 қазанда қайта таптырып отыр.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/francziya-ustanovila-rekord-po-eksportu-elektroenergii-v-sosednie-strany-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/francziya-ustanovila-rekord-po-eksportu-elektroenergii-v-sosednie-strany-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

**Бұл – ұсақ ұрының ұяты, ал үлкен ұрының, яғни империяның ұяты ше****?**

Ол оянды ма деген сұраққа келсек, иә, ояна бастады және соңғы бес жылда әлем бұрын-соңды болмаған қайтаруларды көріп отыр.Бұрын империялар "біз ұрлаған жоқпыз, біз сақтап қалдық, біз болмасақ ол қирап қалатын еді" деп келгенде, қазір олардың өзі "бұл біздікі емес екен, қайтару керек" деп мойындай бастады, өйткені 1970 жылғы ЮНЕСКО конвенциясынан кейін "құжаты жоқ затты сатып алуға болмайды" деген жаңа этика пайда болды да, музейдің абыройы коллекциясынан маңызды боп кетті.

**Ұ****ялған Германия**, 

2022 жылы Берлиндегі Гумбольдт форумында тұрған 1100-ден астам Бенин қоласын Нигерияға қайтаруға келіскенде, министрдің өзі "бұл қолалар 1897 жылы ағылшын әскері Бенин патшалығын өртегенде тоналған, олар біздің мақтанышымыз емес, біздің ұятымыз" деді және сол қолаларды арнайы ұшақпен Лагосқа апарып берді.

**Одан кейін ұялған Франция **

2021 жылы президент Макронның өзі 26 патша тағы мен мүсінді Бенинге апарып бергенде, "Африка мұрасы Африкада болуы керек, біздің музейлер отарлаудың витринасы болмауы керек" деді және 2023 жылы тағы 2000-нанастам жәдігерді қайтару туралы заң қабылдады.

Ал ұялған Бельгия болса, Конгоның тәуелсіздігіне 60 жыл толғанда, Африка музейіндегі 2000-нан астам бас сүйек пен мүсінді "біздің әкеміз ұрлаған, біз қайтарамыз" деп қайтарса, Нидерланды 2023 жылы Индонезия мен Шри-Ланкаға 478 жәдігерді, оның ішінде Ломбоктың алтын қазынасын қайтарып, "бұл әділеттілік" деді.АҚШ пен Италия да қалысқан жоқ, олар соңғы үш жылда Грекияға, Египетке, Түркияға заңсыз қазбадан шыққан мыңдаған ваза мен мозаиканы қайтарып жатыр, өйткені олардың соты "адал сатып алсаң да, ұрланған затты қайтаруға міндеттісің" деген 1995 жылғы UNIDROIT қағидасын қолдана бастады.

**Түйін **

Ренуарды ұрлаған ұсақ ұры оны сата алмайтынын біліп, тастап кетсе, Бенин қоласын ұрлаған үлкен империя оны сақтай алмайтынын біліп, қайтарып жатыр, өйткені біріншісі полициядан қорықса, екіншісі тарихтың сотынан қорықты және осы қорқыныштың аты – ұят, ал ұят оянса, сұлулық өз үйіне қайтады.

---

Опубликовано: 2026-10-10T12:54:13+05:00

Обновлено: 2026-10-10T12:54:16+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-10-urlanghan-renwar-zhaene-uyalghan-imperiyalar/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.