---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-11-boetelkeden-shyqqan-zhyn-oeltiremiz-be-kitap-oqytamyz-ba/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бөтелкеден шыққан жын: өлтіреміз бе, кітап оқытамыз ба?

![Токаев предложил запретить выселение без решения суда](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/tokaev-predlozhil-zapretit-vyselenie-bez-resheniya-suda_bizmedia-kz_.jpg)

Қазақ президенті Тоқаев оны "интернет-диктатура" және "ТикТок-менталитет" деп атады.Бұл – жай сын емес, бүгінгі қоғамдық санаға қойылған диагноз.Өйткені бүгін баламыздың санасын мектеп пен кітап емес, 15 секундтық лента қалыптастырып отыр. Сол лентада не бар? Сабын, лоторея, тез арықтататын күмәнді дәрі. 

[![Фото: Акорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/tokaev-predlozhil-zapretit-vyselenie-bez-resheniya-suda_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/tokaev-predlozhil-zapretit-vyselenie-bez-resheniya-suda_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Акорда

**Ал кітап – жоқ**

Неге жоқ? Себебі әлеуметтік желі – бөтелкеден шығып кеткен жын іспетті. Оны қайта тыға алмайсың. Жапсаң – басқа есіктен кіреді. Ал жынның табиғаты сол – ол ойландырмайды, ол ұстап тұрады. 

**Адамды не ұстап тұрады?**

Өсек пен жеңіл күлкі. Ал Абайдың бір ауыз қара сөзі керісінше – ойландырып, телефонды қойдырады. Сондықтан алгоритм оны өшіреді.Содан кейін сабын сататынның ақшасы бар, ал кітапхананың – жоқ болып шығады. Содан кейін лентамыз сабынға толып, санамыз таязданып барады.

**Ал енді не істейміз? **

Екі жол бар: жынды өлтіреміз бе, әлде кітап оқытамыз ба?Өлтіре алмаймыз. Бұл – бос әурешілік. Тыйым салған сайын ол күшейе береді.Демек, екінші жол ғана қалады – қызмет еткізу.Осы тұста Тоқаевтың ТМД басшылары алдында "ТМД-ның Алтын кітапханалық қорын" құрайық деген ұсынысы – дер кезінде айтылған дауа. Бірақ бұл қор сөреде шаң басып жатпауы керек. Ол жын шығып кеткен бөтелкенің ішіне, яғни телефонның ішіне кіруі керек.

**Қалай?**

Біріншіден, бағытты өзгерту. Егер біз сабын сатқанға емес, Абайды бір минутта түсіндірген балаға грант берсек, ертең лентаның кейпі өзгереді.

Екіншіден, мектеппен ұштастыру. "Оқылатын 100 кітап" қағаздағы тізім болып қалмай, оқушының өзі "Мен Әуезовті 60 секундта оқыдым" деп видеоға айналдырса, әлеуметтік желі сабаққа айналады

Үшіншіден, тыйым емес, үлгі. Қазақша тіл үйрететін, жақсы кинодан үзінді көрсететін, классиктерді сөйлететін бір минуттық парақшалар көбейсе, жастар өзі-ақ соған қарай бұрылады.Бөтелкеден шыққан жынды өлтіре алмаймыз. Бірақ оған "бар, сабын емес, Абайды сат" деп бұйыра аламыз.Таңдау – өзімізде.

---

Опубликовано: 2026-10-11T07:45:45+05:00

Обновлено: 2026-10-11T07:45:47+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-11-boetelkeden-shyqqan-zhyn-oeltiremiz-be-kitap-oqytamyz-ba/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.