---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-13-3-zhylda-11-zang-bala-quqyghy-qalaj-qorghalyp-zhatyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 3 жылда 11 заң: бала құқығы қалай қорғалып жатыр?

![Мужчина агрессивно держит руку женщины](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-hotyat-vvesti-v-ugolovnyj-kodeks-otdelnuyu-statyu-nasilie-v-seme.jpg)

Ақорданың хабарлауынша, Вице-президент Ерлан Қарин балалар құқығын қорғау жөніндегі президенттік бастамалардың орындалуы бойынша кеңес өткізді.

[![Фото: Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-hotyat-vvesti-v-ugolovnyj-kodeks-otdelnuyu-statyu-nasilie-v-seme-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/v-kazahstane-hotyat-vvesti-v-ugolovnyj-kodeks-otdelnuyu-statyu-nasilie-v-seme.jpg)Фото: Freepik.com

## Не істелді?

Соңғы 3 жылда балалар құқығын қорғауға бағытталған 11 заң қабылданған. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – 2024 жылы қабылданған Әйелдер құқығы мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заң. Онда зорлық-зомбылықтың барлық түріне жаза қатаңдатылып, буллинг үшін жауапкершілік енгізілді.

## Заң қалай жұмыс істеп тұр? Нәтиже бар ма?

Кеңесте келтірілген ресми дерек:Балаларға қатысты аса ауыр қылмыс 45%-ға азайғанЖыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс 10%-ға азайғанКәмелетке толмағандар жасаған қылмыс 10%-ға азайғанЯғни, жазаны қатаңдатудың алғашқы әсері байқала бастаған.

## Қоғамға әсері:

QR-код және 111 байланыс орталығыЗаң қағазда ғана емес, мектепте жұмыс істеп тұр. 2024 жылдан бастап мектептерге мемлекеттік "111" байланыс орталығының QR-коды ілінген.Осы уақытта:186 мыңнан астам хабарлама6,7 мың қоңырау түскен9 мың жағдайда білікті көмек көрсетілген73 жағдайда суицидтің алды алынғанБұл – заңның ең нақты, өлшенетін нәтижесі.Алда не бар?Президент тапсырмасымен Құрылтай депутаттары мүмкіндігі шектеулі балаларды кешенді қолдау туралы заң жобасын әзірлеп жатыр."Қазақстан балалары" тұжырымдамасы 2026-2030 жылдарға арналып іске қосылады.Ерлан Қарин бала құқығын қорғау ішкі саясаттың басымдығы болып қала беретінін айтты.

## Бақылау күшейеді:

Республикада кемінде 2 айда бір рет, өңірлерде ай сайын есеп беріледі.

---

Опубликовано: 2026-10-13T09:39:16+05:00

Обновлено: 2026-10-13T09:39:18+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-13-3-zhylda-11-zang-bala-quqyghy-qalaj-qorghalyp-zhatyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.