---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-13-agenttik-nege-kesh-qimyldady-zhaene-memleket-nege-oez-taksiin-ashpajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Агенттік неге кеш қимылдады және мемлекет неге өз таксиін ашпайды?

![Значок Taxi на автомобиле](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/agregator-taksi-indrive-i-ministerstvo-transporta-kazahstana-budut-sotrudnichat_bizmedia.kz_.jpg)

Яндекс сабағы Яндекс Go құлағанда InDrive бағаны үш есеге дейін өсірді. Екі күннен кейін БҚДА ескерту жолдады. Халық оны "жау кеткен соң қылышын тасқа шапқандай" деп бағалады. Ал "мемлекет неге өз платформасын ашпайды" деген сұраққа жауап – мемлекет аша алмайды, ал нарықта Апарудан басқа дайын ойыншы жоқ.

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/agregator-taksi-indrive-i-ministerstvo-transporta-kazahstana-budut-sotrudnichat_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/agregator-taksi-indrive-i-ministerstvo-transporta-kazahstana-budut-sotrudnichat_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

## Не болды?

11 қазанда Яндекс Go-да жаппай ақау болды. Қосымша істемей қалды. Мыңдаған жолаушы балама іздеп, InDrive-қа ауысты. Сұраныс күрт өсіп, бос көлік жетіспегенде баға шарықтады. Кейбір бағыттарда жол ақысы үш есеге дейін өскен.

InDrive-тың моделі бойынша бағаны жолаушы мен жүргізуші келіседі. Бірақ көлік жоқ кезде келісім болмайды, жүргізуші диктат жасайды.Кейін компания комиссияны минималды деңгейге түсіргенін хабарлады.

## БҚДА неге кеш қимылдады?

13 қазанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) InDrive-ға Кәсіпкерлік кодексінің 198-бабы бойынша ескерту жолдады. Хабарламада такси нарығы жоғары шоғырланған, халықаралық тәжірибеде төтенше жағдайда бағаны тежейтін тетік бар екені айтылған.

Бірақ ескерту баға шарықтаған сәтте емес, жағдай тұрақталып, Яндекс қайта іске қосылғаннан кейін келді. Себебі агенттіктің қолында бірден тоқтататын қару жоқ.Біріншіден, агрегаторды жауып тастау – БҚДА-ның құзыреті емес.

Екіншіден, заңда "төтенше жағдайда бағаны өсіруге болмайды" деген норма жоқ. InDrive-тың еркін келісім моделі заңды.

Үшіншіден, ескерту – жаза емес, алдын алу шарасы. Егер ескертуден кейін де өсірсе ғана тергеу басталады. Ал тергеу 1-2 жылға созылады.

Сондықтан халық үшін бұл "жау кеткен соң қылышын тасқа шабу" болып көрінді,  Ал агенттік үшін – келесі ақауға дейінгі белгі.

## Мемлекет неге өз платформасын ашпайды?

Осы оқиғадан кейін "мемлекеттік такси ашу керек" деген пікір көбейді. Бірақ мемлекет аша алмайды.

Заң бойынша болмайды. Мемлекеттің міндеті – бәсекені қорғау, бизнеспен бәсекелесу емес. IT-продукт өте қымбат. Яндекс пен InDrive-қа 10 жыл, миллиардтаған доллар кеткен. Саяси тәуекел жоғары. Жеке компанияда ақау болса "Яндекс кінәлі" дейді, мемлекеттік платформада ақау болса бүкіл негатив Үкіметке келеді.Сондықтан мемлекет тікелей платформа ашпай, отандық баламаны қолдауға мәжбүр.

## Нарықта Апарудан басқа кім бар?

Бүгін Қазақстанда үшінші ірі ойыншы жоқ. Дайын тұрған екі жоба ғана бар.АПАРУ – ең дайын балама. Шығыс Қазақстанда 10 жылдан бері келе жатқан отандық сервис. Өскемен – Яндекс Go-ны кіргізбей, өз платформасымен отырған жалғыз қала. Айырмашылығы: Яндекс 25-30% комиссия алса, Апаруда – бір тапсырыс үшін фиксирленген 60 теңге ғана. Ақша шетелге кетпей, бірден жүргізушіге түседі. Қазір Қызылордада "Эко такси" жобасына енгізілген, Алматыда іске қосылды. Бірақ жүргізуші саны әлі аз.BAS TAXI – жаңа ойыншы

Енді шығып келе жатқан отандық сервис. Әлі қалыптасу сатысында.Bolt, Uber сияқты халықаралық ойыншылар нарықтан кеткен.

## Түйін не?

Яндекс сабағы екі нәрсені көрсетті. Біріншіден, БҚДА-да төтенше жағдайда бағаны бірден тежейтін заңды тетік жоқ. Екіншіден, мемлекетте "Яндекс құласа не істейміз" деген В жоспары жоқ.В жоспары – мемлекеттік такси ашу емес. Дайын тұрған Апару сияқты отандық сервистерді ұлттық деңгейде, әкімдіктер мен корпоративтік тапсырыстар арқылы көтеру. Яндекс құлаған күні Апару Алматыда толық дайын тұрғанда, баға үш есе шарықтамас еді.

---

Опубликовано: 2026-10-13T09:49:30+05:00

Обновлено: 2026-10-13T09:49:33+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-13-agenttik-nege-kesh-qimyldady-zhaene-memleket-nege-oez-taksiin-ashpajdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.