---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-13-eqdb-qazaqstangha-47-oesim-berdi-uekimet-54-dejdi-ajyrmashylyqtyng-sebebi-nede/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ЕҚДБ Қазақстанға 4,7% өсім берді, Үкімет 5,4% дейді. Айырмашылықтың себебі неде?

![Наблюдается рост цен на нефть в США в связи с данными о запасах_bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/nablyudaetsya-rost-czen-na-neft-v-ssha-v-svyazi-s-dannymi-o-zapasah_bizmedia.kz_.jpg)

Халықаралық агенттіктер біздің бюджетке емес, мінезімізге баға береді. Fitch, S&P, Moody's сияқты агенттіктер қағаздағы цифрға емес, мемлекеттің дағдарыста сыр бермейтініне, реформаны соңына дейін жеткізетініне, уәдесінің беріктігіне қарайды. Бұл – бюджеттің емес, мінездің бағасы.

[![Фото: РИА Новости / Илья Питалев](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/czb-sohranyaet-prognoz-srednej-czeny-na-neft-marki-brent-v-2024-godu_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/czb-sohranyaet-prognoz-srednej-czeny-na-neft-marki-brent-v-2024-godu_bizmedia.kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Илья Питалев

## Мұнайға байланысты екі сценарий бар

Ұлттық экономика министрлігінің айтуынша, егер мұнай 50 долларға түссе, өсім 3,2%-ға дейін баяулайды. Бұл – жаман сценарий. Ал мұнай мен сыртқы нарық қолайлы болса, Үкімет 5,4% өсеміз дейді. Бұл – жақсы сценарий.Ал сырттағылар басқаша бағалайды: Еуропа қайта құру және даму банкі – 4,7% дейді, Еуразиялық тұрақтандыру қоры – 5% дейді. Неге үш түрлі сан? Себебі үшеуі үш түрлі Қазақстанды көреді.

## Үкімет қиялындағы Қазақстан – қаржысы бар Қазақстан

Ұлттық қорда 65,5 млрд доллар бар, "Бәйтерек" 8 айда 6,9 трлн теңге салды, инфрақұрылымға тағы 1,5 трлн беріледі. Логикасы қарапайым: ақша бар, демек өсеміз.

## ЕҚТҚ қиялындағы Қазақстан – жобасы бар Қазақстан

Ол сенетін дос сияқты, біздің жобаларға қарайды: Теңіз қалпына келді, құрылыс 15,3% өсті, машина жасау жүріп тұр, демек жобалар іске асса 5% болады дейді

## Ал ЕҚДБ-ның Қазақстан – тәуекелі бар Қазақстан

Ол күмәнданатын банк сияқты, тәуекелге қарайды: КТК ертең тағы тоқтай ма, Теңізде тағы апат бола ма, 3 трлн теңге тапшылықты Ұлттық қорсыз қалай жабасың деп сұрайды. Сондықтан сақтықпен 4,7% ғана береді. Осы жерде халықаралық агенттіктердің ең басты өлшемі шығады. Ол – мұнай бағасы емес, сыннан нәтиже шығара алуы.

Дүниежүзілік Банктің басқару сапасы индексінде 6 көрсеткіш бар, соның ең маңыздысы – Voice and Accountability, яғни "билік қоғамның дауысын ести ме?" деген сұрақ.

S&P, Moody's, Fitch те осыған қарайды.Егер БАҚ "Ұлттық қорды шашып жатыр" деп сынаса, ал Үкімет ертеңіне бюджет ережесін қатайтса – рейтинг өседі, себебі сыннан реформа туады.Егер БАҚ "салық реформасы талқыланбады" деп сынаса, ал Үкімет "иә, асығыс болды" деп кері шегінсе – рейтинг өседі, себебі билік еститінін көрсетеді.

Ал егер Үкімет "бәрі жақсы" деп құлақ аспаса – рейтинг түседі, себебі инвестор "бұл ел қателігін түземейді, ертең менің ақшам да күйеді" деп ойлайды. Демек, мәселе "өсеміз бе, құлдыраймыз ба?" дегенде емес. Мәселе "сынды естиміз бе, жоқ па?" дегенде. Естиміз – өсеміз. Естімейміз – ЕҚДБ-ның 4,7%-ы да арман болып қалады.

---

Опубликовано: 2026-10-13T06:56:18+05:00

Обновлено: 2026-10-13T06:56:21+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [ЕҚДБ](https://kk.bizmedia.kz/tag/eqdb/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [мұнай](https://kk.bizmedia.kz/tag/munaj/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-13-eqdb-qazaqstangha-47-oesim-berdi-uekimet-54-dejdi-ajyrmashylyqtyng-sebebi-nede/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.