---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-14-aelem-gharyshqa-100-milliard-dollar-qujdy-biz-she/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әлем ғарышқа 100 миллиард доллар құйды, біз ше?

![SpaceX успешно вывела на орбиту 23 новых спутника Starlink для глобальной сети интернет-покрытия](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/spacex-uspeshno-vyvela-na-orbitu-23-novyh-sputnika-starlink-dlya-globalnoj-seti-internet-pokrytiya-bizmedia.kz_.jpg)

Space Capital қорының есебінше, биыл ғарыш саласына салынған қаржы тұңғыш рет 100 миллиард доллардан асты.

[![Фото: Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/spacex-uspeshno-vyvela-na-orbitu-23-novyh-sputnika-starlink-dlya-globalnoj-seti-internet-pokrytiya-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/11/spacex-uspeshno-vyvela-na-orbitu-23-novyh-sputnika-starlink-dlya-globalnoj-seti-internet-pokrytiya-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Unsplash

Серпін бергені – SpaceX-тің IPO-сы. Маусымда 75 миллиард доллар тартты, жалпы құны 1,77 триллионға бағаланды. Одан кейін Blue Origin 10 миллиардтан астам, Stoke Space 1 миллиард жинады.

## Ал Қазақстанның үлесі қанша?

Ашығы – 100 миллиардтың ішінде біздің үлес 0,1 пайыздан да аз. Біз әлі қаржы салатын ел емеспіз, алаңды жалға беретін елміз.Бірақ биыл бетбұрыс болды:

**1. Қанша теңге салдық?******

Бәйтерекке – 180 миллион доллардан астам. Бұл – жердегі кешенге Қазақстан қосқан қаржы. Зымыранды Ресей жасайды. 30 жылға созылған жоба биыл тұңғыш ұшты: 30 сәуірде Байқоңырдан Сұңқар/Союз-5 көтерілді.KazSat-3R серігіне – 10,4 миллиард теңге, шамамен 22,3 миллион доллар. Үкімет шілдеде бөлді. Қазіргі KazSat-3-тің ғұмыры 2029 жылы бітеді, орнын осы алмастырады.

**Салыстырыңыз:******

 SpaceX бір күнде 75 миллиард тартса, біз 20 жылда Бәйтерекке 0,18 миллиард салдық.

**2. Әлемдік нарыққа не бердік?******

Біз нарыққа зымыран емес, орын беріп келдік. Енді өнім бере бастадық: Бәйтерек – таза ұшыру алаңы. Бұрынғы Протон улы отынмен ұшса, Сұңқар керосинмен ұшады. Әлемге ұсынысымыз – орта салмақты жүкті арзан әрі таза шығару.

Астанадағы құрастыру-сынақ кешені. Мұнда салмағы 6 тоннаға дейінгі аппарат құрастыруға болады. Әлемде мұндай орын санаулы ғана. Биыл Моңғолия, Конго, Нигерияға арналған үш серікті құрастырып, 75 миллион доллар табу жоспарда. Бұл – ғарыштағы алғашқы экспорттық табысымыз. Қазақ-қытай Di'er-5 шағын серігі – биыл орбитаға шықты.

2030-ға дейінгі жоспар – тоғыз серіктен тұратын топ: алтауы – қазақстандық. Байқоңырды жалға беруден жылына 115 миллион доллар түседі. Енді Үкімет 1747 шаршы шақырым жерді қайтарып алып, арнайы экономикалық аймақ ашпақ. Ойымыз – жалға беруден, ұшыру қызметін сатуға көшу.

## Түйін:

Әлем ғарышқа 100 миллиард құйып жатыр, себебі ол – қорғаныс, интернет, барлау. SpaceX 1,77 триллионға бағаланды – бұл енді мұнай емес, орбита экономикасы.Қазақстан әзірге – жалға беруші. Бірақ 2026 жыл – жалға берушіден өндірушіге ауысқан алғашқы жыл:Бәйтерек ұшты, құрастыру кешені шетелге сата бастады, KazSat-3R-ге қаржы бөлінді.

Осы екпінді сақтасақ, 2030-ға қарай кемі 1 пайыз коммерциялық ұшыру нарығын алуымыз мүмкін. Сақтамасақ – Байқоңыр бізде, табыс SpaceX-те кете береді.

---

Опубликовано: 2026-10-14T12:31:46+05:00

Обновлено: 2026-10-14T12:31:49+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-14-aelem-gharyshqa-100-milliard-dollar-qujdy-biz-she/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.