---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-15-ipoteka-muragerlikke-qala-ma-qaryz-kimge-oetedi-bank-ne-istej-alady-agenttik-tuesindirdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ипотека мұрагерлікке қала ма? Қарыз кімге өтеді, банк не істей алады – Агенттік түсіндірді

![Макет домика, ключи, монеты, калькулятор и кубики стоят на столе, ипотеку](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kazahstanczy-prodolzhayut-brat-ipoteki-po-programme-7-20-25_bizmedia.kz_.jpg)

Қарыз алушы қайтыс болса, ипотека жабылмайды. Үймен бірге қарыз да мұраға өтеді, бірақ мұрагер шексіз жауап бермейді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 6 айлық мерзім, кепілдің тағдыры және банк қашан мерзімінен бұрын жабуды талап ете алатынын түсіндірді.

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kazahstanczy-prodolzhayut-brat-ipoteki-po-programme-7-20-25_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/kazahstanczy-prodolzhayut-brat-ipoteki-po-programme-7-20-25_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

Ипотека алғанда көбі тек пайыз бен төлем кестесін ойлайды. Бірақ заңда жазылған басты қағида басқа – мұраға мүлік қана емес, құқықтар мен міндеттер де кіреді. Сондықтан қарыз алушы қайтыс болды деген факт ипотеканы автоматты түрде тоқтатпайды. Кепілдегі пәтермен бірге міндеттеме де мұрагерлерге өтеді және олар мұра қабылданғаннан кейін ортақ борышкерге айналады.

## Мұрагер қанша төлейді және кепіл сақтала ма

Мұндағы ең маңызды шектеу – мұрагердің жауапкершілігі шексіз емес. Банк талапты өсиетті орындаушыға немесе тікелей мұрагерлерге қоя алады, бірақ әр мұрагер тек өзіне өткен мұраның құны көлемінде ғана жауап береді. Мұрадан артық төле деп талап етуге болмайды. Ал кепілдің өзі сақталады, қарыз толық жабылғанға дейін күшінде қалады. Егер мұрагерлер мұраны алып, бірақ құқықты тіркеуден жалтарса, кредитор сот арқылы мәжбүрлеп тіркетуге құқылы, ал кепілді өндіріп алу әр нақты жағдайда заңға және шарт талаптарына қарай жеке шешіледі.

## Мұрагер болмаса не болады

Егер өсиет бойынша да, заң бойынша да мұрагер болмаса немесе барлығы мұрадан бас тартса, мүлік иесіз деп танылып, коммуналдық меншікке өтеді, бірақ бұл да қарызды жоймайды, кредитор өз талабын заңды тәртіппен қоя алады.

Банк "толық жап" дей ала ма және 6 айлық мерзім Мұраны қабылдаудың жалпы мерзімі – мұра ашылған күннен 6 ай және осы кезеңде банк мұрагерлер шеңберін анықтап, сыйақы, өсімпұл мен айыппұл есептеуді тоқтата тұру мәселесін қарауы керек, ал 6 айдан кейін мұра қабылданса, төлем бұрынғы кесте бойынша жалғасады. Бұл ретте тек өлім фактісінің өзі банкке ипотеканы мерзімінен бұрын толық өндіруге құқық бермейді, мұндай талап тек заңда немесе шартта жазылған жағдайда ғана қойылады. Ал қоса қарыз алушы болса, оның міндеттемесі шартта жазылған көлемде сақталады, кепілгерлік пен кепілдік негізгі қарыз тоқтағанда немесе заңда көзделген өзге жағдайда ғана тоқтатылады.

---

Опубликовано: 2026-10-15T07:59:38+05:00

Обновлено: 2026-10-15T07:59:41+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-15-ipoteka-muragerlikke-qala-ma-qaryz-kimge-oetedi-bank-ne-istej-alady-agenttik-tuesindirdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.