---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-15-qqs-oesti-byudzhet-oespedi-ulttyq-qorgha-qol-saldyq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚҚС өсті, бюджет өспеді: Ұлттық қорға қол салдық

![Калькулятор и клавиатура, НДС](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/na-kakom-etape-nahoditsya-rabota-po-peresmotru-stavki-nds-v-kazahstane_bizmedia.kz_.jpg)

Кеше Мәжілісте депутат Ольга Перепечина біз айтып жүрген қауіпті тура айтты.

[![Фото: xb100 / Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/na-kakom-etape-nahoditsya-rabota-po-peresmotru-stavki-nds-v-kazahstane_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/na-kakom-etape-nahoditsya-rabota-po-peresmotru-stavki-nds-v-kazahstane_bizmedia.kz_.jpg)Фото: xb100 / Freepik

НДС 12%-дан 16%-ға көтерілді. Үкімет «қазынаға қомақты қаржы түседі» деді. Бірақ Жоғары аудиторлық палатаның қорытындысы керісінше: күткен табыс жоқ.

Депутаттың сөзі: «2027 жылға жоспарланған 2,8 трлн теңге өсім – өсім емес. Биыл жетпей қалған ақшаның орнын толтыру ғана».

## Салықты көтергенмен, түсім көбеймеді. Неге?

Себебі тізбек үзіліп тұр. Мемлекет 16,4%-бен қарыз алады. Банк кәсіпкерге ақша бермейді. Кәсіпкер істі тоқтатады. Сауда азаяды. НДС-ты кімнен аласың? Алатын ешкім жоқ. Салықтың пайызы өсті, бірақ салық салынатын базаның өзі кішірейіп кетті.

Халықтың мойнындағы несие – 26,1 трлн, өсімі – 20,3%. Халық қарызбен күн көріп отырғанда, одан қандай салық жинайсың?

## Ұлттық қорға қол создық

Сәуірде вице-премьер Жұманғарин Вашингтонда үштік рейтинг агенттіктеріне – S&P, Moody's, Fitch-ке есеп берді: «2026 жылы алғаш рет нысаналы трансферттен бас тарттық, енді тәртіпке көштік» деп.

Арада жарты жыл өтті. 2027 жылдың бюджетіне қайтадан Нацфондтан 2 трлн теңге салынып отыр.

## 2 трлн қайда жұмсалады?

Тізім жоқ, өлшем жоқ, негіздеме жоқ. Жолға, суға, байланысқа дейді. Бірақ қай жол, қай ауыл, қандай қайтарым – ештеңесі көрсетілмеген. Мемлекеттік инвестиция жобаларының портфелі бекітілмей жатып, ақшасы бөлініп кеткен».

## Бұл нені аңғартады?

Елімізде қос рента қатар жүр:Қаржы рентасы: 2,6 трлн-ды 16%-бен сырттан алып, жылына 416 млрд-ын сыйақыға төлеп отырмыз. Мұнай рентасы: Түспей қалған салықтың орнын Нацфондтан 2 трлн алып жамап отырмыз.

Екеуі де өндірістен келген табыс емес. Екеуі де қағаздағы ақша. Бірі – қағаз әкелген шетелдікке кетеді, екіншісі – қағазы жоқ, тізімі жоқ жобаларға кетеді. Қорытындысы – бюджеттің тесігі ұлғая береді. НДС көтерілді, қазына толмады.

Мұнай дәуірінде жер астындағы байлықты сатып, ақшаны Ұлттық қорда жинадық. Қаржы дәуірінде керісінше – кері алып,  қағаздың пайызын төлеп жатырмыз. Сондықтан 2,6 трлн – тек Ұлттық Банктің ғана емес, бүкіл бюджеттің сынағы.

## Қысқа ақша кеткенде артында не қалады?

416 млрд қарыз және тізімі жоқ 2 трлн жоба ғана.

---

Опубликовано: 2026-10-15T05:51:22+05:00

Обновлено: 2026-10-15T05:51:24+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-15-qqs-oesti-byudzhet-oespedi-ulttyq-qorgha-qol-saldyq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.