---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-16-toqaevtyng-baku-sapary-qazaq-munajy-ueshin-ne-oezgerdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаевтың Баку сапары: қазақ мұнайы үшін не өзгерді?

![Тоқаевтың Баку сапары: қазақ мұнайы үшін не өзгерді?](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/tokae-i-aliev.jpg)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 қазан күні Бакуде өткен АӨСШК VII саммитінде сөз сөйледі.

[![Фото: Акорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/tokae-i-aliev-1200x675.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/tokae-i-aliev.jpg)Фото: Акорда

Бұл – жай ғана жиын емес, қазақ мұнайының жаңа бағыты туралы келіссөз болды. Саммитте не айтылды?

## Президент мінберден төрт мәселе көтерді. Бірақ барлығы Каспийге тіреледі

**1. Мұнай тасымалы** ****

Ең бастысы – осы.Тоқаев ашық айтты:

> "Қазақстан Әзербайжанмен бірге Баку – Тбилиси – Джейхан құбыры арқылы мұнай тасымалын арттырады".

Бұл сөздің астары бар. Бүгін қазақ мұнайы Актаудан танкермен Бакуге жетіп, одан құбырмен Түркияның Жейхан портына шығады. Бұл бағыт 2024 жылы іске қосылды. Алғаш 1,5 млн тонна деп келіскен, кейін 2,2 млн тоннаға дейін көбейтуге уағдаласқан. Тек биылғы шілдеде ғана 155 мың тонна жөнелтілді.

**2. Су мәселесі******

Президент Азияда су тапшылығы күшейгенін айтып, АӨСШК жанынан Су серіктестігін құруды ұсынды.

**3. Цифрлық байланыс******

Екі ел арасында Каспий түбімен тартылған интернет кабелі тамызда салынып бітті. Енді Еуропа мен Азия арасындағы дерек біз арқылы өтеді.

**4. Сауда.******

Тоқаев пен Әлиев тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізуге келісті.

## Біздің мүдде ескерілді ме?

Иә, ескерілді. Бұрын Баку үшін қазақ мұнайы – тек транзит ақысы болатын. Қазір ұстаным өзгерді. Баку бізді клиент емес, серіктес көріп отыр. Олар да Қазақстан арқылы өздерін энергия хабына айналдырғысы келеді. Баку бағыты КТК-ға балама бола ма? Болады, бірақ қазір алмастырмайды, толықтырады.

Шындық – қазақ мұнайының 80 пайызы әлі КТК арқылы Новороссийскіге кетеді. Ол – арзан, бірақ тәуекелі жоғары жол.Ал Баку бағыты – қымбат, бірақ қауіпсіз жол. Қазіргі 2,2 млн тонна – КТК-мен салыстырғанда аз. Бірақ Тоқаевтың оны халықаралық мінберден айтуы – саяси сигнал: "Бізде балама бар".

## Түйін:

Баку сапары – бір оқпен үш қоян ату. Мұнайға – жаңа жол,энергетикаға  – жаңа нарық, интернетке – жаңа кабель. Үшеуі де Ресейді айналып өтеді.

---

Опубликовано: 2026-10-16T08:33:39+05:00

Обновлено: 2026-10-16T08:49:44+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-16-toqaevtyng-baku-sapary-qazaq-munajy-ueshin-ne-oezgerdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.