---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-16-uekimet-nege-oez-kaesipkerine-emes-syrttyng-kaesipkerine-qarajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үкімет неге өз кәсіпкеріне емес, сырттың кәсіпкеріне қарайды?

![Микро и малый бизнес Казахстана начнут новый год «с чистого листа»](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/12/screenshot-2025-12-23-at-13-42-44.jpg)

Үкімет есеп берді: 9 айда құйылған қаржы 16,1 мың миллиард теңге. Сырттан келгені 9,4 миллиард доллар. Бірақ осы 16 мыңның 85,7 пайызы – кәсіпкердің өз қалтасы. Банк берген ұзын ақша – небәрі 5,6 пайыз. Үкімет неге өз кәсіпкерін емес, сырттың кәсіпкерін жағалап жүр?

[![Фото: mindandi / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/12/screenshot-2025-12-23-at-13-42-44-1024x620.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/12/screenshot-2025-12-23-at-13-42-44.jpg)Фото: mindandi / Freepik.com

## Цифр не дейді?

Өз күшімен күн көру – 85,7%. Бұл өсім емес, амалсыздық. Ақша жоқтан кәсіпкер өзін-өзі асырап отыр.

Банк сенімі – 5,6%. Бұл – елдегі банк жүйесінің ШОБ-қа деген нақты бағасы. Қазына үлесі – 21,5%-дан 14%-ға түсті. Қазына тартылып барады.

Сырттан тікелей – 9,4 млрд доллар. Өсім бар, бірақ ол – іріге ғана.

Неге өз банкі 5,6% ғана береді? Жауап – Ұлттық қоржын мен Үкіметтің арасындағы қайшылықта.

2. Бірінші себеп: Ақшаның бағасыӨз банк – 18-22 пайызбен, 2-3 жылға береді.

Сыртқы қор – 3-6 пайызбен, 15-20 жылға береді.

## Үкіметке не керек?

Жол, жарық, зауыт. Оған ұзын, арзан ақша керек. Өз банкі оны бере алмайды. Себебі Ұлттық қоржынның ақысы – 16,25%. Бұл ақы тұрғанда банк арзан бере алмайды.

Ал шетелдікке Қазақстан – табыс көзі. Олар біздің қазына қағазын 16 пайызбен алып, сыртқа 6 пайызбен әкелген ақшасын 10 пайыз таза пайдамен айналдырып отыр. Жыл басынан бері олардың қазақ қағазындағы үлесі 1,9-дан 2,7 мың миллиардқа өскен. Осы – соның дәлелі.

3. Екінші себеп: Ақшамен бірге не келеді?Өз кәсіпкері ақша салады, болды. Шетелдік ақшамен бірге үш нәрсе әкеледі:

а) Қондырғы

ә) Басқару

б) Сыртқы базарға жолҮкіметке есеп беру үшін "зауыт салынды, технология келді" дегені керек. Өз кәсіпкері ондайды әкеле алмайды.

## Үшінші себеп: Ең ащысы – тәуелсіз сарапшы не дейді

Halyk Finance сарапшылары: "Мәселе сыртта емес, іште" дейді.Үкіметтің өзі екі жерден қателеседі:

а) Қазынаны шашады. Биыл жоспардан 2,5 мың миллиард артық шашылды. Ұлттық қордан 5,3 мың миллиард алынды. Қазына шашса, баға өседі. Баға өссе, Ұлттық қоржын ақыны көтереді.

ә) Өзі бәсекелес. Банк 20 пайызбен бергісі келеді. Ал "Бәйтерек" 6 пайызбен береді. Қай кәсіпкер банкке барады? Бармайды. Сөйтіп мемлекет өзі нарықты өлтіріп отыр. Осы екі қате тұрғанда, өз кәсіпкері өспейді. Өспеген соң Үкімет "өз кәсіпкерім әлсіз" деп сыртқа жүгіреді.

Түйін: Парадокс емес, таңдауҮкімет сыртқа көз салады, өйткені іштегі жүйені түзету ауыр. Ішті түзету үшін қазынаны қысқарту керек, Бәйтеректі тыйю керек, қорды жабу керек. Бұл – ауыр, танымал емес шешім. Сырттан әкелу – оңай, жарқын. Лента қиюға болады. Сөйтіп, ақша көп, бірақ ШОБ-ға ұзын ақша жетпейді. 16 мың миллиард бар, бірақ 5,6 пайыз ғана ұзын.Бұл – сыртқа сенім, ішке сенімсіздік.

---

Опубликовано: 2026-10-16T09:29:20+05:00

Обновлено: 2026-10-16T09:29:23+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-16-uekimet-nege-oez-kaesipkerine-emes-syrttyng-kaesipkerine-qarajdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.