---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-16-yandeks-oeship-qalsa-ne-bolady-bir-aqau-aeshkerelegen-shyndyq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Яндекс өшіп қалса, не болады? Бір ақау әшкерелеген шындық

![Яндекс меняет своего владельца_bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/yandeks-menyaet-svoego-vladelcza_bizmedia.kz_.jpg)

Яндекс сервистерінің, әсіресе Yandex Go-ның ауқымды ақауы елдің шетелдік цифрлық инфрақұрылымға қалай байланғанын әшкереледі. Бұл жай такси шақыра алмау емес, мемлекеттік деңгейдегі цифрлық егемендік мәселесі.

[![Фото: РИА Новости/Владимир Песня.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/yandeks-menyaet-svoego-vladelcza_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/yandeks-menyaet-svoego-vladelcza_bizmedia.kz_.jpg)Фото: РИА Новости/Владимир Песня.

Бұл ақаудың артындағы ащы шындықтың өзегі мынада:

## Әшкереленген шындық:

Дерек үйде, бірақ миы сырттаЗаң бойынша отандық пайдаланушылардың жеке дерегі ел аумағындағы серверлерде сақталады. Бірақ бұл ақау басқа шындықты көрсетті.Инфрақұрылымдық тәуелділік сақталған. Дерек базасы Қазақстанда болғанымен, қосымшаның жүрегі саналатын есептеу қуаты, алгоритмдер мен негізгі компоненттер сырттағы дата-орталықтарға байланған.

Сыртқы фактор ішкі тіршілікті тоқтатады. Шетелдегі орталық істен шықса, Қазақстандағы оқшауланған сервер дербес жұмыс істей алмай қалады. Қойма осында, кілті өзге елде.

## Яндекс мүлде өшіп қалса, не болады?

Егер жүйе ұзаққа немесе біржола тоқтаса, салдары тұрмыстық деңгейден асып түседі. Көлік коллапсы және логистиканың тұралауы. Халықтың басым бөлігі күнделікті қатынас үшін осы сервиске тәуелді. Ол өшсе, балама платформаларға шамадан тыс салмақ түсіп, баға күрт өседі. Курьерлік желі де тоқтайды.Табыстың азаюы. Жүйеге тіркелген мыңдаған жүргізуші мен курьер бір күнде табыс көзінен айырылады.

Бизнестің шығыны. Яндекс экожүйесіне – карта, іздеу, бұлт, жарнамаға байланған жүздеген шағын және орта бизнес клиенті мен басқару құралын жоғалтады

## Мемлекет қандай қорытынды шығаруы керек?

Бұл мәселе енді Парламент пен Қауіпсіздік Кеңесі деңгейінде талқылануы керек. Екі бағыт бар.

Бірінші – тексеріс және талап. Депутаттар мен министрлік жеке деректің трансшекаралық тасымалын тексеріп қана қоймай, такси, карта, төлем сияқты маңызды сервистерді сындарлы инфрақұрылым деп танып, олардан ел ішінде толық резерв талап етуі керек.

Екінші – баламаны дамыту. Жауапты ведомстволар нарықтағы өзге платформалардың орнықтылығын арттырып, жүктемені бөлуі керек. Бұл – отандық IT үшін мүмкіндік терезесі.

Түйін: Бұл ақау – Қазақстанға жіберілген үлкен сигнал. Бізге "бәріміздікі болсын" деген  сигнал.

Яндекс сабағы: Тәуелсіздік шекарада емес, серверде басталады. Соңғы ақау бір нәрсені анық көрсетті: біз Яндекске тек таксиді емес, өміріміздің 6 түйінді жүйесін беріп қойыппыз.

**1. Картадағы егемендік**

Біздің үй, көше, зауытқа баратын жол – бәрі Google, Yandex, 2GIS серверінде. Ұлттық геопорталымыз жоқ

**2. Хаттағы егемендік**

Мемлекеттен бастап, әскерге дейінгі сөйлесу – WhatsApp пен Telegram-да. Өз мессенджеріміз – Aitu әлі әлсіз.

**3. Бұлттағы егемендік**

Банк, маркетплейс, министрліктердің бір бөлігі – Amazon, Microsoft, Google бұлтында отыр. Шетел бұлты өшсе, төлем тоқтайды.

**4. Төлемдегі егемендік**

Ішкі QR бар, бірақ халықаралық төлем – түгел Visa/Mastercard-та. Ресейде олар өшкенде карта кірпішке айналғанын көрдік.

**5. Телефондағы егемендік**

Google Play мен App Store қалаған қосымшаны өшіре алады. eGov пен Kaspi-ді store-дан алса, 20 млн адам жаңарта алмай қалады.

**6. Мидағы егемендік**

Біздің студент, шенеунік бәрі ChatGPT мен Алисадан сұрайды. Олар қазақша ойламайды. Ертең олар тарихты бөтен нарративпен айтса, біз соны шын көреміз. Шешім – бәрін жабу емес.

Шешім – әр салада бір ұлттық резерв жасау:

- Картада – ұлттық геопортал
- Хатта – Aitu-ны күшейту
- Бұлтта – Ұлттық бұлт

Төлемде – Ұлттық төлем жүйесіМида – қазақша оқыған өз LLM-іміз. Дерек – ел ішінде. Резерв – ел ішінде. Бәсеке – нарықта.

---

Опубликовано: 2026-10-16T08:57:19+05:00

Обновлено: 2026-10-16T08:57:21+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-16-yandeks-oeship-qalsa-ne-bolady-bir-aqau-aeshkerelegen-shyndyq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.