---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-17-arzan-benzinning-qymbat-shyghyny-qarzhyger-ghalym-husajynov-ne-dejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Арзан бензиннің қымбат шығыны: қаржыгер Ғалым Хұсайынов не дейді?

![Автозаправочная станция](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/eksperty-rasskazali-kak-silno-mozhet-podorozhat-benzin-v-kazahstane_bizmedia-kz_.jpg)

Қазақстан арзан бензин деп жылына 150 миллиард теңгеден қағылып отыр. Қаржыгер Ғалым Хұсайыновтың есебі осындай. Оның айтуынша, біз өзіміздің жүргізушіні емес, көршінің жүк көлігін азықтандырып отырмыз.

[![Фото: РИА Новости / Константин Михальчевский](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/eksperty-rasskazali-kak-silno-mozhet-podorozhat-benzin-v-kazahstane_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/02/eksperty-rasskazali-kak-silno-mozhet-podorozhat-benzin-v-kazahstane_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Константин Михальчевский

Ғалым Хұсайынов : тұтынушы ретінде арзан болғанға мүдделімін, бірақ елдің қамы үшін дұрысы – нарық бағасы.

**Неге? **

Өйткені бүгін АИ-92 бізде көршілерден әлдеқайда арзан. Ресейде 1,6 есе, Қырғызстанда 2 есе, Өзбекстанда 2,5 есе қымбат. Дизельдің айырмасы – 1,3-1,6 есе.Осы алшақтықтан ел екі жерден шығынға батып отыр.

Бірінші – заңды жолмен кететін жанармай. Жылына елімізден 4 миллион көлік шығады, соның 1,5 миллионы – жүк көлігі. Жеңіл көлік 50 литр алып кетсе, ауыр жүк көлігі 600-1000 литр алып кетеді. Ең аз дегенде есептегенде де жылына 1 миллиард литр, яғни 850 мың тонна жанармай сыртқа кетеді. Қазіргі бағамен бұл – 150 миллиард теңге. Қазақстанда жасалған жанармай шетелде жағылады.

Екінші – көлеңкелі жолмен кететін жанармай. Шекарадағы ұсақ бекеттерде қосалқы багі бар көліктер күніне бірнеше қатынайды. Қаржылық мониторинг агенттігінің өзі мұндай «сұр» тасымал айына 10 мың тоннаға жеткенін айтады.Бұдан басқа үш жасырын шығын бар:

**Өңдеуден түсетін пайдадан қағыламыз. **

Арзандықты ұстау үшін ішкі мұнай бағасы қолдан арзан ұсталады. Мұнайдың көбін шетелдік компаниялар қазып жатқандықтан, оларға ішкі нарыққа сатқан тиімсіз. Жаңа зауыт салынбайды. Сөйтіп, Қазақстан Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстанға жанармай сатып, пайда табатын нарықтан қағылып отыр.

• Әуе хабы бола алмай отырмыз. Ел жылына 1,1-1,2 миллион тонна ұшақ жанармайын жағады, ал өз зауыттарымыз 2025 жылы 720 мың тонна ғана берді. 30-35 пайызын Ресей мен Беларусьтан сатып аламыз. Өз жанармайы жоқ елге жүк ұшағы қонбайды. Олар қайда арзан, қайда бар кепілдік бар, соны таңдайды. 2026 жылдың басында шетелдік тасымалшыларға бағаны 1200 доллардан 1000 долларға түсіру – дұрыс қадам, бірақ ресейлік зауыттар тоқтаса, біз де тоқтаймыз.3. Қаламыз тұншығып барады. Арзан бензин, арзан тұрақ, аз айыппұл – көлікті көбейтеді. Көлік көбейсе, кептеліс көбейеді. Кептелістегі әр сағат – істелмеген жұмыс, табылмаған табыс.

**Қаржыгер неден сақтандырады?**

Хұсайынов тәуекелді жасырмайды: дизель қымбаттаса, тасымал қымбаттап, азық-түлік қымбаттайды. Ауылдағы ағайынға қиын болады. Бірақ ол сұрақ қояды: қырғыз бен өзбек, орыстың кәсіпкері қымбат жанармаймен қалай күн көріп отыр? Күн көреді. Өйткені экономика бейімделеді. Мұнайы жоқ Грузияда АИ-95 1,5 доллар, бізден екі есе қымбат.Сондықтан оның ұсынысы: бағаны нарыққа жіберу керек, бірақ алдымен әлеуметі әлсіз топқа атаулы көмекті ойластыру керек. Бүгін желге ұшып жатқан 150 миллиардты жасырын субсидияға емес, нақты мұқтажға және жаңа зауытқа жұмсаған жөн.

---

Опубликовано: 2026-10-17T08:26:01+05:00

Обновлено: 2026-10-17T08:26:04+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Авто](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/avto/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/), [Өмір салты](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-17-arzan-benzinning-qymbat-shyghyny-qarzhyger-ghalym-husajynov-ne-dejdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.