---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-17-baghany-qoldan-tezheu-bitti-me-98-dan-93-gha-dejingi-dinamika-neni-koersetti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бағаны қолдан тежеу бітті ме? 9,8%-дан 9,3%-ға дейінгі динамика нені көрсетті

![Тариф налоги и цены](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-accountant-hands-counting-calculator.jpg)

Ресми статистика тамызда жылдық инфляция 9,8%-ға баяулады деді. Қыркүйекте ол 9,3% болды. Айлық өсім – 0,6%. Бір жыл бұрын дәл осы айда инфляция 12,9% еді.Сан түсті, бірақ сөредегі баға түскен жоқ. Себебі бұл – бағаның түсуі емес, бағаны ұстап тұру саясатының формасын өзгертуі.

[![Фото: katemangostar / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-accountant-hands-counting-calculator-1024x683.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-accountant-hands-counting-calculator.jpg)Фото: katemangostar / Freepik.com

Отыз жыл бойы мемлекет бағаны үш тіреумен ұстап келді: салық, тариф, көлеңкеге көз жұму. Енді салық – фискалдық жұмақ бітті. 15 жыл бойы корпоративтік салық 20% болды. Салдары – мұнайсыз тапшылық 3,5 трлн теңгеден асты. 2026 жылғы жаңа Салық кодексі бюджетті ішкі тәртіппен толтыруға көшті: 20 АЕК-тен (78 мың теңге) асқанда шотқа инкассо, 45 АЕК-тен асса мүлікке тыйым. Бұл – жаза емес, "нөлдік төзімділік".Жеке табыс салығы сараланды: 33,5 млнға дейін – 10%, одан жоғары – 15%. Бұл – Шумпетерше "жасампаз жою". Қысқа мерзімде бағаға қосылады.

• **Тариф – қарызды қайтарып жатырмыз**

Қыркүйекте азық-түлік 0,1%-ға арзандады, бірақ жылдығы 8,5% қымбат. Бұл – табиғаттың дефляциясы.Ал "жеке инфляция" қызметтерде: қыркүйекте газ – 20%-ға, пәтер жалдау – 19,3%-ға қымбаттады. Бұл – "Тарифті инвестицияға айырбастаудың" төлемі. 30 жыл арзан ұстадық, енді қарызын төлеп жатырмыз.Неліктен 9,3% болды? Өйткені Үкімет 16қазаннан ТКШ тарифіне мораторий енгізді. Яғни "тежемеймін" деген саясат қайта "тежеймін" болып өзгерді. Бұл нарықтық баланс емес – басқарылатын баланс.

• **Көлеңкеден шығудың құны**

Бірыңғай QR екі айда 20 млн транзакция, 400 млрд айналым жасады. Әр теңге көрінеді. Бизнес үшін бұл – жаңа касса, жаңа софт. Қыркүйекте азық-түлік емес тауар 1,1%-ға өсті – ашықтық үшін төленетін баға.Ұлттық банк не істеп жатыр?Оның тетіктері сұранысты өлтіреді, ал біздің инфляция шығыннан. 2025 қыркүйектегі 12,9% үшін базалық мөлшерлеме 18%-ға дейін көтерілді. 2026-да Ұлттық банк 7 айда жүйеден 2,4 трлн теңге сорып алды. Бұл – бизнестің несиесін қымбаттату арқылы инфляцияны салқындату.Сондықтан статистикада 9,3% көреміз, өмірде қымбатшылықты көреміз.

**Пәрмені қандай?**

9,8%-дан 9,3%-ға түсу – жеңіс емес, келісімшарттың өзгеруі. Мемлекет енді бағаны мұнаймен, арзан тарифпен, көлеңкемен тежемейді. Бірақ толық жібере де алмайды – мораториймен қайта ұстайды. Бұл – "қымбат, бірақ адал" емес, "қымбат, бірақ әзірге ұсталып тұрған" кезең. Теңгерімсақталса – ертеңгі тұрақтылық. Сақталмаса – тек қымбатшылық қалады.

---

Опубликовано: 2026-10-17T08:21:29+05:00

Обновлено: 2026-10-17T08:21:33+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Басқалары](https://kk.bizmedia.kz/basqalary/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-17-baghany-qoldan-tezheu-bitti-me-98-dan-93-gha-dejingi-dinamika-neni-koersetti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.