---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-17-dollar-salymdaryna-zhol-ashyldy-25-degenimiz-tabys-pa-zhem-be/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Доллар салымдарына жол ашылды: 2,5% дегеніміз – табыс па, жем бе?

![Доллар](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/screenshot-2026-06-07-at-09-26-25.jpg)

1 қазаннан бастап долларлық салымға 2,5% береді. Он жыл бойы 1%-дан аспаған меже алғаш рет көтерілді. Сырт көзге – долларшыларға жасалған жеңілдік. Ішіне кірсең – он жылдық қатаң тәртіптің қорытындысы.

[![Фото: pvproductions / Magnific](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/screenshot-2026-06-07-at-09-26-25-1024x590.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/screenshot-2026-06-07-at-09-26-25.jpg)Фото: pvproductions / Magnific

**Бұл қалай басталды?**

2015-2016 жылғы девальвациядан кейін халық банкке сенбей, ақшасының 80%-ын долларға кетірді. Сонда Ұлттық банк қолдан тежеді: долларға – 1% төбе, теңгеге – 20% жол.Уақытша деп қойған шектеу 10 жылға созылды. Бірақ ойнап кетті. Долларлану 80%-дан 19,2%-ға түсті. Бұл – тарихтағы ең төменгі деңгей. Халық ақшасының 85%-ы қазір теңгеде жатыр. Елдегі 50,9 трлн теңге салымның 41,2 трлн-ы – ұлттық валютада. Жаңадан ашылған салымның 94,5%-ы да теңгемен ашылуда.Қолмен ұстап тұрған тепе-теңдік осы. Ұлттық банк осы тепе-теңдікті шашып алмас үшін, босаңсытар алдында екі бүйірін қымбаттатып алды.

**Босаңсытар алдында не істеді?**

Біріншіден, бағамды бекітті. Жыл басынан бері теңге 12%-ға нығайды, нарықтағы үрей басылды. 19,2% деген жастық – босаңсытуға болатын қауіпсіз жастық.Екіншіден, есікті қымбаттатты. Қыркүйектен бастап банк әкелген әр 100 долларының 15 долларына тең теңгені Ұлттық банкке пайызсыз жатқызуы керек. Теңгеге бұл талап – 5% қана. Яғни доллар әкелу – үш есе қымбат.Үшіншіден, сатар жерін жауып алды. Заң бойынша жеке адамға доллармен қарыз беруге болмайды. Долларлық несиені тек сыртқа тауар сатып, доллар табатын кәсіпорын ғана алады.Тартуды қымбаттатып, сатуды жауып алып, содан кейін ғана есікті ашты.

**Ал 1 қазаннан кейін не өзгерді****?**

Көп адам "бәрі 2,5% болды" деп ойлайды. Олай емес.Өзгергені – тек бір өнім:Тек жинап, ұзаққа салатын салым,Тек 12 айдан асатын мерзімге,Тек жеке адамдарға,Тек 1 қазаннан кейін жаңадан ашылған немесе қайта ұзартылған салымға.Қалғаны – мерзімді, мерзімсіз, 12 айға дейінгі жинақ салымның бәрі бұрынғыдай 1%-да қалды.Және ең маңыздысы – 2,5% міндет емес, төбесі ғана. Банк қаласа 0,8%-да қалдыра береді. Қазір нарықтағы жағдай сол – банктер әлі 0,8-1% беріп отыр. Ұлттық банк өкілі Ақылжан Баймағамбетовтің өзі "нақты ұсыныс қазанның аяғына қарай шығады" деді.Сондықтан бұл – жол ашылды деген аты ғана.

**Бұл нені білдіреді? Неге банкке тиімсіз?**

Қаржыгер Рамазан Досовтың сөзімен айтсақ, долларлық салым банкке табыс емес, шығын.Есебі мынау: банк 100 доллар тарту үшін 15 долларына тең теңгені Ұлттық банкке кепілге береді. Ол теңгені банк нарықтан 16,25%-бен қарызға алады. Сөйтіп қалтасынан 6-7 доллар шығарып, салымшыға 2,5 доллар береді. Ал жиналған долларды беретін адамы жоқ – сатар нарығы тар.Қымбатқа алып, арзанға сататын тауарды кім таласады?Сонда 10 жылда кім ұтты?Осы тұста "10 жыл үй қамақта отырған доллар неден ұтты, неден ұтылды" деген сұрақ туады.Есеп қарапайым: 2015 жылы 300 теңге болған бағам бүгінде 442 теңге. 10 мың долларды алсақ, долларда 1%-бен 10 жыл тұрса – 11 046 доллар, теңге шаққанда 5,9 млн теңге, өсім – 1,9 есе.Ал сол кездегі 3 млн теңгені теңгеде орташа 14,7%-бен ұстасаң – 11,8 млн теңге, өсім – 3,9 есе. Тең бастан бастағанда теңге екі есе ұтқан.Сарапшы Алмас Чукин айтқандай, дәл осы есеп 2,5% неге таңдалғанын түсіндіреді. Бұл – табыс көзі емес, үйде жатқан долларды банкке әкелуге ілінген жем ғана.

Түйін: бару керек пе?

Теңгедегі салымның төбесі қазір 19,6%. Доллардағы 2,5%-дан 8 есе көп.Кепілдігі бөлек: теңгедегі жинақ салымды мемлекет 20 млн теңгеге дейін қорғайды, доллардағыны – 5 млн теңгеге дейін ғана.Бағам – тәуекел. 2025 қазанда 549 теңге болған доллар, 2026 қыркүйек соңында 442 теңгеге түсті.Сондықтан бұл – долларға көшіңдер деген шақыру емес. Он жыл қолмен ұстап тұрған тепе-теңдікті енді жайлап жіберу.Есік ашылды. Бірақ төрге шақырған жоқ.

---

Опубликовано: 2026-10-17T08:23:11+05:00

Обновлено: 2026-10-17T08:23:15+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-17-dollar-salymdaryna-zhol-ashyldy-25-degenimiz-tabys-pa-zhem-be/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.