---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-17-zhumangharinning-zhumbaghy-16-pajyzdyq-qqs-qazynany-nege-toltyrmady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жұманғариннің «жұмбағы» 16 пайыздық ҚҚС қазынаны неге толтырмады

![Калькулятор и блокнот с ручкой, налоги](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/10/nalogi-kakie-izmeneniya-zhdut-kazahstanczev-s-2026-goda_bizmedia-kz_.jpg)

Қаржы министрлігі тоғыз айда кіріс жоспары 99,96 пайызға орындалды деп есеп берді, бірақ ішін ашсаң, үкіметтің басты бәсі болған ҚҚС-тан 686 млрд теңге кем түскен. Мөлшерлемені 12-ден 16 пайызға көтеріп, «жылына 2,4 трлн қосымша түседі, Ұлттық қордан алуды доғарамыз» деген жоспар іске аспады.

[![Фото: unsplash.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/10/nalogi-kakie-izmeneniya-zhdut-kazahstanczev-s-2026-goda_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/10/nalogi-kakie-izmeneniya-zhdut-kazahstanczev-s-2026-goda_bizmedia-kz_.jpg)Фото: unsplash.com

Экономистердің айтуынша, бұған ҚҚС-тың қайтарылуы, импорттың саябырлауы, бизнестің бейімделуі және жоспардың тым жоғары болуы себеп. Ал тапшылықты жапқан – жер қойнауы мен кеденнен артық түскен ақша. Сөйтіп, бір қалтадан кемігенді екінші қалта жапты.

**Қағазда мінсіз, ішінде саңылау**

Министрлік мәліметі: тоғыз айда кіріс – 16,53 трлн, шығыс – 18,74 трлн. Айырма – 2,22 трлн тапшылық.ҚҚС бойынша: 5,92 трлн түсті, бұл – жоспардың 89,6 пайызы. 686 млрд жетпей қалды.Бұл неге маңызды? Өйткені үкімет осы салыққа бәс тіккен еді. 12 пайыз ЕАЭО-да тым төмен, импортқа тиімді деген уәжбен 16 пайызға көтерді. Мақсат – бюджетті толтырып, Ұлттық қорды сақтау.Тоғыз ай нені көрсетті? Керісінше – Ұлттық қордан алынатын жылдық трансферт жыл бітпей жатып таусылған. Жыл аяқталуға 3 ай бар.2. 

**Неге жетпеді? Экономист не дейді**

Экономика ғылымының докторы Бейсенбек Зиябеков төрт себеп атайды:Бірінші – қайтарым. Кәсіпкер сатқанда ҚҚС төлейді, бірақ сатып алғанына төлегенін шегеріп алады. Мөлшерлеме өссе де, қазынада қалатын ақша дәл солай өспейді.

Екінші – импорт. Шеттен тауар келгенде ҚҚС төленеді. Бірақ импорт көлемі, бағасы, құрылымы өзгерсе, түсім де өзгереді. Бізде импорт саябырлаған тұстар бар.Үшінші – бизнес бейімделді. Шек 80 млн-нан 40 млн-ға түсіп, мөлшерлеме 16 пайыз болғанда, кәсіпкер шығынын қысады, бағасын өсіреді немесе көлеңкеге кетеді.Төртінші – жоспар тым жоғары. Болжам тым оптимистік болса, жоспар орындалмайды.

**Жамау қалай ж****амалды**

ҚҚС-тан жетпеген 686 млрд-ты басқасы жапты. Жер қойнауын пайдаланғаны үшін – 547,1 млрд артық, кеденнен – 216,6 млрд артық түсті. Барлық салық бойынша жоспар 5,8 млрд-қа асыра орындалды.Қағазда мәселе шешілді. 

**Бірақ сұрақ қалады: ҚҚС базасы өзгерді ме, тұтыну мен импортта****ғы ахуал ма, әлде жоспарлау қате ме?**

Тоғыз айда ең көп шығын: әлеуметтік көмек – 5,04 трлн, трансферттер – 4,14 трлн, борышқа қызмет – 2,73 трлн. Үшеуі – 11,91 трлн, яғни барлық шығынның 64 пайызы. Әлеуметтік міндет – түсінікті. Бірақ қоғамдық тәртіп – 97,3 пайыз, жалпы мемлекеттік қызмет – 97,5 пайыз игерілген. Бір жерде ақша жетпей жатқанда, екінші жерде жүздеген миллиард игерілмей жатыр.

Экономист Мақсат Халықтың айтуынша, екінші «жұмбақты» ашады – әділеттілік.Жеке табыс салығын 10-нан 20-25 пайызға көтеру 2019 жылдан бері айтылады. Әзірге айлығы 3 млн-нан асатын 26 мың адамға ғана 15 пайыз болды. Бұл – 11 млн салық төлеушінің 0,24 пайызы. Айына 1,5-2,5 млн алатын шенеунік те, қарапайым жұмысшы да – 10 пайыз төлейді.Ал шағын бизнеске салмақ түсті: ҚҚС шегі 80 млн-нан 40 млн-ға түсті. Яғни 16 пайыздың ауыртпалығы халық пен шағын бизнеске түсті.«Егер салмақ тек халыққа түссе, реформа әділ болмайды», – дейді сарапшы 

Оның айтуынша, үкімет үнемді өзінен бастауы керек – әкімшілік шығынды азайтып, ірі компания мен ауқатты топтың үлесін көбейту керек.

**Министрдің келесі қадамы қандай?**

Кезінде өзін салық реформасының әкесі санайтынын жасырмаған министр үшін қазір үш жол бар:Мойындап, жоспарды қайта қарау.Басқа салықпен жамап, «жоспар орындалды» деп кете беру.Әкімшілдеуді күшейтіп, шағын бизнесті тағы қысу.Әзірге екінші жол жүріп тұр. Үшінші жолдың белгілері бар. Ал бірінші жол – ең қажеті – әзірге сөз күйінде.Түйін: 16 пайыздың өзі қазынаны толтырмайды, егер артында тұтыну, импорт және әділ база болмаса. Жұманғариннің «жұмбағының» кілті – ҚҚС мөлшерлемесінде емес, жоспарлау сапасында және әділетті бөліністе

---

Опубликовано: 2026-10-17T08:27:24+05:00

Обновлено: 2026-10-17T08:27:27+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-17-zhumangharinning-zhumbaghy-16-pajyzdyq-qqs-qazynany-nege-toltyrmady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.