---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-20-kaz-minerals-qazaqstandaghy-geologiyalyq-barlau-zhumystaryn-kueshejtedi-nfc-pen-seriktestik-zhanga-tehnologiyalyq-denggejge-oetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жер қойнауы цифрландырылады: KAZ Minerals пен NFC жаңа геологиялық технологияларды бірлесіп қолдануға келісті

![Жер қойнауы цифрландырылады: KAZ Minerals пен NFC жаңа геологиялық технологияларды бірлесіп қолдануға келісті](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/photo_2026-10-19_15-08-02-2.jpg)

KAZ Minerals Тобы мен NFC Қазақстанда геологиялық барлау саласында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойды. Құжат Қазақстанның минералдық ресурстарын бірлесіп барлау және бағалау мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.Бұл ретте, бірінші кезекте заманауи технологиялар мен цифрлық құралдарды қолданылады.

[![Иллюстрация — Жер қойнауы цифрландырылады: KAZ Minerals пен NFC жаңа геологиялық технологияларды бірлесіп қолдануға келісті](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/photo_2026-10-19_15-08-02-2-1200x800.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/photo_2026-10-19_15-08-02-2.jpg)

Меморандумға қол қою рәсімі 19 қазанда Алматыда өтті.

Құжатқа KAZ Minerals және China Nonferrous Metal Industry's Foreign Engineering and Construction Co., Ltd. (NFC) – CNMC корпорациясының еншілес компаниясы қол қойды.

KAZ Minerals Қазақстандағы геологиялық барлау қызметін дамытып, заманауи технологияларды енгізуге және зерттеулердің тиімділігін арттыруға басымдық беріп келеді.  NFC-мен ынтымақтастық осы бағыттағы жұмыстың бір бөлігі және компаниялардың көпжылдық серіктестігінің жаңа кезеңі болмақ.

Меморандум аясында тараптар геологиялық барлаудың заманауи әдістерін – қашықтан зондтау, геофизикалық және геохимиялық зерттеулер, жасанды интеллект және геологиялық деректерді үшөлшемді модельдеуді қолдану мүмкіндіктерін зерделемек. Тарихи геологиялық материалдарды талдауға, бұрғылауға перспективалы учаскелерді анықтауға және минералдық ресурстарды бағалауға ерекше назар аударылады.

Сондай-ақ құжат мамандар даярлау, тәжірибе алмасу, бірлескен зерттеулер жүргізу және білім беру бағдарламаларын іске асыруды қарастырады.

[![Иллюстрация — Жер қойнауы цифрландырылады: KAZ Minerals пен NFC жаңа геологиялық технологияларды бірлесіп қолдануға келісті](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/photo_2026-10-19_15-08-01-1200x800.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/photo_2026-10-19_15-08-01.jpg)

Алдағы жұмысты үйлестіру үшін бірлескен жұмыс тобын құрып, ынтымақтастықтың жол картасын әзірлеу жоспарланып отыр.

> Салтанатты рәсімде KAZ Minerals Директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук компаниялардың бірлескен жұмыс тәжірибесін атап өтті:
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> «Ақтоғай мен Бозшакөлдегі нысандар құрылысы кезінде CNMC корпорациясы жоғары кәсібилігін көрсетті және біз жоғары деңгейде ынтымақтаса алатынымызды дәлелдедік. Біз CNMC-мен бірге әлемдегі ең үздік кәсіпорындарды салдық».

[![Иллюстрация — Жер қойнауы цифрландырылады: KAZ Minerals пен NFC жаңа геологиялық технологияларды бірлесіп қолдануға келісті](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/photo_2026-10-19_15-08-02-1200x800.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/10/photo_2026-10-19_15-08-02.jpg)

> Өз кезегінде CNMC Директорлар кеңесінің төрағасы Вэнь Ган Қазақстанның және KAZ Minerals-тың шетелдік серіктестер үшін маңызын атап өтті:
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> 
> «Біздің компания үшін Қазақстан – осы өңірдегі ең маңызды ел, ал KAZ Minerals – ең маңызды стратегиялық серіктес. Біз геологиялық барлау саласындағы жұмысты бірлесіп дамытып, тау-кен өндіру секторына бірлескен инвестиция салу мүмкіндіктерін қарастыратын боламыз».

KAZ Minerals пен NFC серіктестігі он жылдан астам уақытқа жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде NFC Бозшакөлдің сульфидті және каолинизацияланған кенін өңдейтін байыту фабрикаларын, сондай-ақ Ақтоғайдың сульфидті кенін өңдейтін байыту фабрикасын салып, іске қосты. Осы ірі өнеркәсіптік жобалар компаниялардың одан арғы ынтымақтастығын дамытуға берік негіз қалады.

---

Опубликовано: 2026-10-20T08:02:00+05:00

Обновлено: 2026-10-20T08:02:52+05:00

Авторы: 

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-20-kaz-minerals-qazaqstandaghy-geologiyalyq-barlau-zhumystaryn-kueshejtedi-nfc-pen-seriktestik-zhanga-tehnologiyalyq-denggejge-oetedi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.