---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-20-qyzdar-universitetindegi-tegin-tamaq-alynuy-muemkin-be-zhobagha-qatysty-3-suraq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қыздар университетіндегі тегін тамақ алынуы мүмкін бе? Жобаға қатысты 3 сұрақ

![Студенты на занятиях](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/07/filialy-chetyreh-zarubezhnyh-universitetov-hotyat-otkryt-v-kazahstane_bizmedia-kz_.jpg)

ТОП-20-ға енген Қыздар университетінің студенттеріне берілетін тегін тамақ 2027 жылдан бастап алынып тасталуы мүмкін. Үкімет жобаны жариялады, бірақ сұрақ көп.

[![Фото: РИА Новости / Кирилл Каллиников](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/07/filialy-chetyreh-zarubezhnyh-universitetov-hotyat-otkryt-v-kazahstane_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/07/filialy-chetyreh-zarubezhnyh-universitetov-hotyat-otkryt-v-kazahstane_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Кирилл Каллиников

## Үкімет бұл шешімге не үшін барып отыр?

Себеп – бюджетті үнемдеу.Құжаттың түсіндірме жазбасында солай жазылған: "бюджет қаражатын оңтайландыру және тегін ыстық тамаққа кететін шығыстарды кезең-кезеңмен тоқтату"

Ulysmedia-ның жазуынша, бұл бастама Премьер-министр бекіткен жол картасынан шыққан. Ол жол картасы – бюджеттік бағдарламаларды тексеру қорытындысы бойынша жасалған. Яғни, арнайы ешқандай идеология жоқ. Қаржы блогы барлық жеңілдікті тізіп шығып, қысқартуға болатынын қысқартып жатыр. Сол тізімге ҚызПУ-дың тамағы да іліккен.

## Тегін тамақ беру туралы шешім қашан қабылданған еді?

Бұл – жаңа жеңілдік емес, ондаған жылдан бері бар дәстүр.Университеттің өзі 1944 жылы Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесінің №457 қаулысымен "қазақ жастарынан, қыздардан мұғалім даярлау" үшін ашылған. Сол кезден бері грантта оқитын қыздарды жатақхана, шәкіртақы, тамақпен толық қамту – әлеуметтік қолдаудың бір бөлігі болған. Заңдық тұрғыда ол Үкіметтің студенттерді тегін тамақтандыру қағидаларында бекітілген. Қазіргі алып тастау туралы жоба – сол бұрыннан бар норманы 2027-2028 оқу жылынан бастап түскендер үшін тоқтату. Үкімет осы арқылы қанша ақша үнемдемек? Ресми сома әлі жарияланған жоқ.

Ашық НҚА-дағы жобада да, Власть басылымы таратқан қысқаша мазмұнда да нақты қаржылық есеп жоқ. Тек "шығындарды оңтайландыру" деген жалпы сөз бар.

## Талқылау 3 қарашаға дейін жүреді

Әдетте қаржылық есептеме сол талқылаудан кейін жарияланады. Болжалды есеп: қазір университетте шамамен 6-7 мың грант иегері оқиды. Олардың әрқайсысына күніне берілетін тамақ шығынын есептесе, жылына жүздеген миллион теңге болады. Бірақ бұл – ресми емес, шамамен алынған есеп.

**Түйін:**

Шешім әлі қабылданған жоқ – бұл тек жоба. Егер қабылданса, 2027 жылы түскен талапкерлерден бастап тегін тамақ болмайды, бұрын түскендерге тиіспейді

---

Опубликовано: 2026-10-20T10:17:59+05:00

Обновлено: 2026-10-20T10:18:02+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Білім](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/bilim/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-20-qyzdar-universitetindegi-tegin-tamaq-alynuy-muemkin-be-zhobagha-qatysty-3-suraq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.