---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-21-deputattardyng-paeteri-qalaj-ujyqtap-zhatqan-taqyrypqa-ajnaldy-armanguel-kejsi-kimdi-oyatty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Депутаттардың пәтері қалай «ұйықтап жатқан» тақырыпқа айналды? Армангүл кейсі кімді оятты

![Человек у руках держит ключи от квартиры](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/akim-almaty-podaril-kvartiry-prizeram-surdlimpiady.jpg)

Құрылтай депутаттарына Нұрсаядан берілетін қызметтік пәтерлер бұрын қоғам үшін жабық тақырып еді. Ешкім тізім сұрамайтын, дау тумайтын. Бұл тыныштықты Армангүл Тоқтамұратқа қатысты бір видео бұзды, деп хабарлайды Ozgeris.info дерегіне сүйенген [Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz).

[![Фото: krakenimages / Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/akim-almaty-podaril-kvartiry-prizeram-surdlimpiady-1024x577.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/12/akim-almaty-podaril-kvartiry-prizeram-surdlimpiady.jpg)Фото: krakenimages / Freepik

Кеше Құрылтай депутаты Наурыз Сайлаубай қызметтік пәтер мен көліктен бас тартуға қатысты пікір білдірді. Ол Астанада өз үйі жоқ екенін, Нұрсаядағы пәтерде тұратынын, айына 50-60 мың теңге коммуналдық төлейтінін айтты.Бірақ оның сөзі жаңалық емес.

## Жаңалық — халықтың реакциясы

Неге бұрын ешкім назар аудармайтын Нұрсая тақырыбы қазір әр сөзден кейін қызу талқыға түседі?Бірінші себеп — тақырып ұйықтап жатты. Мәжіліс кезінде 20 жыл бойы Нұрсая үйреншікті дүние болды.

Депутатқа пәтер, көлік беріледі — заңды, қалыпты. Тізім жабық, сұрақ жоқ. Қоғам да үйреніп кеткен. Құрылтай құрылғанда да жүйе сол күйі көшіп келді — Нұрсая, 75 сағат лимитпен кезекші көлік, жеке көлік тек басшылыққа. Заң бойынша Астанада үйі барлар бас тарта алады, бірақ Құрылтайда жария түрде бас тартқан депутат тіркелмеген.

Екінші себеп — Армангүл кейсі оятты.41 жастағы депутат Армангүл Тоқтамұрат — Qazaqstan арнасының бұрынғы президенттік пул журналисі, қазір Әділет партиясынан депутат. Тамыз айында әлеуметтік желіде «үйі бола тұра мемлекеттен тағы үй алған» деген видео тарады.

Бұл видео халықтың ең сезімтал жеріне — әділетсіздікке тиді. Дау мемлекеттік деңгейге шығып, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «қызметтік баспана тек атында үйі жоқтарға беріледі» деп түсініктеме беруге мәжбүр болды.Үшінші себеп — үнсіздік дауды өшірмеді, керісінше күшейтті.

Армангүл сол кезде ашық шығып, «Астанада атымда үй жоқ, міне анықтама, Нұрсая заңды, кеткенде қайтарамын» десе, тақырып 2 күнде жабылар еді. Бірақ ресми, құжатпен ашық жауап болмады. Құрылтай да оның жауабын талап етпеді. Себебі бір адамның жауабы 145 адамның тізімін ашуға алып келеді.

## Кімде бар, кімде жоқ — бәріне сұрақ туады

Сондықтан Құрылтай үнсіздікті таңдады. Ал үнсіздік кері әсер етті. Енді Наурыз Сайлаубай сияқты әр депутат Нұрсая туралы сөйлеген сайын, халық бірден Армангүл кейсін еске алады.

Нәтижесінде «ұйықтап жатқан» тақырып оянды. Дау пәтерде емес, ашықтықта болып шықты. Тізім жабық тұрғанда, Нұрсая туралы әрбір жаңа сөз жаңа дау тудыра береді.

---

Опубликовано: 2026-10-21T07:41:37+05:00

Обновлено: 2026-10-21T07:41:39+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-21-deputattardyng-paeteri-qalaj-ujyqtap-zhatqan-taqyrypqa-ajnaldy-armanguel-kejsi-kimdi-oyatty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.