---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-22-prezident-aekimder-men-ministrlerdi-16-zhyl-bojy-baghalap-kelgen-zhuejeni-zhojdy-endi-ne-bolady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент әкімдер мен министрлерді 16 жыл бойы бағалап келген жүйені жойды. Енді не болады?

![Касым-Жомарт Токаев](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/tokaev-2.jpg)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 18 қыркүйектегі №1469 Жарлығы 21 қазаннан бастап күшіне енді. Құжат 2010 жылы енгізілген мемлекеттік органдардың тиімділігін жыл сайын бағалау жүйесін толығымен жояды.

[![Касым-Жомарт Токаев. Фото: Акорда](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/tokaev-2-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/tokaev-2.jpg)Касым-Жомарт Токаев. Фото: Акорда

Барлығы 33 ереженің күші жойылған.Бұл – жай ғана бір жарлықтың күшін жою емес. 16 жыл бойы әкім мен министрдің жұмысын өлшеп келген басты өлшемнің күші жойылды деген сөз.

## Ескі өлшем қалай еді?

2010 жылы жүйе сынақ ретінде екі министрлік пен бір облыста басталды. 2011-ден тұрақты жұмыс істеді.Формуласы қарапайым көрінетін:

- Мақсатқа жету – 45%
- Халықпен және бизнеспен жұмыс – 30%Ұ
- йымдық даму – 25%

Жоғары аудиторлық палата әкімдіктің өз есебіне ғана емес, ресми статистикаға, тексеру қорытындысына, тәуелсіз сарапшы бағасына дейін қарап, рейтинг құрап, Президентке апаратын.Жылдар өте келе бұл өлшем ауырлай берді.

## Тоғыз өлшемнің дауы

Жоғары аудиторлық палата 2025 жылы ашық мәселе көтерді. Елде мемлекеттік органды бағалайтын 9 түрлі жүйе қатар жүр.Әкімдіктер бірдей мәліметті тоғыз жерге әртүрлі форматта тапсыруға мәжбүр. Уақыты есеп жазуға кетеді, жұмысқа емес. Ал тоғыз есептің қорытындысынан біртұтас сурет шықпайды.Сондықтан Президент ескі жүйені жою туралы шешім қабылдады.

## Үкімет не дейді?

«Бақылаусыз қалмайды». Жаңа ережені Жоғары аудиторлық палата қазан айында бекітеді. Қазір өтпелі кезең.

## Сарапшы не дейді?

Әкімді қағазбен емес, іспен өлшеу керек.

ЖАП төрт нәрсеге қарауды ұсынады: мақсат, ашықтық, цифр, сервис. Әкімдерді бір-бірімен емес, өз өткенімен салыстырады, бағасы AAA, BBB болады.

Экономистер «халық жұмыспен қамтылды ма, жұмыс ашылды ма, инвестиция келді ме?» деген мәселелерді назарга алу кажеттігін айтады. Жоспар 100% деген қағаз қалта толтырмайды, 1000 жұмыс – 1000 отбасының наны.

## Түйін:

Рейтинг кетті деген – жауапкершілік кетті деген емес. Жаңа таразы қазанда белгілі болады. Жұмыс пен инвестиция салмағы 50%-дан асса – реформа, болмаса – тоғыз жүйенің орнына оныншысы келеді.

---

Опубликовано: 2026-10-22T13:19:10+05:00

Обновлено: 2026-10-22T13:19:14+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-22-prezident-aekimder-men-ministrlerdi-16-zhyl-bojy-baghalap-kelgen-zhuejeni-zhojdy-endi-ne-bolady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.