---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-23-altyn-baghasy-entigip-qaldy-tenggege-qauip-toendi-me/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алтын бағасы ентігіп қалды: Теңгеге қауіп төнді ме?

![Куски и слитки золота лежат на столе, незаконная добыча золота](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/stoit-li-investirovat-v-zoloto-na-pike_bizmedia.kz_.jpg)

Әлемдік нарықта алтын арзандап жатыр. Comex биржасында бір унция $4 250-ден төмен түсті – $4 246. Бұл – 5 тамыздан бергі ең төмен баға.

[![Фото: Fotolia/Ded Pixto.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/stoit-li-investirovat-v-zoloto-na-pike_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/stoit-li-investirovat-v-zoloto-na-pike_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Fotolia/Ded Pixto.

Жыл басында $4 954-ке жетіп, тарихи рекорд жаңартқан алтын енді кері шегініп барады. Әлем үшін бұл – жай түзету. Ал Қазақстан үшін – теңгенің тағдыры. Өйткені бізде бөлек схема жұмыс істейді. Ұлттық банк отандық алтынды бірінші болып теңгеге сатып алады.

## Қойма толады, бірақ нарыққа артық теңге шығады

Сол теңгені қайта жинау үшін Ұлттық банк  доллар сатады. Бұл – «алтын-теңге-доллар» каруселі.Осы карусельдің кесірінен бүгінде қоймада 386 тонна – $51,4 млрд алтын жатыр. Бұл – барлық резервтің 78%-ы. Әлемде мұндай көрсеткіш жоқ.Алтын қымбаттаған үш жылда резерв үш есе өсті. 2023 жылы $18,6 млрд болса, биыл тамызда $70,6 млрд-қа жетіп, рекорд жаңартты.

## Ал алтын құлағанда – бәрі керісінше

Қыркүйекте алтын 7% арзандағанда, бір грамм сатпай-ақ $3,8 млрд жоғалттық. Қазан айында құлдырау жалғасты.Осы кезде теңгені ұстау үшін Ұлттық банк қыркүйекте 374 млрд теңгеге доллар сатты. Бұл интервенция емес, алтын үшін шыққан теңгені қайта сорып алу. IV тоқсанда тағы 907 млрд теңгеге сатпақшы.

Енді Ұлттық банктің өзі резерв бір активке байланғанын мойындады. Сондықтан тарихи шешім – алтынды сату басталды. Ақпан айынан бері сатылмаған алтын енді сатылып жатыр. Жыл соңына дейін 12 тонна – $1,6 млрд сатылып, үлес 78%-дан 75%-ға түсіріледі. Түскен ақша АҚШ облигациясына кетеді.Қорытынды қарапайым:

Алтын – біз үшін жастық емес, зәкір. Алтын қымбаттаса – баймыз. Алтын құласа – теңге кінәлі болмаса да, бірге құлайды. Бүгінгі $4 246 – биржадағы сан ғана емес, теңгенің ертеңгі сынағы.

---

Опубликовано: 2026-10-23T06:51:23+05:00

Обновлено: 2026-10-23T06:51:26+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-23-altyn-baghasy-entigip-qaldy-tenggege-qauip-toendi-me/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.