---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-23-denesi-qazaq-miy-boeten-arlan-nege-aeli-tolyq-otandyq-emes/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Денесі қазақ, миы бөтен: «Арлан» неге әлі толық отандық емес?

![Военный держит планшет](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/skolko-molodyh-kazahstanczev-uklonyayutsya-ot-armii_bizmedia.kz_.jpg)

Президент әскери реформаны бекітті. 6+6 жүйесі, дрон әскері, жаңа басқару. Бірақ реформаның сыртында бір сауал тұр: ертеңгі соғыстың ақылын өзіміз жасай аламыз ба?Қолымыздағыға қарайық.

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/skolko-molodyh-kazahstanczev-uklonyayutsya-ot-armii_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/skolko-molodyh-kazahstanczev-uklonyayutsya-ot-armii_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Freepik

Қағазда отандық, ішінде импорт «Арлан» – соның мысалы. 2017 жылы ашылған «Қазақстан Парамаунт» зауыты Оңтүстік Африкамен бірге құрастырады. Есепте – 70 пайызы отандық. Ішіне кірсең – сауыты ғана біздікі. Жылукөзгіші Франциядан, байланысы Израильден, қозғалтқышы Германиядан, модулі түрік Aselsan-нан.

Әлемде MRAP класының бос көлігінің өзі 1,5 млн доллардан басталады. Біздікі одан арзан. Бірақ арзан болса да, ең қымбат бөлшегі – миы – әлі шетелдікі. Бұл бір зауыттың емес, бүкіл саланың дерті. Алматыдағы 405-зауыт – Кеңес заманынан қалған жалғыз авиажөндеу орны. 2012 жылы Eurocopter-мен ЕС145 құрастыруды бастады. Бастапқы үлес – 5 пайыз, тек бұранда бұрау. 50 пайызға жетеміз деген жоспарға 13 жыл болды, әлі 25 пайыздан аспаймыз. Қозғалтқыш пен редукторды жасай алмаймыз.

Енді жерден көкке көтерілейік. Ертеңгі соғыстың басты қаруы – дронда жағдай тіпті қиын. «Шапағат» барлаушымыздың моторы Қытайдан, көзі Америкадан. Түркиядан Anka аламыз деген келісім әлі орнында тұр. Үшеуі де бір шындықты айтады: біз жасаушы емеспіз, құрастырушымыз.

## Ал соғыс ережесі өзгерді

Украина көрсетті: майданды қымбат танк емес, 500 долларлық FPV-дрон шешеді. Бізде ондай дронды мыңдап жинайтын конвейер бар ма? Жоқ.

Қайта әскердің 70 пайызы – әлі кеңестік үлгі: Т-72, БТР-82, Су-30СМ, С-300. Оның бәрінің миы – автоматтандырылған басқару, радиолокация, байланыс – Мәскеудің кодымен келеді. Тактикалық деңгейде де сол: Чип жоқ. Әскери чип шығаратын зауыт жоқ.

Спутник жоқ. GPS – Американікі, ГЛОНАСС – Ресейдікі.

РЭБ жоқ. «Житель», «Леер» кешендері – түгел ресейлік. Өзіміздің кодын жазатын IT-рота 2023 жылы ғана құрылды.Сөйтіп, тән бар, жан бөтен. Басқалар қалай өсті? Осы жерде басқа елге бұрылып қарайық.

Түркия 20 жыл бұрын гараждан бастады. Baykar-ға мемлекет сенді. Ешкім алмаған кезде алғашқы 10 дронын мемлекеттің өзі сатып алды. Құласа да, қымбат болса да, ақшасын төледі. Бүгінде жылына 2 млрд долларлық дрон сатады. Израильде әр зауыттың жанында ондаған стартап бар. Әскерде тапқан өнертабыс ертең егісте жұмыс істейді.

Ал бізде – тендер. Жылына бір рет. Тағдырды инженер емес, есепші шешеді. Қайсы арзан – соны алады.Айырмашылық осында: олар жасаушыға ақша салды, біз сатып алушыға.

**Миды кім жасайды?******

Қағазда екі мекеме бар, нәтиже әзірге жоқ.«Қазақстан Инжиниринг» – 27 зауыт. Бірақ көбі – жөндеу шеберханасы.Университет – үміт енді пайда болды. Энергетика және байланыс университеті 2024 жылы «Дрондар және автономды жүйелер» мамандығын ашты. Алғашқы түлек – 2028 жылы. Түркістандағы 5574 бөлімде FPV үйрету енді ғана басталды. Яғни миды жасайтын адамды енді оқыта бастадық.Осыдан кейін не істеу керек деген сұраққа Президенттің өзі жауап берді.

## Не істеу керек?

Тоқаев:

> «Армия өткен ғасырда қалды. Әдемі есеп керек емес». Шешім үш қадам:

Бірінші – сатып алуды өзгерту. Заңға бір сөйлем қосса жеткілікті: «Шетелдігінен 30 пайыз қымбат болса да, отандық үлгіні ал». Осы бір сөйлем саланың тағдырын шешеді.

Екінші – зертхана ашу. Назарбаев Университеті мен Сәтбаев жанынан «Дрон лаб» ашу. Студент дәріс емес, дрон құрастырсын.

Үшінші – сарбазды зауытқа жіберу. 6+6-ның екінші 6 айы казармада емес, зауытта өтсін. Бала қашпайды, инженер болып қалады. Полигонда дронды лейтенант басқарады. Ал пульттің миын, кодын, чибін кім басқарады? Әзірге бөтен ел.

Біз үшін ең қауіптісі – танктің аздығы емес, дронның миын жазатын жүз бағдарламашының жоқтығы. Бізде танк бар. Енді ақылын қайтару керек.

---

Опубликовано: 2026-10-23T06:03:59+05:00

Обновлено: 2026-10-23T06:04:02+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-23-denesi-qazaq-miy-boeten-arlan-nege-aeli-tolyq-otandyq-emes/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.