---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-24-77-mln-men-koeshbasshy-kesu-qalaj-birinshi-oryngha-shyqty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 77 млн-мен көшбасшы: Kesu қалай бірінші орынға шықты?

![ВВП, экономика](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/financial-growth-investment-success.jpg)

Қазақ-корей боевигі көш басына шықты: аптаның ең әлсіз, бірақ ең қызық қорытындысы15-18 қазан – биылғы ең тыныш уик-энд болды.

[![Фото: Magnific](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/financial-growth-investment-success-1024x574.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/09/financial-growth-investment-success.jpg)Фото: Magnific

ТОП-10 бар болғаны 461 млн теңге жинады. Былтыр дәл осы уақытта 1,3 млрд болатын.Бірақ дәл осы тыныштықта қызық нәрсе болды: төрт апта көшбасшы болған «7 қарақшы» бірінші орынды қазақ-корей жобасы Kesu-ға берді. Бар болғаны 77 млн теңгемен. 

**Бұл – жылдың ең әлсіз көшбасшысы.**** ****Неге Kesu? **

Төлепов феномені. Афишада Асылхан Төлепов тұрса, халық барады. Сапаға қарамайды.Дорама армиясы. Бұл – корейлермен бірлескен алғашқы үлкен жоба. Дорама көретін қыздар тек корей актерлері үшін билет алған.

Одан кейінгі орындарда – «Чужая мама» (70 млн), үшінші орынға түскен «7 қарақшы» (64 млн, жалпы 844 млн және миллиардқа жете алмай тұр) және «1+3» (56 млн).Ал ең қызық феномен – «Қызыл раушан». Forbes үшін бұл – "сапасыз өнім, бюджеті 200 млн, жинағаны 100 млн – провал". 

**Ал біз үшін – халықтың жанайқайы. **

Түсірілуі нашар болса да, сегізіншіден бесінші орынға көтерілді. Себебі халыққа техника емес, эмоция керек: ауырсыну, қан, көз жас.Алтыншы орында – Street Fighter (38 млн). Әлемде 82 млн доллар бюджетпен 51 млн ғана жинап, құлады. Әсіресе Жапония мен Кореяда. Неге? Ойынның жанкүйерлері өсіп кеткен, ностальгия өтпей қалды.Жетінші – «Тайный дневник Верити» (38 млн), ал нағыз чемпион – «Жарығым-ай». Алтыншы аптасында 37 млн жинап, жалпы 893 млн-ға жетті. Миллиардқа ең жақын тұрған осы – «7 қарақшы» емес.Тоғызыншы – «Мальчишник vs Девичник» (34 млн) – Kinopark көп үміт артса да, өтпеді. Ондықты Брэд Питтің «Сердце зверясы» (31 млн, жалпы 326 млн) жауып тұр.

## Бәрі үш үлкен премьераны күтіп отыр:

«Заманback 2», «Бажа кинода», «Шымыр». Сол кезде ғана залдар толады. Сондықтан бұл аптаның құлдырауы – кездейсоқтық емес, үлкен жарылыс алдындағы тыныштық.Бұл тыныштық – 90-жылдардағы тыныштық емес.90-жылдары қазақ киносы жылайтын. Есінде ме? «Ине», «Келін», «Күзетші» – бәрі жоқтық, жоғалту, мұң туралы еді. Камера – ауылдың шаңы, герой – жалғыз, соңы – үмітсіздік.

Ал қазіргі күтіп тұрған үш фильм мүлде басқа.«Заманback 2» – ностальгияны сатып, күлдіреді. «Бажа кинода» – той, туыс, ұят, бірақ бәрі күлкіге айналады. «Шымыр» – тіпті жігіттің денесі, күші, жеңісі туралы.Байқадың ба? Қазақ енді жыламайды. Қазақ алға ұмтылады.90-жылдары біз "біз кім едік?" деп сұрайтынбыз. Қазір "біз кім боламыз?" деп сұраймыз. Бұрынғы кино – жоқтау еді, қазіргі кино – манифест.Сондықтан залдардың бос тұруы – халықтың кинодан шаршағаны емес. Халық ескі мұңды көргісі келмейді. Халық жаңа қазақты көргісі келеді – мықты, әзілқой, жеңетін қазақты.

---

Опубликовано: 2026-10-24T12:42:00+05:00

Обновлено: 2026-10-24T12:42:03+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-24-77-mln-men-koeshbasshy-kesu-qalaj-birinshi-oryngha-shyqty/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.