---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-24-bankter-nege-qymbat-tenggeden-qashyp-zhatyr-freedom-bank-neni-bolzhap-otyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Банктер неге қымбат теңгеден қашып жатыр? Freedom Bank нені болжап отыр

![Монеты в столбик, БЦК](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/bankovskie-stavki-po-depozitam-naseleniya-upali_bizmedia.kz_.jpg)

Соңғы күндері нарықта қызық үрдіс байқалады. Ірі банктер теңгедегі ұзақ салымдардың пайызын жаппай түсіре бастады.

[![Фото: Fotolia / apops](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/bankovskie-stavki-po-depozitam-naseleniya-upali_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/bankovskie-stavki-po-depozitam-naseleniya-upali_bizmedia.kz_.jpg)Фото: Fotolia / apops

Мысалы, Freedom Bank те қазан айында салымдарын қайта қарады.22-23 қазанда "Freedom Стратегия" жинақ салымының мөлшерлемесі жаңарды. Қазір үш айға 18,09% (ГЭСВ 19,50%), алты айға 16,40%, он екі айға 13,60%, ал жиырма төрт айға 7,95% болып бекітілді.Алғаш қарағанда бұл – пайыздың төмендеуі. Алайда шын мәнінде бұл – банктердің нарықты алдын ала болжауы. Яғни қымбат теңге дәуірі аяқталып келеді деген сигнал.

**Неге банктер ұзақ мерзімге жоғары пайыз бергісі келмейді? **

Себебі олар алдағы бір жылда базалық мөлшерлеме түседі деп күтіп отыр. Егер бүгін екі жылға 18% деп кепілдік беріп қойса, ертең нарықта 10% қалғанда банк шығынға кіреді. Сондықтан олар қазірден бастап ұзақ ақшаны арзандатып жатыр.Бұл – әлемдік тәжірибе. Инфляция шарықтағанда банктер қысқа мерзімге жоғары пайыз береді де, ұзақ мерзімді арзандатады.

Осылайша олар өздерін де, клиентті де сақтандырады.Ал салымшы үшін бұл нені білдіреді? Біріншіден, қазір – соңғы мүмкіндік. Үш айға 18% деген жоғары мөлшерлемені ұстап қалуға болады. Екіншіден, екі жылға ақшаны қамап қоюдың қажеті жоқ. Себебі алты айдан соң несиелер де арзандайды, бизнес үшін де тиімді кезең басталады.Freedom Bank сияқты серіктестеріміздің бұл қадамы – нарықты сауықтыру. Қымбат теңгеден саналы түрде бас тартып, арзан, ұзақ теңгеге жол ашу. Ертең осының арқасында кәсіпкер арзан несие алады, экономика жүреді.Қысқасы, пайыздың түсуі – жаман жаңалық емес. Бұл – теңге арзандайды, ақша қолжетімді болады деген жақсы жаңалық.

---

Опубликовано: 2026-10-24T12:35:08+05:00

Обновлено: 2026-10-24T12:35:10+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-24-bankter-nege-qymbat-tenggeden-qashyp-zhatyr-freedom-bank-neni-bolzhap-otyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.