---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-24-suelejmen-almatyda-hyurrem-kelgen-zhoq-10-zhyldyq-saghynysh-nege-basylmady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Сүлеймен Алматыда, Хюррем келген жоқ: 10 жылдық сағыныш неге басылмады?

![В Алматы ожидается строительство новых отелей](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/v-almaty-ozhidaetsya-stroitelstvo-novyh-otelej_bizmedia-kz_.jpg)

«Халит Эргенч пен Мерьем Узерли Алматыда бірге жүр» деген ақпарат тарап кетті. Бұл – жалған.Екеуі Алматыда бірге болған жоқ. Бұл – екі бөлек оқиға.

[![Фото: акимат Алматы](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/v-almaty-ozhidaetsya-stroitelstvo-novyh-otelej_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/v-almaty-ozhidaetsya-stroitelstvo-novyh-otelej_bizmedia-kz_.jpg)Фото: акимат Алматы

**Алматыға кім келді?**

Халит Эргенч, яғни Сүлеймен сұлтан, Алматыға шынымен келді. 14 қыркүйекте Республика Сарайында оның шығармашылық кеші өтті. Этно-симфониялық оркестрмен бірге халықпен кездесті. Бірақ жанында Мерьем Узерли болған жоқ.

**Олар қайда кездесті **

20 қазанда екеуі El Gouna халықаралық кинофестивалінің қызыл кілемінде бірге жүрді. Қол ұстасып шыққан себебі бар – 10 жылдан кейін алғаш рет бір фильмде қосылды.Озжан Алпердің «Имроздағы көктем» фильмі. Бұл – «Ғажайып ғасырдан» кейінгі алғашқы ортақ жобасы.Бір жерде – жеке гастроль, бір жерде – ортақ премьера.

**10 жыл бұрын біткен сериал неге әлі ұмытылмады?**

«Ғажайып ғасыр» жай сериал емес еді. Ол – бүтін бір буынның естелігі.Хюррем – біздің әйел. Құлдықтан сұлтандыққа көтерілген, ақылды, айлакер, махаббаты үшін бәріне дайын әйел қазақ көрерменіне тым жақын. Сондықтан Мерьемді әлі күнге «өзіміздің Хюррем» көреміз.

Ал Сүлеймен – идеал еркектің бейнесі. Қатал, бірақ әділ, ғашық, бірақ мемлекетшіл. Халит Эргенч сол бейнені 10 жыл бұрын санамызға шегелеп кеткен.Ең бастысы – ностальгия. 2011-2014 жылдары бүкіл ел кешкісін теледидар алдына жиналатын. Тик-ток, инстаграм жоқ, бәріміз бірге жылап, бірге қуанатынбыз. Енді сол екеуін қайта бірге көргенде, сериалды емес, сол баяғы алаңсыз кезді сағынамыз.Сондықтан олар Египетте жай ғана қызыл кілемде өтсе де, біз үшін бұл – үлкен жаңалық.

**Егер біз «Қазақ хандығы: Ғажайып ғасыр» деңгейінде кино түсірсек, Хюрремнің рөлін – яғни ханның жүрегін жаулаған, айлакер, сұлу, тілді әйелдің рөлін кім ойнай алады?**

Бізде Хюррем бола алатын 3 тип бар:1. Ең жақын психотип – Айсулу Әзімбаева

**Неге?**

Хюррем – тек сұлу емес, ол – манипулятор, ойыншы, жылап тұрып күле алатын әйел. Айсулуда сол «ақылды арудың» энергиясы бар. Көзімен ойнайды, тілімен сойлайды. Мерьем Узерли сияқты – сүйкімді, бірақ қауіпті. **Егер хандық драма, ауыр образ керек болса – Алтынай Нөгербек**

Хюррем тек күліп жүрген қыз емес, ол – ана, саясаткер, ханның кеңесшісі. Алтынай апайда сол салмақ бар. Бір қарасымен бүкіл сарайды тыныштандыра алады. Бұл – 35 жастан асқан, дана Хюррем.3. Егер жас, отты, жабайы Хюррем керек болса – Фариза Ескермес немесе Дина Тасболатова

Мерьем Узерли Хюрремге келгенде 28-де еді. Жас, отты, славяндық қызулық. Бізде дәл сондай – славяндық келбеті бар, бірақ қазақы мінезі бар қыздар керек. Фаризада сол «құлдан ханым болған» дерзость бар.

Ал менің жеке фаворитім – Карлығаш Мұхамеджанова.Неге? Себебі Хюррем – күлгенде бала сияқты, ашуланса – жылан сияқты болуы керек. Карлығашта екі образ да бар. Ол жыласа – бүкіл халық сенеді.

Ал сен кімді көресің?Егер сен хан болсаң, жүрегіңді кім жаулар еді?

---

Опубликовано: 2026-10-24T12:38:18+05:00

Обновлено: 2026-10-24T12:38:21+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Алматы жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/almaty-zhangalyqtary/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/)

Метки: [Алматы](https://kk.bizmedia.kz/tag/almaty/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-24-suelejmen-almatyda-hyurrem-kelgen-zhoq-10-zhyldyq-saghynysh-nege-basylmady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.