---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-26-kase-dajdzhesti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# KASE дайджесті

![Логотип KASE у входа в здание, где располагается казахстанская фондовая биржа](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/znachenie-indeksa-kase-v-ponedelnik-vyroslo-na-038-do-4-99196-punkta-bizmedia-kz.jpg)

## Базалық мөлшерлеме түсті – 15,75%

Ұлттық Банк мөлшерлемені 16,25%-дан 15,75%-ға түсірді. Бұл биылғы төртінші рет төмендетуі. Инфляция 12 ай бойы баяулап, қыркүйекте 9,3% болды.

[![Фото: KASE](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/znachenie-indeksa-kase-v-ponedelnik-vyroslo-na-038-do-4-99196-punkta-bizmedia-kz-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/03/znachenie-indeksa-kase-v-ponedelnik-vyroslo-na-038-do-4-99196-punkta-bizmedia-kz.jpg)Фото: KASE

## Бұл нені білдіреді?

Депозит өсімі сәл баяулайды, несие бірден арзандамайды. Ұлттық Банк жыл соңына дейін осы деңгейді ұстап тұрамыз деп отыр. Теңге үшін жақсы жаңалық.

## KASE тарихтағы ең биік белеске шықты

Акция нарығының жалпы құны 50,2 трлн теңгеден асты, жыл басынан +28,8% өскен. KASE индексі 8 121 пунктке жетті. Көш басында – Kaspi.kz (+16% тамызда) және Қазатомөнеркәсіп (+8,5%).

Бір күнде 9 мыңнан астам мәміле жасалып жатыр.3.

## Тұтыну несиесі тежелді

Қаржы нарығын реттеуші агенттік талапты күшейткен соң, тұтыну несиесінің өсімі 14,6%-дан 7,5%-ға түсті. 90 күн кешіккені бар адамға жаңа несие берілмейді. Алаяқтар рәсімдеген несие 8,7 мыңнан 1,9 мыңға азайды.

Банк үшін тәуекел азайды, халық үшін – шектен тыс қарыздан қорғаныс.

## Банк енді шағыммен бағаланады

22 қазаннан бастап әр банкке жеке талап қойылды: шағымға уақытында жауап беру, қайталама шағымды азайту. Егер бірнеше банкте қарызың болса, FinKomek / FinKelisim арқылы бір жерден шешуге болады.

## ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ: БИРЖАДАҒЫ ХАЛЫҚ – 51,7%!

KASE-де қазір 5,85 млн инвестор шоты бар. 72 компанияның 85 акциясы сатылады.Нарықты кім ұстап тұр? Жеке адамдар – 51,7% – нарықтың жартысынан көбі біз!Басқа заңды тұлғалар – 26,5%Брокерлер – 18%Банктер – небәрі 0,4%Шетелдіктер – 10%Халық ең көп не алып жатыр? Халық Банк, Kaspi.kz, KEGOC, Kcell, Қазатомөнеркәсіп.

**Түйін**: Инфляция 9,3% болғанда депозит оны әрең жабады, ал Kaspi бір айда +16% берген. Сондықтан ел арасында "KASE – екінші депозит" деген сөз жүр.

---

Опубликовано: 2026-10-26T09:54:44+05:00

Обновлено: 2026-10-26T09:54:47+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-26-kase-dajdzhesti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.