---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-dollar-qymbattap-munaj-arzandady-byudzhet-uta-ma-utyla-ma/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Доллар қымбаттап, мұнай арзандады: Бюджет ұта ма, ұтыла ма?

![доллар](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/closeup-shot-three-fifty-one-hundred-dollars-bills-edited.jpg)

Демалыстан кейін доллар қайта қымбаттады. Бүгін Ұлттық банктің ресми бағамы – 451,05 теңге, ал KASE биржасында 453,58 теңге.

[![Фото: wirestock / Magnific](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/closeup-shot-three-fifty-one-hundred-dollars-bills-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/closeup-shot-three-fifty-one-hundred-dollars-bills-edited.jpg)Фото: wirestock / Magnific

Үш ай бойы 500-ден төмен нығайған теңге неге шегінді? 

Ауыл үшін бұл – солярка мен тыңайтқыштың қымбаттауы, ал бюджет үшін – 12 триллиондық субсидияға қосымша теңге түсті деген сөз бе? Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл – дағдарыс емес, саясаттан ауытқымағанымыздың белгісі дейді.

**НЕ БОЛДЫ?**

Бүгін, 27 қазанда, Алматыда доллар 451,94 – 454,10 теңге аралығында сатылып жатыр. Жұма күні KASE-де доллар 452,11 теңге болған. Өсім дүйсенбіде жалғасты. Ал Brent мұнайы керісінше арзандады: өткен аптада117 доллардан жоғары болған Brent бүгін 114,81 долларға түсті.

**ЕСЕП: БЮДЖЕТКЕ ҚАНША ТҮСЕДІ?**

Қазақстан тәулігіне орта есеппен 1,17 млн баррель мұнай экспорттайды.Доллар факторы (пайда): Доллар 2,5 теңгеге қымбаттаса, бюджетке тәулігіне 340 млн теңге, аптасына 2,3 млрд теңге артық түседі.Мұнай факторы (шығын): Мұнай 2,19 долларға арзандаса, бюджет тәулігіне 1,15 млрд теңге, аптасына 8,1 млрд теңге жоғалтады.

**Таза есеп: **

Егер осы жағдай 1 апта тұрса, бюджет 5,8 млрд теңгеге кем кіріс алады.Яғни доллар қымбаттағаны бюджетті құтқармайды.Бүгінгі құбырдан кеткен мұнай бүгінгі бағамен сатыла ма?

Жоқ. КҚК құбырымен кеткен мұнайдың бағасы Brent-ке байланған, бірақ ақшасы 30-45 күннен кейін, сол айдың орташа бағасымен есептеліп түседі. Сондықтан бүгінгі 114,81 доллар – қарашаның соңындағы түсім.

**СҮЛЕЙМЕНОВ НЕ ДЕЙДІ?**

> "Меніңше, бұл жағдайға аса таңғалудың қажеті жоқ. Бізде 500 теңге бағамы мұнай 65-70 доллар болғанда тіркелген еді. Валюталық түсім артса, теңге нығаятыны анық", - деді ол.

Ол бағамға мұнай ғана емес, маусымдық сұраныс та әсер ететінін атады: жазда инвестициялық жобалар, квазимемлекеттік сектор бағдарламалары үшін долларға сұраныс өседі.Бұл – Ұлттық банктің еркін бағам саясатынан ауытқу емес, керісінше, оның жұмыс істеп тұрғанының дәлелі

---

Опубликовано: 2026-10-27T10:40:00+05:00

Обновлено: 2026-10-28T03:39:03+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-dollar-qymbattap-munaj-arzandady-byudzhet-uta-ma-utyla-ma/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.