---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-elektromobil-smartfon-siyaqty-eskirip-qala-ma-kompaniyalar-ajtpaj-otyrghan-shyndyq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Электромобиль смартфон сияқты ескіріп қала ма? Компаниялар айтпай отырған шындық

![Электромобиль](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/danzig_hamburg-car-8301630-edited.jpg)

Электромобиль 20 жыл жүреді деп алданып жүрміз. Шын мәнінде оның темірі ғана 20 жылға шыдайды, ал миы, яғни бағдарламасы 5 жылдан кейін-ақ өле бастайды. Бұрын көлік ескірсе моторы бұзылатын, енді заман өзгерді, моторы емес, бағдарламасы ескіреді.Осы жерден үлкен сұрақ туады.

[![Фото: Pixabay](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/danzig_hamburg-car-8301630-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/danzig_hamburg-car-8301630-edited.jpg)Фото: Pixabay

**Сен көлігіңді сатып алдың ба, әлде ай сайын жалға алып жүрсің бе? **

Өйткені қазіргі электрокарлар темір сатпайды, жазылым сатады. Төлемесең, отырғышыңның жылытқышы да істемей қалады. Ал Астананың -30 аязында бағдарлама қатып қалса, көлігің далада қалады. Міне, компаниялар айтпай отырған шындық осы.

Не**ге олай? **

Себебі көлік енді темір емес, компьютер.Себебі қазіргі көлік – темір тұлпаремес. Ол – дөңгелек киген компьютер. Ішінде мықты процессоры бар, күні-түні интернетке жалғанулы тұрады. Осының арқасында үйде жатсаң да, көлігіңе алыстан жаңа функция келіп түседі. Басында бәрі керемет көрінеді. Бірақ сол көлік өндірістен алынған соң ше?

**Оның миын кім асырайды? **

Осы жерден дау басталады.1. Тез ескіретін "ми" және жазылым қақпаныБұрын көлік сатып алсаң, әр бөлшегіне толық ие болатын едің. Қазір олай емес. Компаниялар "дөңгелекті гаджет" сатады.

• Біріншіден, функцияны бұғаттайды. Tesla, BMW сияқты алпауыттар отырғыштың жылытқышын, тіпті мотордың қуатын да ай сайынғы жазылымға байлап қойды. Темірің тұрса да, төлемесең жанбайды.

• Екіншіден, қолдау тоқтайды. Смартфон сияқты, 5-7 жылдан кейін ескі электрокардың процессоры жаңа жаңартуды көтермей қалады. Содан кейін картасы қатып, қосымшасы баяулайды. Ал бұл көліктің екінші нарықтағы бағасын бірден құлатады. Темірі бүтін тұрса да, ешкім алғысы келмейді.

• Астананың -30 градусы – электрокар үшін ең үлкен емтиханБұл шетелдік жарнамада айтылмайды, өйткені олар көлікті +20 градусқа есептеп жасайды. 

Ал бізде екі үлкен проблема бар

Біріншісі – батарея. -30 аязда кез келген литий батарея өз қуатының 40-50 пайызын жоғалтады. Химиясы баяулайды.Екіншісі – миының қатып қалуы. Егер бағдарламада қате кетсе немесе сенсорды мұз басса, көлік "кірпіш" күйіне түседі, яғни мүлдем оталмай қалады. Бензинді көлікті итеріп оталдырсаң да, электрокар бұғатталса, эвакуаторсыз қозғалмайды. **Сатып алдың ба, әлде жалға алып жүрсің бе?**

Бұл – қазір заңгерлер арасындағы ең үлкен дау. Шын мәнінде біз темірді сатып алғанымызбен, оны басқаратын бағдарламаның тек уақытша лицензиясын ғана қолданамыз.Ертең компания серверін өшірсе немесе банкрот болса – қымбат көлігің жарамсыз темірге айналады. Мұндай жағдай Қытайдың кейбір жаңа стартаптарында болып жатыр.Ал заң бұл жерде өте жұмсақ. Ол компанияға тек "көлікті әдейі өлтіріп, толық бұғаттап тастама" деп қана тыйым салады. Бұлтын өшірсе де, қосымшасын жаңартпай қойса да – заң бұзбайды.Тек бір ғана жерде міндеті бар. Егер бағдарлама ақауы адам өміріне қауіп төндірсе, тежегіші істемей қалса немесе рөлі тартпай қалса, онда ғана жөндеуге міндетті. Ал картасы, әні, экраны – міндетті тізімге кірмейді.

**Осыдан не түсінеміз? **

Көлік өздігінен ескірмейді, оны әдейі ескіртеді. Себебі бизнестің өзі солай құрылған. Оның үстіне көлігің қайда барды, қайда тоқтады – бәрі бұлтқа жазылады. Бұл дерек – мұнайдан да қымбат. Ескі көліктен дерек аз түседі, сондықтан компанияға жаңа көлік сатқан тиімді.

**Ал CarPlay құтқара ма? **

Телефонды жалғайтын мидың өзі сол ескі бағдарламаның ішінде жатыр. Негізгі миы қатып қалса, CarPlay да жалғанбайды.Сондықтан мамандар бір ғана жол бар дейді – кілтін халыққа беру. Яғни Right to Repair – өз қолыңмен жөндеу құқығы. Өндіруші кодын ашып берсе, сырттағы шеберлер жаңартып отырады. Ал қазір ондай ашықтық жоқ.

**Түйін**

Электромобиль жоғалып кетпейді, ол – болашақ. Бірақ ол бұрынғыдай "менікі" деген көлік болмайды, iPhone сияқты болады. Сатып алмайсың, ай сайын жазылып қолданасың.Сондықтан қазіргі сұрақ "электромобиль смартфонға айнала ма?" емес, ол айналып болды.Нағыз сұрақ – "сен көлігіңнің иесі боласың ба, әлде уақытша қолданушысы ғана боласың ба?"

---

Опубликовано: 2026-10-27T09:56:50+05:00

Обновлено: 2026-10-27T09:56:53+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Авто](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/avto/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/), [Өмір салты](https://kk.bizmedia.kz/oemir-salty/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-elektromobil-smartfon-siyaqty-eskirip-qala-ma-kompaniyalar-ajtpaj-otyrghan-shyndyq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.