---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-qazaqstanda-800-myng-muegedek-bar-zhaerdemaqy-zhumys-zhaene-pandus-koershilerden-nege-qalyp-qojdyq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда 800 мың мүгедек бар: жәрдемақы, жұмыс және пандус &#8212; көршілерден неге қалып қойдық

![Более 595 тысяч услуг для лиц с инвалидностью оказано через Портал соцуслуг в 2025 году](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bolee-595-tysyach-uslug-dlya-licz-s-invalidnostyu-okazano-cherez-portal-soczuslug-v-2025-godu_bizmedia-kz_.jpg)

Мәжілісте 2027 жылғы бюджет талқыланып жатыр. Депутаттар кң төменгі күнкөріс деңгейі 3 жылдан бері 43 407 теңгеден аспай тұрғанын айтты. Осыған байланған 800 мың мүгедектігі бар адамның жәрдемақысы да өспей тұр – әрбір 25-ші қазақстандық 52-95 мың теңгеге күн көруге мәжбүр. Көршілерде бұл қалай шешілген – салыстырып көрдік.

[![Фото: РИА Новости / Алексей Куденко](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bolee-595-tysyach-uslug-dlya-licz-s-invalidnostyu-okazano-cherez-portal-soczuslug-v-2025-godu_bizmedia-kz_-1024x575.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/01/bolee-595-tysyach-uslug-dlya-licz-s-invalidnostyu-okazano-cherez-portal-soczuslug-v-2025-godu_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Алексей Куденко

**Көрші Өзбекстан мен Ресейде бұл қалай шешілген?**

Көршілерде әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және қолжетімді орта қаржыландырудың әртүрлілігі, автоматты бақылау және айыппұл тетігі арқылы шешіледі. Екі ел де біз сияқты қиындыққа тап болғанымен, заңда және іс жүзінде өз жолымен кетіп жатыр.

**1. Жәрдемақысы қанша?**

Көршілерде жәрдемақы тек күнкөріс деңгейіне емес, адамның еңбек өтіліне және қосымша пакетке байланған.

Өзбекстанда жүйе түбегейлі өзгерді. Еңбек өтілі барларға – зейнетақы, жоқтарға – жәрдемақы. I топқа – 1 209 000 сум (46 000 теңге), II топқа – 1 083 000 сум (41 000 теңге). Аз көрінгенімен, "Әлеуметтік тізілімге" енген отбасыларға бала күтімі және қамқоршыға 878 000 сумға дейін қосымша төлем бар.

Ресейде жүйе екі қабатты: өтілі жоққа – әлеуметтік зейнетақы, барға – сақтандыру зейнетақысы. Оған Ай сайынғы төлем (ЕДВ) қосылады. I топ – 25 000 рубльден астам (125 000 теңге), II топ – 13 800 рубль (69 000 теңге), III топ – 11 500 рубль (57 000 теңге). Егер табысы өңірлік күнкөрістен (16 288 рубль) аз болса, мемлекет айырмасын автоматты түрде толтырады.

Бізде бәрі 43 407 теңгеге – ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланған: I топ – 95 496 теңге, II топ – 76 397 теңге, III топ – 52 089 теңге. Ол үш жылдан бері өскен жоқ, демек жәрдемақы да өспей тұр.

**2. Жұмысқа тұра ала ма?**

Заң бар: 50 адамнан асатын мекеме 2-4 орын беруі тиіс. Бірақ істеп жүргені – 119 мың адам ғана. Әр төрт адамның біреуі.СалыстыруҚазақстанӨзбекстанРесейКвота50 адамнан асса – 2-4%20 адамнан асса – 3%35 адамнан асса – 2-4%ОрындалмасаАйыппұл бюджетке кетедіАйыппұл Қорға түсіп, жұмыс орнын жабдықтайдыБасқа ұйымдағы адамның жалақысын төлеп жаба аладыЖеңілдікЖоқСалық 12%-дан 1%-ға түседіСалық жеңілдігі + субсидияБізде айыппұл қайта айналымға түспейді. Көршілерде квота – жаза емес, қолдау тетігі.

**3. Көшеге қалай шығады?**

Жұмыс табылған күннің өзінде, көшеге шығу сынақ. Бізде 22 мың нысан бейімделді деген қағаз бар. Бірақ пандус бар, тұтқасы жоқ; бедерлі жол бар, қабырғаға тіреледі; инватакси – бір ауданға біреу.

Ресейде нысан пандус, дыбыстық шамшырақсыз тапсырылса, іске қосылмайды. Орындамағанға 100 000 рубльге дейін айыппұл бар. Әлеуметтік такси жүйелі жүреді. Өзбекстанда әр махаллаға кедергісіз орта төлқұжаты беріледі.

**Түйін**

Күнкөріс деңгейі өспесе, жәрдемақы өспейді. Жәрдемақы аз болса, адам жұмыс іздейді. Ал көше жарамсыз болса, жұмысқа жете алмайды. 800 мың адам – шығын емес, іске қосылмай тұрған күш. 2027 жылы ең төменгі жалақы және күнкөріс деңгейі өссе, осы 800 мың адамның табысы бірден өседі.

---

Опубликовано: 2026-10-27T10:29:00+05:00

Обновлено: 2026-10-28T03:35:12+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-qazaqstanda-800-myng-muegedek-bar-zhaerdemaqy-zhumys-zhaene-pandus-koershilerden-nege-qalyp-qojdyq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.