---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-tarif-4-ese-oesedi-degen-ras-pa-346-trln-turaly-shyndyq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тариф 4 есе өседі деген рас па? 34,6 трлн туралы шындық

![Үкімет Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025-2027 жылдарға арналған жоспарын бекітті](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/image-2.jpg)

Цифрландыру мен жасанды интеллект ұлттық басымдық деп жарияланды. Бірақ бәрінің негізі – жарық. Жарық болмаса, цифр да болмайды, интеллект те істемейді.

[![Фото: Pressfoto / Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/image-2-1024x682.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/03/image-2.jpg)Фото: Pressfoto / Freepik

Сондықтан екінші басымдық – шетелден инвестиция тарту болып отыр. Ал енді сұрақ: энергетика мен жылу, су жүйесін түгел жаңартуға қанша ақша керек, оны кім төлейді?Әуелі санға тоқталайық. 

**34,6 триллион қайдан шықты?**

Қазір үкіметте үш жоба қатар жүр. Біріншісі – 2029 жылға дейін жарық пен жылу жүйесін жаңарту, оған 13,6 триллион керек.

Екіншісі – инфрақұрылым жоспарының энергетикаға қатысты бөлігі, ол 13 триллион. 

Үшіншісі – көмірмен жұмыс істейтін станцияларды дамыту, 8 триллион. 

Осы үшеуін қоссаң, 34,6 триллион шығады.Төрт жылға бөлсек, жылына 8 триллионнан салу керек деген сөз. Ал қазір бүкіл нарықтың өзі жылына 3 триллион ғана айналым жасап отыр. Оның ішінде бірінші жартыжылдықта жарық пен жылуға 1,3 триллион, суға 0,2 триллион төленген. Яғни халық, мекеме, кәсіпкер бәрі қосылып сонша төлеп отыр.Осы жерден дау басталды. Кей сарапшылар былай есептеді: қазіргі 3 триллионның үстіне 8 триллионды қоссақ, 11 триллион болады, демек тарифті 4 есе көтеру керек. Оған шетел несиесінің пайызын қоссаң, тіпті қымбаттайды деді.Бірақ бұл – асығыс есеп.

**Үкімет не дейді?**

Тариф 4 есе өспейдіЭнергетика министрлігі бұл есеппен келіспейді. Олар мұндай күрт өсім болмайды деп отыр. Себебін де түсіндірді.Біріншіден, әлеуметтік сілкініс болмауы үшін тарифті шарықтатпайды. "Тарифті инвестицияға айырбастау" бағдарламасы бойынша өсім жыл сайын, кезең-кезеңімен, 10-20 пайыздан ғана болады.Екіншіден, аз жаққан аз төлейді деген қағида сақталады. Көп жаққандар көп төлейді, аз тұтынатын отбасыларға салмақ түспейді.Үшіншіден, 34,6 триллион бірден салынбайды. Қазірдің өзінде үш жоба бойынша игеру 25 пайыздан аспай тұр. Қағазда 2029 жылға дейін деп тұрғанымен, іс жүзінде ол 10-15 жылға, тіпті 2050 жылға дейін созылады. Яғни 8 триллионды бір жылда емес, ондаған жылға бөліп қайтарады.Сонымен, 4 есе өседі деген сөз – шындыққа жанаспайды.

**БЖЗҚ-****дағы ақша ше?**

Кей сарапшылар "БЖЗҚ-да 27 триллион жатыр, соны тікелей энергетикаға салсақ, тариф 37 пайызға ғана өседі" дейді. Олар БЖЗҚ-ны өрмекшінің торына теңейді. Халықтан тегін алынған ақша Ұлттық банк арқылы 15 пайыздық уға айналып, нақты өндіріске жетпей жатыр дейді.Ал ресми дерек басқаша сөйлейді.БЖЗҚ энергетикаға бар болғаны 1,5 триллион ғана салады. Бұл 34,6 триллионның 5-6 пайызы ғана. Яғни барлық шығын БЖЗҚ есебінен жабылмайды.Оның үстіне бұл ақша тегін берілмейді. БЖЗҚ компанияларға қайтарымсыз ақша бермейді, олардың қарызын – облигациясын сатып алады. Компаниялар жыл сайын оған нарықтық пайыз төлеп отырады, мерзімі біткенде қарызды түгел қайтарады. Қор бұдан пайда көреді, шығын емес.

**Ал қауіпсіздігі ше? **

Мемлекет Әлеуметтік кодекстің 217-бабы бойынша зейнетақы жарнасының сақталуына кепілдік береді. Ақша кез келген жеке компанияға емес, "Самұрық-Қазына", "Бәйтерек" сияқты ірі мемлекеттік холдингтерге ғана салынады. Олардың құлау қаупі аз. Оның үстіне БЖЗҚ-ның жалпы қаржысы 28,4 триллионнан асады, оның ішінде энергетикаға кететін 1,5 триллион – кішкене ғана бөлігі.Сондықтан БЖЗҚ-ға төнетін қауіп жоқ.

**Қалған 33 триллион қайдан келеді?**

Энергетика тек БЖЗҚ мен тариф есебінен жаңармайды. Негізгі қаржы үш жерден келеді. Біріншісі – Ұлттық қор мен бюджет. Екіншісі – Еуропа қайта құру банкі, Азия даму банкі сияқты халықаралық институттардың ұзақ мерзімді несиелері. Үшіншісі – жасыл энергетика мен жаңа станция салатын жеке және шетелдік инвесторлар.Қорытындысы сол: 34,6 триллион – рас сан. Бірақ оны бір жылда, бір көзден, тарифті 4 есе көтеру арқылы жабамыз деген – жалған есеп. Шын мәнінде ол ондаған жылға, бірнеше қаржы көзіне бөлініп салынады. БЖЗҚ соның біреуі ғана, әрі қайтарымды, пайдалы салым ретінде.Ал тариф – бір күнде шарықтамайды, жыл сайын аз-аздан, кезең-кезеңімен ғана өседі.

---

Опубликовано: 2026-10-27T09:48:30+05:00

Обновлено: 2026-10-27T09:48:33+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Басқалары](https://kk.bizmedia.kz/basqalary/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-tarif-4-ese-oesedi-degen-ras-pa-346-trln-turaly-shyndyq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.