---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-wildberries-oetemaqysy-qazaqstandyq-223-satwshynyng-145-mlrd-tenggesi-qashan-qajtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Wildberries өтемақысы: қазақстандық 223 сатушының 1,45 млрд теңгесі қашан қайтады

![Wildberries готовится к выпуску собственной банковской карты_bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/wildberries-gotovitsya-k-vypusku-sobstvennoj-bankovskoj-karty_bizmedia.kz_.jpg)

Ресей қоймасындағы өрт пен дрон шабуылдарынан кейін қазақстандық 223 сатушының 1,45 млрд теңгесі далада қалды. «Атамекен» есеп-қисап жүргізіп жатыр, Сауда министрлігі Wildberries-пен келіссөзде. Бірақ үш айдан асса да, кәсіпкерге әлі нақты акт та, төлем де жеткен жоқ.

[![Фото: РИА Новости / Ирина Алтухова](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/wildberries-gotovitsya-k-vypusku-sobstvennoj-bankovskoj-karty_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/02/wildberries-gotovitsya-k-vypusku-sobstvennoj-bankovskoj-karty_bizmedia.kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Ирина Алтухова

LS порталына «Атамекен» ҰКП берген ресми дерекке қарағанда, 223-тен астам қазақстандық сатушының тіркелген шығыны – 1,45 млрд теңге. Бұл соңғы сома емес. Палатаның өзі: «Wildberries тарапынан ресми өтемақы туралы дерек берілмегендіктен, бұл – арыз бойынша алдын ала есеп қана» деп ашық айтты. Палата компанияға және Сауда министрлігіне хат жолдаған, алғашқы хаттарға жауап болмаған соң, қайталап сұрау салған.Министрліктің LS-ке жауабы: қоймаларда арнайы қызметтер жедел іс-шара жүргізіп жатыр, кіруге рұқсат жоқ. Арнайы регламент жасалып, инвентаризация комиссиясы құрылған. Нақты шығынды санау қараша-желтоқсанда ғана аяқталады. **Тауардың күлін жиғаннан кейін ғана жүйедегі санмен салыстырады.** 

**Wildberries не үшін жауапты?**

Келісімшартта тауар қоймаға қабылданған сәттен бастап сақтауға Wildberries жауапты. Бұл РФ АК 901-бабына сай келеді. Компания бұл қызметті тегін атқармайды – логистика үшін 5-10%, сатылым үшін 10-25% және қоймада жатқаны үшін күндік ақы ұстайды.Ал офертаның 11.3.4-тармағында 1 қазаннан бастап «дрон шабуылы – форс-мажор» деп жазылған. Қазір компания осы бапқа сүйеніп отыр.Бірақ РФ АК 401-бабы бойынша форс-мажор төтенше және бұлтартпас болуы керек. Тәжірибеде ол ТПП РФ куәлігімен дәлелденеді. Дегенмен куәлік – сот үшін шешуші құжат емес, тек бір дәлел. Сот оны мәні бойынша тексереді.Шушары сабағы2024 жылғы 13 қаңтарда Шушары қоймасы өртеніп, 70 мың шаршы метр күлге айналған. Алғашында шығын 10-11 млрд рубль бағаланса, кейін басшы Татьяна Ким 34,9 млрд рубль (400 млн доллар) төленіп, 95% жабылғанын айтқан. Бұл РБК-да расталған. Яғни өтемақы механизмі бар, бірақ қазір ол жұмыс істемей тұр.

Негізгі екі түйін

Бірінші – уақытты созу. Салалық практикада Amazon, Alibaba сияқты платформалар 30 күн ішінде верификацияланған шығын актісін береді. Бізде үш айдан асса да акт жоқ. Бұл сатушының айналым қаражатын қатыру.Екінші – ақпараттың жабықтығы. Компания форс-мажор куәлігін де, сақтандыру полисін де көрсетпей отыр. Салдарынан қазақстандық ИП жеке кабинеттегі өтінішіне айлап жауап ала алмай отыр.Бұл жағдай ЕАЭО туралы Шарттың 4-бабындағы резиденттердің тең құқығы қағидатына қатысты сұрақ тудырады және ЕАЭО-ның Бәсекелестікті қорғау блогына дейін апаратын негіз бола алады.

**Мемлекет көмектесе ме?**

Сауда министрлігі: арнайы жеңілдік жоқ. Екі жалпы тетік бар: 1) кредит ставкасын 3 жылға дейін субсидиялау – бірақ Астана, Алматы, Шымкентке жүрмейді; 2) Салық кодексінің 133-бабы бойынша салықты шегеру – бірақ ол үшін МКК зиянды мойындауы керек, ал зиянды Wildberries-тің өзі мойындамай отыр.

**Түйін**

Қоймадағы тауар күлге айналса да, кәсіпкердің құқығы күлге айналмауы керек. Жеке дауысты Мәскеу естімеуі мүмкін, ал Атамекен алаңындағы 223 кәсіпкердің ұжымдық даусын ЕАЭО да, халықаралық төрелік те естиді

---

Опубликовано: 2026-10-27T09:42:56+05:00

Обновлено: 2026-10-27T09:43:00+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-27-wildberries-oetemaqysy-qazaqstandyq-223-satwshynyng-145-mlrd-tenggesi-qashan-qajtady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.