---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-29-kaspi-degi-aqsha-audarymyna-salyq-1-qarashadan-ne-oezgeredi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Kaspi-дегі ақша аударымына салық: 1 қарашадан не өзгереді?

![Приложение Kaspi.kz на смартфоне](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kaspi.kz-zavershaet-pyatuyu-programmu-obratnogo-vykupa-svoih-gdr_bizmedia.kz_.jpg)

Әлеуметтік желіде "1 қарашадан Kaspi-ге ақша аударсаң, салық ұсталады" деген әңгіме тарап кетті. Көп адам соған сене бастады.

[![Фото: ortalyq.kz.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kaspi.kz-zavershaet-pyatuyu-programmu-obratnogo-vykupa-svoih-gdr_bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kaspi.kz-zavershaet-pyatuyu-programmu-obratnogo-vykupa-svoih-gdr_bizmedia.kz_.jpg)Фото: ortalyq.kz.

Бірақ бұл – жалған ақпарат. Салық комитеті кеше ғана ресми түсінік берді. Оның айтуынша, 1 қарашадан бастап жаңа салық та, жаңа бақылау да енгізілмейді. Ереже бұрынғы күйі қалады. Ол ереже 1 қаңтар 2026-дан бері жұмыс істеп келеді.

## Банк сізді қашан ғана тексереді?

Мұнда ең бастыны түсіну керек. Банк сіз туралы салыққа мәліметті бірден бере салмайды. Ол үшін үш шарт қатарынан орындалуы керек. Біреуі кем болса, мәлімет кетпейді. Бұл шарттар Қаржы министрінің №698 бұйрығында жазылған: Алдымен, ақша 100 және одан да көп әртүрлі адамнан келуі тиіс. Яғни, бір адамнан емес, жүз бөлек адамнан.

Екіншіден, бұл ақша қатарынан үш ай бойы ай сайын үздіксіз келіп тұруы керек.

Үшіншіден, сол үш айдағы жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан асуы керек. 2026 жылы ең төменгі жалақы – 85 000 теңге.

Сондықтан қазіргі шек – 1 020 000 теңге. Сондықтан сізге бір айда 150 адам 2 миллион теңге аударса да, келесі айда ешкім аудармаса, сіз ешқандай тексеріске ілікпейсіз. Банк те салыққа сіздің барлық аударма тарихыңызды бермейді.

## Сонда 1 қарашада не болады?

Шын мәнінде, 1 қарашада ештеңе өзгермейді.Себебі банктер мәліметті күн сайын емес, тоқсан сайын береді. Үшінші тоқсан, яғни шілде, тамыз, қыркүйек айлары үшін банктер мәліметті 15 қазанға дейін өткізіп қойды.

Ал келесі мәлімет тапсыру – төртінші тоқсан үшін. Ол 15 қаңтар 2027 жылы болады. Сондықтан 1 қараша деген – жай қауесет. Ал туыстар арасындағы көмек, қарыз қайтару, тойға ақша жинау, ата-анаға жіберген ақша – бұлардың бәрі табыс емес. Сондықтан оған салық салынбайды.

## Алдағы уақытта шек өсе ме?

Кеше Мемлекет басшысы ең төменгі жалақыны 85 мыңнан 110 мың теңгеге көтеруді тапсырды. Егер ол шешім күшіне енсе, бақылау шегі де автоматты түрде өседі. Яғни, 1 020 000 теңгеден 1 320 000 теңгеге көтеріледі. Бірақ бұл әзірге жоба. Ресми бұйрық әлі шыққан жоқ.

## Қорытынды не?

Біріншіден, 1 қарашадан Kaspi-ге жаңа салық салынбайды.

Екіншіден, егер сіз кәсіпкер болмасаңыз, жай ғана туыстарыңызбен ақша аударысып жүрсеңіз – қорықпаңыз, сізге ештеңе болмайды.

Ал егер сіз тауар сатып, ақшаны жеке картаңызға алып жүрген кәсіпкер болсаңыз, онда сізге ИП ашып, Kaspi Pay қосқан дұрыс. Болмаса алдымен ескерту келеді, сосын 15-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.

---

Опубликовано: 2026-10-29T06:49:19+05:00

Обновлено: 2026-10-29T06:49:22+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-10-29-kaspi-degi-aqsha-audarymyna-salyq-1-qarashadan-ne-oezgeredi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.