---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-01-satybaldynyng-qonaqueji-123-mlrdqa-ketti-qalghan-13-trln-qajda/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# САТЫБАЛДЫНЫҢ ҚОНАҚҮЙІ 12,3 МЛРДҚА КЕТТІ. ҚАЛҒАН 1,3 ТРЛН ҚАЙДА?

![Экономист объяснил, почему укрепление тенге не связано с ростом цен на нефть](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/alexey-demidov-x7vnwode0z8-unsplash.jpg)

Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүй кешені 12,3 млрд теңгеге сатылды. Нысан бұған дейін Қайрат Сатыбалдыға қатысы бар компанияға тиесілі болған және 2023 жылы мемлекетке қайтарылған. Сауда 29 қазанда e-Qazyna алаңында өтті.

[![Фото: Alexey Demidov / Unsplash](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/alexey-demidov-x7vnwode0z8-unsplash-1024x683.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/alexey-demidov-x7vnwode0z8-unsplash.jpg)Фото: Alexey Demidov / Unsplash

Бастапқы баға 38,2 млрд теңге болса да, нысан ең төменгі шекке жақын бағаға кетті. Сатып алушының кім екені жарияланбады. Халықтың сенбеуінің басты себебі – осы.

## Бұл – бір ғана эпизод

Шын мәнінде қайтарылған мүлік тек Сатыбалдымен шектелмейді. Бас прокуратураның соңғы есебінде қайтарылуға тиіс актив 1,3 трлн теңгеден асады. Оның 1,154 трлн-ы нақты қайтарылған. Оның ішінде 1 трлн теңге – ақшалай, 110 млрд – мүлік түрінде. 160 млрд теңге шетелден – БАӘ, Ресей, Түркиядан қайтарылған. Сот арқылы мәжбүрлеп алынғаны – 140 млрд теңге ғана.Заң бойынша активтер ерікті түрде немесе сот шешімімен қайтарылуы мүмкін. Түскен ақша Арнайы мемлекеттік қорға түседі, ал мүлік сатылады немесе мемлекетке беріледі.

## Сатыбалдыдан басқа кім бар?

1. Қайрат Сатыбалды – 732,8 млрд

Ең ірі кейс. Антикор мәліметінше, одан және оған қатысы бар тұлғалардан осы сома қайтарылған.

2. Қайрат Боранбаев – 150 млрдқа жуық

Боранбаев фитнес-орталықты және басқа активтерді 2023 жылы қылмыстық іс аясында мемлекетке берген, жалпы құны шамамен 150 млрд теңгеге бағаланған.Ол не қайтарды?"Қаражанбас Северный" кен орны – 35,4 млрд теңге"Азия Газ Чунджа" – 14 млрд теңге"КазТурбоРемонт" зауыты – 9 млрд теңгеден астамАстанадағы 4 жұлдызды қонақүй – 1,4 млрд теңгеден астам"Алмалы" ТРЦ, Fitnation желісі – 33,8 млрд теңгеБоранбаев 2023 жылы қыркүйекте 6 жылға сотталып, кейін жазасы жеңілдетілген.Бірақ оның қайтарған мүлкі де сатылмай жатыр. Мысалы, Астанадағы Fitnation 2,9 млрд теңгеге сатылымға шығып, сатып алушы табылмаған.

Бұрынғы вице-министр 2022 жылғы 7 қарашада ұсталды. Ол кен орындарын аукционсыз, заңсыз өз адамдарына берген деп айыпталды. Осыдан бюджет ондаған миллиард теңге жоғалтқан. Оның элиталық үйлері мен Cadillac, Maybach, Bentley көліктері тәркіленді.Ақша қайда кетті және неге сенім жоқ?

Қайтарылған қаражаттың бір бөлігі аурухана, мектеп, су құбыры, спорт нысандары мен әуежайлар құрылысына жұмсалған.

Бірақ Orda.kz зерттеуінде айтылғандай, басты проблема – ашықтықтың жоқтығы. Комитет мүлікті кімнен тәркілегенін жасырын ұстайды, ал толық картинаны тек мүлікті басқаратын компанияның есептерінен ғана білуге болады.

## Сарапшылардың пікірі де осы:

Қаржы талдаушысы Расул Рысмамбетов бұл жұмысты науқан емес, тұрақты заң нормасына айналдырып, барынша ашық шығару керек дейді. Саясаттанушы Валерий Володин мобилизация кезеңі бітті, енді әкімшілік енжарлық кезеңі басталды дейді.Не істеу керек?Аукционды онлайн трансляциямен өткізуЖеңімпаздың атын міндетті жариялауӘр активке жеке парақша ашу: кімнен алынды, қалай бағаланды, ақшасы қайда кеттіОсынсыз 12,3 млрдқа сатылған қонақүй де, 2,9 млрдқа сатылмаған фитнес орталығы да халық үшін "өздері сатып, өздері алып жатыр" деген сыбыс болып қала береді.

---

Опубликовано: 2026-11-01T08:21:44+05:00

Обновлено: 2026-11-01T08:21:47+05:00

Авторы: [Султан Даулетов](https://kk.bizmedia.kz/author/sultan-dauletov/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-01-satybaldynyng-qonaqueji-123-mlrdqa-ketti-qalghan-13-trln-qajda/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.