---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-02-ulttyq-bank-pen-uekimet-inflyacziyany-qalaj-tezhedi-2026-zhyly-ne-isteldi-halyqqa-qalaj-aeser-etti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ұлттық Банк пен Үкімет инфляцияны қалай тежеді: 2026 жылы не істелді, халыққа қалай әсер етті

![Инфляция](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/09/tokaev-nazval-glavnoj-problemoj-ekonomiki-strany-inflyacziyu_bizmedia-kz_.jpg)

2026 жылдың тоғыз айында қазақстандықтар бұрынғыдан көп ақша тапты. Бірақ сол ақшаға бұрынғыдан көп зат ала алмады. Өсімнің 94 пайызын инфляция жеп қойды.

[![Фото: Unsplash.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/09/tokaev-nazval-glavnoj-problemoj-ekonomiki-strany-inflyacziyu_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/09/tokaev-nazval-glavnoj-problemoj-ekonomiki-strany-inflyacziyu_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Unsplash.com

Биылғы екінші тоқсанда бір адамның орташа ақшалай табысы 263 691 теңге болды. Былтырғыдан 11,2 пайызға көп. Қағаз жүзінде өсім бар. Ал шын мәнінде өсім жоққа жақын. Инфляцияны алып тастағанда, нақты табыс 0,7 пайызға ғана өскен. Яғни, қолымызға тиген 26 мың теңгенің 24 мыңын базар алып кетті. Жалақыда ахуал тіпті қиын. Бірінші тоқсанда орташа жалақы 461 мың теңге, жұрттың тең жартысы алатын медианалық жалақы 331 мың теңге. Номиналды өсім 11,8 пайыз. Бірақ бағаларды есептегенде, жалақы 2,3 пайызға кеміп кеткен.

## Көп тапқандаймыз, аз тұтынамыз

Жыл басында инфляция 12,3 пайыз еді. Қыркүйекте 9,3 пайызға түсті. Он екі ай қатарынан баяулап келеді. Азық-түлік бағасы екі ай қатарынан арзандап тұр.Ұлттық Банк 23 қазанда базалық мөлшерлемені 15,75 пайызға түсірді. Бірақ Банктің өзі ескертеді: жыл соңында баға қайта үдеуі мүмкін.

Сарапшылар не дейді?Қаржыгерлер қауымдастығы 12 айдан кейінгі инфляция болжамын 10,4-тен 9,7 пайызға түсірді. «Бұл тауар арзандайды деген сөз емес, тек баяу қымбаттайды» дейді. Еуразиялық тұрақтандыру қоры жылды 9,5 пайызбен аяқтаймыз деп отыр. 2027 жылы 8,8 пайызға түсеміз дейді. Бірақ 5 пайыздық межеге жету әлі алыс.

Түйін: Қатаң ақша саясаты инфляцияны тежеді, бірақ табысты да тежеді. Тоғыз айда тапқанымыздың 10 пайызын инфляция жеп қойды.

ҮКІМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ БАНК ТАБЫСТЫ САҚТАУ ҮШІН НЕ ІСТЕДІ?1. Ұлттық Банк – ақшаны қымбаттатты  

Жыл басында базалық мөлшерлемені 18%-да ұстап тұрды. Маусымнан бастап қана түсіре бастады, қазір 15,75%. Мақсаты – сұранысты тежеу, бағаны ұстау.

**Нәтиже**:

нақты мөлшерлеме 5,7%-дан 6,95%-ға көтерілді. Несие қымбат, депозит пайдалы болды. Халық ақшасын жаратудан гөрі жинауға көшті. Бұл инфляцияны 12,3%-дан 9,3%-ға түсірді.Сонымен қатар Үкімет, Ұлттық Банк және Қаржы нарығын реттеу агенттігі бірігіп 2026-2028 жылдарға арналған Макроэкономикалық тұрақтандырудың бірлескен бағдарламасын іске қосты.2. Үкімет – сөредегі бағаны ұстады.

Сауда министрлігінің есебі:Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың баға өсімі жыл басынан бері 1,8% ғана. Былтыр осы кезде 8,3% еді. 4,6 есе аз.Қант 2,4%, пияз 1,7% арзандады.Қысқа дайындық: жылыжай иелерімен меморандум – қияр, қызанақ қымбаттамасын деп.Bereke Fest және Republic Day жәрмеңкелері – 649 сауда нүктесінде бағаны түсіру акциясы.3. Табысты тікелей көтеру әрекеті.

Вице-премьер Серік Жұманғариннің баяндамасы бойынша, инфляцияны тежеу – нақты табысты өсірудің бір жолы деп көрсетілді. Нәтижесінде II тоқсанда нақты ақшалай табыс I тоқсандағы 0,1%-дан 0,7%-ға өсті.

## АЛ ХАЛЫҚҚА ҚАЛАЙ СЕЗІЛДІ?

Халыққа екі түрлі сезілді:Қағазда – оң, дүкенде – теріс.Плюс: Азық-түліктің баяу қымбаттағаны сезілді. Қант, пияз, күріш арзандады. Жалпы азық-түлік инфляциясы -0,1% дефляцияда.Минус: Жалақы өскенімен, сатып алу қабілеті өскен жоқ. Орташа жалақы 461 мың болса да, нақты 2,3%-ға құлдырады. Адамдар «көп табам, бірақ жетпейді» деп отыр.Қысқы қауіп: Картоп 2,4%, қияр 4,6%, қызанақ 3,7% қымбаттап кетті. Халық мұны бірден сезді. Қыста көкөніс тағы қымбаттайды деген күдік бар.

## Қарапайым тілмен:

Үкімет пен Ұлттық Банк бағаның шарықтауын тоқтатты, бірақ бағаны түсіре алмады. Табыстың құлдырауын тоқтатты, бірақ өсіре алмады.

---

Опубликовано: 2026-11-02T10:54:15+05:00

Обновлено: 2026-11-02T10:54:18+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-02-ulttyq-bank-pen-uekimet-inflyacziyany-qalaj-tezhedi-2026-zhyly-ne-isteldi-halyqqa-qalaj-aeser-etti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.