---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-03-iri-biznesting-bankterdegi-qaryzy-69-trln-gha-dejin-azajdy-aqsha-qajda-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ірі бизнестің банктердегі қарызы 6,9 трлн-ға дейін азайды: ақша қайда кетті?

![Что нужно знать бизнесу о новых правилах налоговой отчетности, юрлиц, ЭСФ, Молодежный бизнес, Іскер аймақ](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/12/screenshot-2025-12-17-at-14-12-35.jpg)

Ірі бизнес қазақ банктерінен бас тартты. Бір жылда ірі бизнестің несиесі 2,8 пайызға азайып, 6,9 трлн теңгеге түскенде, шағын және орта бизнес 22,9 пайызға өсіп 12,9 трлн-ға жетті. Бизнеске берілген барлық 19,8 трлн-ның жартысынан көбі енді шағын бизнесте. Себебі несие сомасы Алматыда 21 пайыз, Лондонда 5 пайыз.

[![Фото: Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/12/screenshot-2025-12-17-at-14-12-35-1024x666.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/12/screenshot-2025-12-17-at-14-12-35.jpg)Фото: Freepik.com

## 6,9 трлн қайда кетті? Бұл қандай сома?

6,9 трлн – кеткен ақша емес, қалған ақша. Бұл – қазан айындағы жағдай бойынша қазақ банктерінде жатқан ірі бизнестің барлық қарызының қалдығы. Яғни, еліміздегі барлық ірі компаниялардың банктерге қарызын қосқанда 6,9 трлн. Бір жыл бұрын бұл сома 7,1 трлн болған. Сонда 200 млрд теңге азайған. Бұл 2,8 пайыз құлдырау.

Салыстыру үшін:  6,9 трлн теңге – шамамен 14 млрд доллар. Бұл – Қазақстанның 1 жылдық бюджетінің үштен бірі. Бір ғана Самұрық-Қазынаның Лондонда шығарғалы жатқан 1,5 млрд доллары – біздің ірі бизнестің барлық қарызының 10 пайызы.

Егер ірі бизнес банкке 6,9 трлн қарыз болса, ал шағын бизнес 12,9 трлн қарыз болса, бұл дегеніміз – банктер енді заводқа емес, дүкенге, кафеге, шағын цехқа ақша беріп жатыр. Ал ірі заводтар ақшаны сырттан алып жатыр. Олар 200 млрд-ты біздің банкке қайтарып, 1 млрд долларды Лондоннан алған. Сондықтан статистикада минус көрініп тұр.

## Неге сыртқа кетеді?

Қазақстандық банктерде бизнес несиесінің орташа мөлшерлемесі 21,3 пайыз тұрғанда, Самұрық-Қазына қоры еурооблигациясын Лондон, Гонконг және Астана биржаларында 5-6 пайызбен орналастырып жатыр.

Қаржыгерлер қауымдастығының дерегі: бизнесті несиелеудің 65 пайызы ғана екінші деңгейлі банктерге тиесілі. 13 пайызы – Даму Банкі, 22 пайызы – Бәйтерек холдингінің басқа компаниялары.

## Кім кепіл болады?

 Қазіргі жүйе кері жұмыс істейді. 7 млрд теңгеге дейінгі жобаға мемлекет 85 пайыз кепілдік береді, ал 7 млрд-тан жоғары ірі жобаларға Бәйтерек қоры небәрі 30 пайыз береді. Сырттан қарыз алғанда кепіл – Самұрық-Қазынаның өзі немесе Үкімет.

**Үкімет пен Ұлттық банк не істеуі керек:******

1. Ұзақ теңгелік ақша. Ұлттық банкте 7,5-8 трлн теңге артық өтімділік бар, бірақ ол 7 күндік. Даму Банкі арқылы 10 жылдық, 12,6 пайыздық Өрлеу бағдарламасын 7 млрд-тан 20 млрд теңгеге дейін көтеру керек.
2. Синдикат заңы. 3-4 банктің бірігіп, бір ірі жобаны қаржыландыруына рұқсат беретін заң қабылдау қажет.
3. Кепілдікті төңкеру. Ірі жобаларға кепілдікті 30 пайыздан 50 пайызға көтеру.
4. Салық жеңілдігі. Қазақстанда алынған инвестициялық несиенің пайызын салықтан 150 пайыз көлемінде шегеру.
5. Валюталық своп. Даму Банкі арқылы кәсіпкерге теңгемен 12,6 пайызбен беріп, оның долларлық қарызын мемлекет хеджирлеуі тиіс.Олай болмаса, келесі жылы ірі бизнестің портфелі 6,9 трлн емес, 5 трлн болады. Қалғаны толық Лондонға кетеді.

---

Опубликовано: 2026-11-03T11:59:06+05:00

Обновлено: 2026-11-03T11:59:09+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-03-iri-biznesting-bankterdegi-qaryzy-69-trln-gha-dejin-azajdy-aqsha-qajda-ketti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.