---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-05-daeri-baghasy-216-gha-qymbattady-paraczetamol-50-aspirin-65/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дәрі бағасы 21,6%-ға қымбаттады: парацетамол 50%, аспирин 65%

![Дәрі бағасы 21,6%-ға қымбаттады: парацетамол 50%, аспирин 65%](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/08/lekarstva.jpg)

Дәріханаға барған сайын қалта жұқарып барады. Алматылық Гүлнар апай ай сайын үш түрлі дәрі ішеді. Былтыр осы үш дәріге 12 мың теңге кетсе, биыл 19 мың теңге кетеді.

[![Фото: РИА Новости / Владимир Федоренко](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/08/lekarstva-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/08/lekarstva.jpg)Фото: РИА Новости / Владимир Федоренко

**Үрейлі статистика өзгерді ме?**

Ұлттық статистика бюросының дерегі сол: бір жылда дәрі 21,6%-ға қымбаттаған. Ал жалпы қымбатшылық – 9,8%.Яғни нан, ет бағасы бір қалыппен өсіп жатқанда, дәрі екі есе жылдам қымбаттап барады.Жекелеп алсақ, сурет тіпті ауыр:Парацетамол – 50%-ғаНо-шпа – 57%-ғаАспирин – 65%-ға қымбаттаған. 

**Министрлік не дейді?**

3 қарашада Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова басқа санды атады:«Үш мыңнан астам дәрінің 799-інің бағасы түсті. Бұл – әр төртінші дәрі»Министрдің сөзіне сенсек, жағдай жаман емес.

**Сонда кім дұрыс айтып тұр?**

Екі есептің айырмасы неде?Статистика бюросы адамның шығынын есептейді. Гүлнар апай сияқты адам дәріханада қанша ақша қалдырды – соны қарайды.Ал министрлік дәрінің түрін есептейді. Қанша атаудың бағасы түсті – соны айтады.799 түрі арзандаса да, жұрт күнде ішетін парацетамол, Но-шпа, аспирин қымбаттаса – адамның қалтасы босамайды.Министр бұны «есептеу тәсілі басқа» деп түсіндірді. Енді цифрлық таңбалау жүйесін статистика бюросына ашып береді.Бірақ адамға «қанша түрі арзандады» емес, «мен бүгін қанша төлеймін» дегені маңызды.

**Жыл сайын қанша теңгеге дәрі аламыз? Импо****рт қанша?**

Қазақстан жылына 1 трлн 285 млрд теңгеге дәрі ішеді. Бұл – 2 жылда 31%-ға өскен нарық.Ал сонда өзіміздікі қанша, шеттен келетіні қанша?

Мұнда екі түрлі есеп бар:Қорап санымен алсақ, әр 100 қораптың 42-сі – Қазақстанда жасалған. **Ақшамен алсақ, әр 100 ****теңгенің 85 теңгесі – шетелге кетеді****. ****Неге? **

Себебі біз арзан дәріні өзіміз жасаймыз, ал қымбат, күрделі дәріні шеттен аламыз.

Санмен айтсақ:

Өзіміз өндіргені – 191 млрд теңге

Шеттен сатып алғанымыз – шамамен 1 трлн 94 млрд теңге. 

Биыл 8 айда өзіміз 157 млрд теңгенің дәрісін шығардық. Бұл өткен жылдан 30%-ға көп.

**Ал экспорт ше?**

Экспорт әзірге аз, бірақ тез өсіп жатыр. Соңғы 2 жылда 1,9 есе өскен. Тек 2025 жылы ғана 17,8%-ға өскен.Қайда сатамыз? Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Молдова. Қыркүйекте Шымкенттің дәрісі алғаш рет Болгарияға кетті.Яғни қазіргі сурет мынау: жылына 1,3 трлн теңгеге дәрі ішеміз, оның 1,1 трлн-ы – импорт. Өзіміз тек арзан дәріні жасаймыз, қымбат дәріге әлі тәуелдіміз.Тегін дәрі: тізім қайта қараладыТегін дәрі алатындар 2019 жылы 2,5 млн болса, қазір 3,4 млн адамға жеткен. Бөлінетін ақша 83 миллиардтан 272,9 миллиардқа өскен.Бірақ шағым азайған жоқ. Адам дәрісін уақытында ала алмайды, кейде басқа түріне ауыстырып береді.

Премьер Олжас Бектеновтың айтуынша, адам өзіне тиесілі дәріні қайдан, қашан алатынын білуі керек. Дәрісін ауыстырса, себебін жай тілмен айту керек. Енді тізімге 14 ауруға арналған 22 жаңа дәрі қосылады, ал сұранысы аз деген 52 дәрі алынып тасталады.

«Әлеуметтік әмиянмен» электронды **рецептпен беру 82%-ға жеткен.**

**Өзіміздің зауыт – қашан?**

Өткен жылы отандық дәрі өндірісі 37%-ға өскен. Биыл 8 айда 157 миллиард теңгенің дәрісі шыққан.Тағы 8 жобаға 862 миллион доллар келісілген. Осы жобалар іске қосылса, 494 жаңа түрлі дәрі өзімізде шығарылады.Бектенов:«Шеттен әкеліп қаптаумен шектелмеу керек. Бастан-аяқ өзіміз шығаратын зауыт керек»

**Түйін**

Үкімет баға түскенін, цифрландырылғанымызды айтып жатыр.  Ал біздің есеп басқа. Былтыр былтыр 12 мың еді, биыл 19 мың. Дәрінің қолжетімділігі – қағаздағы санмен емес, дәріханадағы бағамен өлшенеді.

---

Опубликовано: 2026-11-05T10:19:59+05:00

Обновлено: 2026-11-05T10:20:03+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-05-daeri-baghasy-216-gha-qymbattady-paraczetamol-50-aspirin-65/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.