---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-06-dollar-qajdan-keldi-qajda-toqtajdy-408-milliardtyng-syry/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Доллар қайдан келді, қайда тоқтайды? 40,8 миллиардтың сыры

![Доллар валюта](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/sibirka-dollar-7948837_1280-edited.jpg)

Қазан айында Қазақстан саудасында бір қызық жайт болды. Ресми құн – 451,87 теңге. Ал банктердің бір-бірімен тікелей келісімінде доллар – 448,6 теңге. Айырма – 3 теңгеден астам.Бұл – құнды кім белгілеп отыр деген сұрақ.Ақша екі жерде сатылады.

[![Фото: Сибирка / Pixabay](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/sibirka-dollar-7948837_1280-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/sibirka-dollar-7948837_1280-edited.jpg)Фото: Сибирка / Pixabay

Біріншісі – KASE, ашық алаң. 

Екіншісі – алаңнан тыс сауда, банктердің тікелей келісімі. І рі көлемге осы жол қолайлы.

**Қазанда дәл осы жолмен алыс-беріс көлемі 40****,8 млрд долларға жетті**

Оның 35,2 млрд-ы – алуда, 35,1 млрд-ы – сатуда – шетелдік банктерменжасалған. Яғни сауданың 86%-ы – сыртқы банктердің қолында.Құн да екі түрлі. Отандық банктер арасында – 451,6 теңге, шетелдіктермен – 448,2 теңге. Шетелдік банк долларды 3,4 теңгеге арзан сатып отыр.Рубльде де – сол жайт: алу 24,7 млрд, сату 23,1 млрд рубль, шетелдіктер басым. Ал еурода – керісінше, ішкі сауда: 1,8 млрд еуроның 1,7 млрд-тан астамы – отандық банктер арасында. Юань – әзірге аз, 35,5 млн юань.Бұл бір жолғы емес. Тамызда – 38,6 млрд, шілдеден 13% көп. Қазанда – 40,8 млрд. Көлем ай сайын өсіп келеді.

**Сонда – бұл доллар қайдан келді? **

Жауап – тек Қазақстанда емес, дүниежүзілік ақша қозғалысында жатыр. АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 трлн доллардан асты. Ірі қаржы иелері ақшаны қағаздан емес, нақты дүниеден – алтыннан, шикізаттан іздей бастады. Орталық банктер де қорын алтынмен толықтырып жатыр. Біздегі алтын ағынының өсуі – осының көрінісі.Осы жерде білгірлер бір әңгімеге қосылады.

Белгілі қаржыгер Ғалым Хусаиновтың айтуынша, Ұлттық Банк алтынды теңгемен сатып алып, сол құнға тең шетел ақшасын саудаға шығарады. Әдетте кен өндіруші шетел ақшасын тек шығынына қажет мөлшерде ғана сатады, ал бізде алтынның түгел құны саудаға түседі. Тек қаңтар-тамызда – 5,9 млрд доллар, былтырғыдан 57% көп. Қалған бесеуі: Ұлттық қордан аударым, экспорт түсімі, квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарызы, шетел ақшасымен несие алу, жоғары негізгі өсім. 

> «Қысқа мерзімде құнды болжау қиын. Сауда таяз. Бірақ ұзақ мерзімде теңге біртіндеп әлсірейді. Маңыздысы – бұл қозғалыс біртіндеп болуы керек»»дейді сарапшы. 

Келесі сарапшы Мұрат Темірхановтың айтуынша, 9 айда қор алаңындағы доллар саудасы 70,4 млрд доллар болды. Былтыр – 43,4 млрд. Ұсыныс 27 млрд-қа өсті. Мұны экспортпен түсіндіру қиын. Экспорт 11-12 млрд-қа ғана өсті. Шетелдіктердің мемлекеттік борыш қағаздарындағы үлесі – 2,3 млрд-қа ғана өсті. Яғни алты себептің өзі – 27 млрд-ты түгел түсіндірмейді. Ол тағы бір жайтты байқайды: қыркүйекте Ұлттық Банктің таза шетел ақшасы ұсынысы 46 млн долларға түскен – 2024 жылдан бергі ең төмен деңгей. Бұл – теңгенің одан әрі нығаюын тежеу үшін жасалған жасырын шара болуы мүмкін. 

> «Төлем теңгерімінде де бұл артық доллардың көзін табу мүмкін емес»» дейді М. Темірханов, 

«Себептердің бірі – өзімізден. Негізгі өсім жоғары. Несие қымбат, салым өсімі жоғары. Сондықтан ақшаны теңгеде сақтау тиімді» деген пікірді сарапшылардың біразы қолдап отыр. Себебі доллар жуық арада 450 теңгеден төмен түспейді, 450-470 аралығында тұрақтанады.

Ал Ұлттық Банк өкілі Ерлан Жамаубаев айтқанындай9 айда теңге 13,7%-ға нығайып, 440,5 теңгеге жеткен. Шетелдіктердің мемлекеттік борыш қағаздарына салған қаржысы – 786 млрд теңгеге өсіп, 2,6 трлн-ға жеткен. Ұлттық қордан сатылған шетел ақшасы – 2,8 млрд доллар, алтынды сатып алуды өтеу аясында айналымнан алынған теңге – 3,2 трлн теңге.

**Түйін**: 

Доллар 448,6 теңгеге – қор алаңында емес, алаңнан тыс саудада түсті. Ол сауданың 86%-ын шетелдік банктер басқарып отыр. Егер ағын жалғаса берсе, доллар 440-450-де тұрақтап, одан төмен түспейді. Ал ағын тоқтаса – алдымен 470-490, одан кейін 500-515-ке дейін қайта көтеріледі.Кәсіпке керегі – құнның 440 па, 490 па екені емес. Кәсіпке керегі – сол 35,2 млрд доллардың көзі қайда екенін білу. Ұлттық Банк осы сұраққа ашық жауап бермейінше, «доллар неге өсті?» деген сұрақ – ашық күйінде қала береді.

---

Опубликовано: 2026-11-06T11:46:41+05:00

Обновлено: 2026-11-06T11:46:43+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-06-dollar-qajdan-keldi-qajda-toqtajdy-408-milliardtyng-syry/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.