---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-06-oengirler-nege-tengestiruden-qutyla-almaj-otyr/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Өңірлер неге теңестіруден құтыла алмай отыр?

![Налоги бухгалтер работа](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited.jpg)

Барлық өңірге бірдей ақша берсек – бәрі бірдей дамиды деп ойлаймыз. Бірақ нәтиже керісінше: ешкім мықты болмай шықты. Бұл – мемлекеттің де, бизнестің де ортақ проблемасы.

[![Фото: pressfoto / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/screenshot-2026-03-11-at-16-51-54-edited.jpg)Фото: pressfoto / Freepik.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында экономиканың негізгі салаларын ұзақмерзімді несиелендіруді кеңейтуді тапсырды. Ол үшін банктер, даму институттары, халықаралық ұйымдар мен БЖЗҚ жаңа тетіктерді іске қосуы керек. «Бірақ бұл ақша қай өңірге, қай салаға баруы керек?» сауалға келгенде тығырыққа тіреліп қаламыз

Сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, әр өңір өзінің бәсекелестік артықшылықтары – шикізат базасы, өңдеу, логистика, энергетика немесе агроөнеркәсіп айналасында инвестициялық бағдарлама құруы керек. 

.Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев теңестіруден бас тарту және құзырет бар маңызды салаларға назар аудару керек. Бұл қарапайым естіледі. 

**Неге біз теңестіруден құтыла алмай отырмыз?**

Әр өңірде зауыт керек, әр өңірде агроөнеркәсіп керек, әр өңірде логистика керек, әр өңірде туризм керек деп ойлаймыз.Нәтижесінде – ешқайсысы толық болмайды. Бір өңірде мұнай өңдеу зауыты болса, екіншісі де «маған да керек» дейді. Бірінде IT-парк ашылса, бәрі ашады. Ал экономика олай жұмыс істемейді. Павлодарда энергетика мен металлургия мықты болса, оны күшейту керек. Қостанайда – астық пен өңдеу. Маңғыстауда – мұнай-газ қызметі мен логистика. Алматы облысында – логистика мен тамақ өнеркәсібі. Түркістанда – туризм мен агроөнеркәсіп.

Инфрақұрылымды жаңғыртуға Ұлттық қордан 6,5 трлн теңге бөлінеді. Бұл – үлкен ақша. Бірақ ол да «барлығына бірдей» деген қағидатпен бөлінсе – мықты өңір де, әлсіз өңір де жартылай жөнделіп шығады.Мысалы, бір өңірде логистикалық хаб салу үшін 300 млрд керек болса, оған 50 млрд берсек – хаб салынбайды. Тек жолдың бір бөлігі жөнделеді.

«Кадр да теңестірудің құрбаны. Мектептері толып кеткен, медицинасы қолжетімсіз қалаға инженерлер мен білікті жұмысшылар бармайды», – деді Жұмағұлов.

**Мықты өңірдің артықшылығы – тек шикізат емес, адам**

Ал адам – мектеп, аурухана, жылу, су, жол бар жерге барады.Егер кадр дайындауды да «барлық өңірге бірдей колледж» деп бөлсек –ешбір өңірде мықты инженерлік мектеп қалыптаспайды. Қостанайда агроинженерлер, Қарағандыда металлургтер, Атырауда мұнайшылар дайындалуы керек. Барлығында барлығы емес.

**Қорытынды**

Теңестіру – бұл мейірімділік емес, бұл экономикалық әлсіздік.Біз барлық өңірді бірдей дамытамыз деп, ешбір өңірді мықты ете алмай отырмыз. Ал әлемде дәл керісінше: бір өңір мықты болса, ол бүкіл елді сүйрейді.Чеботарев айтқандай: «Ескі арналарға ақша құйсақ – нәтиже де ескі болады».Ендігі сұрақ – саяси ерікте: қай өңір «менде бәрі емес, тек мынау болады» деп айтуға дайын?

---

Опубликовано: 2026-11-06T07:15:00+05:00

Обновлено: 2026-11-06T07:28:49+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-06-oengirler-nege-tengestiruden-qutyla-almaj-otyr/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.