---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-06-qazaqstan-byudzhet-tapshylyghyn-qalaj-zhabady-35-mlrd-dollardy-syrttan-surajmyz/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан бюджет тапшылығын қалай жабады? 3,5 млрд долларды сырттан сұраймыз 

![доллар](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/closeup-shot-three-fifty-one-hundred-dollars-bills-edited.jpg)

Қазақстан бюджет тапшылығын жабу үшін сыртқы қаржы көздеріне жүгініп отыр. Бұл туралы Қаржы министрі Мәди Тәкиев 4 қарашада Құрылтайда өткен брифингте айтты. Осы уақытқа дейін бұл қарыздар көбіне даму жобаларымен байланыстырылып келсе, енді министр олардың тапшылықты жабуға бағытталатынын ашық айтты.

[![Фото: wirestock / Magnific](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/closeup-shot-three-fifty-one-hundred-dollars-bills-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/06/closeup-shot-three-fifty-one-hundred-dollars-bills-edited.jpg)Фото: wirestock / Magnific

**Министр не деді?**

«Біз үш халықаралық қаржы ұйымынан қарыз алдық. Бүгін Азия даму банкінен алдық. Дүниежүзілік банкінен алдық. Барлығын қосқанда 1,5 млрд доллар алдық. Жылдың соңына дейін 500 млн доллар қалды», – деді Тәкиев.

Ол бұл бұл ақшамен бюджет тапшылығы жабылады»

**Цирфлар ****не дейді?**

2026 жылғы республикалық бюджеттің негізгі көрсеткіштері мынадай:

Кіріс – 19 трлн теңге

Шығыс – 30 трлн теңге

Тапшылық – 4,6 трлн теңге

Тапшылық екі көзден ішкі нарықтан және сыртқы нарықтан жабылады: Сыртқы нарықтан биыл 1,6 трлн теңге немесе 3,5 млрд доллар алу көзделген.Оның құрамы:1 млрд доллар – көктемде Дүниежүзілік банк пен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен алынған1,5 млрд доллар – Қытайда панда-облигация шығару арқылы тартылған, өсімі – 1,82%500 млн доллар – Азия даму банкінен, 15 жылға, 3 жыл жеңілдік кезеңімен, өсімі – 1,69%Жыл соңына дейін тағы 500 млн доллар тарту жоспарда тұр. Нарықтағы жағдайға қарай ол еуромен алынуы мүмкін.

**2027 жыл****ы не болады?**

Министр келесі жылдың жоспарына да тоқталды. 2027 жылы бюджет тапшылығы 4,5 трлн теңге болады деп болжануда. Оның 1,5 трлн теңгесі халықаралық ұйымдардан алынатын қарыз есебінен жабылады.Яғни сыртқы қарыз – бір реттік шара емес, алдағы жылдарға да жалғасатын тәжірибеге айналып отыр.Қаражат қайда бағытталады?Ресми түсіндірмеде бұл қаражат жол инфрақұрылымы мен денсаулық сақтау салаларын қаржыландыруға бағытталады делінеді.Бұл жерде екі түсінік қатар жүр. Бір жағынан, қарыз бюджеттің жалпы тапшылығын жабады. Екінші жағынан, тапшылық жабылған соң, босаған қаражат әлеуметтік маңызы бар салаларға бөлінеді.Осы байланыс қоғамда жиі шатасу тудырады. Сондықтан министрдің «тапшылықты жабамыз» деген сөзі – мәселенің мәнін аша түседі.

Қазір алып жатқан қарызды республикалық бюджет толық өтейді. Бұл – алдын ала жоспарланған бюджет. Салықты көтеру мәселесі күн тәртібінде жоқ.

**Түйін** 

Қарыз алудың өзі – әлемдік тәжірибеде қалыпты құрал. Мәселе – оның қандай мақсатқа және қандай шартпен алынатынында.Егер қарыз жаңа табыс әкелетін жобаларға салынса – бұл дамуға салынған инвестиция. Егер ол тек ағымдағы шығынның орнын толтыруға кетсе – бұл ертеңгі тапшылықты бүгін шешу деген сөз.Қазақстан қазір осы екі мақсаттың арасында тұр. Алдағы жылдарда бюджет кірісін арттыру – осы тепе-теңдікті түзетудің басты жолы болады.

---

Опубликовано: 2026-11-06T07:39:51+05:00

Обновлено: 2026-11-06T07:39:54+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-06-qazaqstan-byudzhet-tapshylyghyn-qalaj-zhabady-35-mlrd-dollardy-syrttan-surajmyz/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.