---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-08-zheksenbilik-dajdzhest-qarzhy-ekonomika-aptanyng-nuektesi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жексенбілік дайджест: Қаржы &#8212; Экономика. Аптаның нүктесі

![Курсом тенге и заморозкой тарифов объясняется снижение инфляции в марте ](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/screenshot-2026-04-06-at-15-22-45.jpg)

Бұл аптада теңге тағы нығайды — доллар 447 теңгеге дейін түсті. Бірақ мықты теңге — бәріне жақсы емес: бюджет 490 миллиард теңге НДС-тен қағылды. Ал экономика 4,2%-ға өсті, банктер 1,8 триллион пайда тапты, ал халықтың қарызы рекордқа жетті.

[![Фото: muhammad.abdullah / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/screenshot-2026-04-06-at-15-22-45-1024x556.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/screenshot-2026-04-06-at-15-22-45.jpg)Фото: muhammad.abdullah / Freepik.com

## Мықты теңге — бюджетке қауіп пе?

Аптаның ең көп талқыланған тақырыбы — теңге.7 қарашада Ұлттық банктің ресми бағамы: 1 доллар — 447,14 теңге. Бір апта бұрын 453,77 еді. Бір күнде 4 теңгеге нығайды.Бірақ экономист Ғалым Хұсайыновтың ескертуі бар: «Мықты теңге бюджетке қауіпті». Себебі бюджет 2026 жылға 540 теңгеден есептелген. Ал доллар шын мәнінде 85-95 теңгеге арзан. Соның кесірінен қаңтар-тамызда НДС-тен түсім жоспардан 490 млрд теңгеге кем түскен. Қаржы министрлігі жылдық болжамды 2-2,2 трлн теңгеге төмендетті.

## Теңгені не ұстап тұр?

Ұлттық банктің алтын сатуы — тек қаңтар-тамызда 5,9 млрд доллар сатылған, былтырғыдан 57%-ға көп. Плюс — Ұлттық қордан трансферт, мұнай, уран, мыс экспорты. Бизмедиа түйіні: Импорт арзандады — инфляция 9,3%-ға түсті. Бірақ бюджетке ақша аз түсіп жатыр. Мықты теңге — халыққа жақсы, бюджетке — ауыр.

Экономика 4,2%-ға өсті, бірақ мұнайсыз. 9 айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі — 4,2%. Мұнай өндірісі 8,3%-ға құлдырап, 69,4 млн тонна болды.

Өсімді шикізат емес, шикізатсыз сектор берді — 5,4% өсті.

Ең көп өскендер: құрылыс — 11,5%, өңдеу өнеркәсібі — 8,6%, көлік — 7,2%, сауда — 6,2%.Инвестиция — 16,1 трлн теңге, 7%-ға өсті. Оның 85,7%-ы — жеке инвестиция!2. Мемлекеттік қарыз — 38,8 трлн теңге.

## Қауіп бар ма?

Қаржы министрі Мәди Тәкиев 4 қарашада Мемлекеттік қарыз — 38,8 трлн теңге, ЖІӨ-нің 20,2%. Шекті деңгей — 32%. 2030 жылға дейін стресс-тест бойынша 25%-дан аспайТЫНЫН АЙТТЫ. Бюджет тапшылығы қазір ЖІӨ-нің 2,5%. 2029 жылға қарай 0,4%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Банктер — 1,8 трлн пайда, халық — 26,7 трлн қарыз9 айда екінші деңгейлі банктердің таза пайдасы — 1,812 трлн теңге. Былтырғыдан 11,6%-ға баяулаған, бірақ әлі орасан. Ал халықтың банктер алдындағы қарызы рекордқа жетті — 26,67 трлн теңге. Оның 17,74 трлн теңгесі — тұтынушылық несиелер, яғни 66%.

## Банктер тұтынушылық несиеден ақша тауып жатыр, ал халық қарызға батып жатыр

 Бұл — аптаның ең ауыр теңгерімсіздігі.4. Бизнеске жеңілдік несие — 7 қарашадан жаңа ереже 7 қарашадан «Өрлеу» бағдарламасы бойынша жеңілдік несие ережесі өзгерді:Максимал сома — 1,5 млрд теңгеге дейін өстіМөлшерлеме — 12,6%.

Бірақ қолдау мерзімі 3 жылдан 1 жылға қысқардыШарты: бір қызметкерге шаққандағы түсім кемінде 10%-ға өсуі керек, жалақы қоры инфляциядан төмен болмауы керек. Шешімді енді «Даму» қоры 5 жұмыс күнінде қабылдайды.

## Капитал нарығы — 74 млрд доллар! 5 миллион инвестор!

Үкіметте «Капитал нарығы туралы» жаңа заң жобасы таныстырылды.Соңғы 5 жылда:Акция нарығының капиталдануы — 74 млрд долларға, ЖІӨ-нің 27%-ына жеттіИнвесторлар шоты — 137 мыңнан 4,5 млн-нан асты!Бағалы қағаздар нарығы — 51,1 трлн теңгеден 99,8 трлн теңгеге өсті2030 жылға дейінгі бағдарламада 7 бағыт, 35 бастама бар: IPO-ны кеңейту, ШОБ-тың биржаға шығуы, зейнетақы активтерін дамыту.

## ҚОРЫТЫНДЫ — АПТАНЫҢ НҮКТЕСІ:

Аптаның нүктесі — бір сөз: ТЕҢГЕ.

Теңге мықты — инфляция түсті, импорт арзандады.

Теңге мықты — бюджет ақша жетіспей жатыр, экспортшылар қысылып жатыр.Бұл теңгерімді Ұлттық банк желтоқсанға дейін қалай ұстайды — соны келесі аптада көреміз.

---

Опубликовано: 2026-11-08T06:52:41+05:00

Обновлено: 2026-11-08T06:52:44+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-08-zheksenbilik-dajdzhest-qarzhy-ekonomika-aptanyng-nuektesi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.