---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-09-byudzhet-biz-nege-munajdy-taetti-baelishke-oezgelerdi-tek-arzan-kaempitke-ajnaldyrdyq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бюджет: Біз неге мұнайды «тәтті бәлішке», өзгелерді тек «арзан кәмпитке» айналдырдық

![Добыча нефти](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology.jpg)

Қаржы министрлігінің есебінде бюджет кірісінің 72,2 пайызға орындалғаны айтылған. Жоспардағы 22,89 трлн теңгенің орнына 16,53 трлн жиналды.

[![ИИ-иллюстрация atlascompany / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology-1024x578.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/oil-rig-created-with-generative-ai-technology.jpg)ИИ-иллюстрация atlascompany / Freepik.com

Бюджет шығысы жоспардың 71,5 пайызын орындап қойған. Кіріс – 16,53 трлн, шығыс – 18,74 трлн. Тапшылық – 2,9 трлн теңге. Мұнайға қатысты емес тапшылық – 7,26 трлн теңге. Осы тапшылықты Ұлттық қордан алынған 2,77 трлн теңге лимитпен жаптық. Бірақ Ұлттық қордың өзі негізінен мұнай ақшасынан толығады. Демек тапшылықты жабу үшін тағы да мұнайға қол создық.

## Бізде не бар: Бірақ

Әлемдік уранның 40 пайыздан астамы — бізде. Алтын. Жыл сайын 130 тоннадан астам өндіреміз.Мыс. «Қазақмыс», KAZ Minerals. Мыс — «жаңа мұнай» деп аталады, өйткені электр көлігі, жасанды интеллект, жасыл энергетиканың бәрі мысқа тәуелді. Сирек металдар. Литий, бериллий, тантал, ниобий — бәрі бар.Мәселе байлықтың жоқтығында емес.

## Мәселе — ауқымда, жүйеде және келісімшартта

Нарық ауқымы: мұнай — басқа деңгей Мұнай нарығы кез келген металл нарығынан ондаған есе үлкен. Біз жылына 90 млн тоннаға жуық мұнай өндіреміз. Оның басым бөлігі экспортқа шығып, елге миллиардтаған доллар әкеледі. Ураннан әлемде 1-орында тұрсақ та, дүниежүзілік уран нарығының ақшалай көлемі өте шағын. Уран мұнай сияқты күнделікті жағылатын өнім емес, оны тек АЭС-тер аз мөлшерде сатып алады. Алтын мен мыстың жалпы экспортынан түсетін табыс мұнайдың бірнеше айлық көрсеткішіне де жетпейді. Яғни уран, алтын, мыс көп болғанымен, олардың ешқайсысы дәл қазір мұнайдың орнын баса алмайды.

Осы жердел экономист Ануар Нуртазин ауқым мәселесін уақыт мәселесіне жалғап түсіндіреді:

> «Мұнайдан түсетін табыс — Қазақстан бюджеті үшін классикалық уақытша табыс: мұнай бағасы өсуі де, құлдырауы да мүмкін, ешкім қашан екенін білмейді. Егер ел мұндай түсімді тұрақты деп жұмсаса, ол өзіне баға жоғары болғанда ғана аяқталатын міндеттемелер алады».

Нуртазиннің мәнісі — мұнай көп ақша әкелгенімен, ол сенімсіз ақша.

1. Ал уран, алтын, мыс — сенімдірек, бірақ аз ақша. Сондықтан бюджет әлі мұнайға байланған.

2. Салық жүйесі мен Ұлттық қорТеңіз, Қашаған, Қарашығанақтан түсетін негізгі салықтар тікелей бюджетке емес, Ұлттық қорға жиналады. Бюджетте ақша жетпей қалғанда, Үкімет қордан триллиондаған теңге трансферт алады.

Осыдан тізбек пайда болады: мұнай арзандаса, қорға ақша түспейді, бюджетті қордан қаржыландыру мүмкіндігі азаяды. Металл өндірушілердің салығы мұндай тапшылықты жаба алмайды.Дәл осы тізбек 2026 жылы да көрінді. Бюджет 540 теңгелік бағаммен есептелген. Ал тоғыз айдағы орташа бағам – 478 теңге. Осы алшақтықтан ҚҚС-тан 685,8 млрд теңге жетпеді.

3. Өндіріс ерекшелігі: металдардың таза рентасы аз.

Еліміздегі ең ірі, миллиардтаған доллар инвестиция құйылған жобалардың барлығы дерлік — мұнай жобалары. Алтынның басым бөлігі бюджетке емес, Ұлттық Банкке кетеді. Заң бойынша өндірілген алтынды бірінші болып Ұлттық Банк сатып алуға құқылы. Ол алтынды бюджетке сатпайды, алтын-валюта қорына қосады. Алтын қымбаттаса — қор өседі, бірақ бюджетке ақша түспейді. Мыс — экспорттық тауар. Экспортқа ҚҚС — 0%. Демек мыс қымбаттаса, ҚҚС өспейді. Пайда салығы — жыл соңында түседі.

Уранның ақшасы негізінен «Қазатомөнеркәсіп» арқылы келеді. Көлемі мұнай трансфертімен салыстырғанда әлдеқайда аз. Үкімет уран салығын көтере бастады: 2025 жылдан бастап 6 пайыздан 9 пайызға дейін өсті. Бұл — дұрыс қадам, бірақ әлі бастамасы ғана. Сирек металдар тіпті әлі өндіріске толық енген жоқ. Қор бар, бірақ зауыт жоқ, өңдеу жоқ, экспорттық тізбек жоқ.

Осы үш себепті Айдархан Құсайынов бір түйінге біріктіреді:

> «Қазақстан экономикасының құрылымы әлі шикізаттық күйінде қалды. Ешқайда жылжымады. Бұл — біздің басты қайғымыз». Құсайыновтың сөзі — Нуртазин айтқанның қорытындысы. Жүйе өзгермеді, тек мұнай қымбаттады. Үкіметтің назары неге тек мұнайда? Осыдан кейін Үкіметтің өзі не дейді? Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин сарапшылар айтқанды растайды: «Теңге бағамы тым қатты нығайып кетті. Соның салдарынан импорттық ҚҚС-тан жетпей қалдық».

Бірінші себеп — оңай ақша. Мұнай — дайын ақша. Өндірдің, саттың, қорға түсті, трансфертпен бюджетке алдың. Басқа салаға зауыт салу, тізбек құру, кадр дайындау керек.

Екінші себеп — жүйе солай құрылған. Ұлттық қор — мұнай қоры. Бюджет ережесі — мұнай трансфертіне байланған.

Осы жүйені қазір уақытша ағын ұстап тұр. Қарашада Ұлттық Банк нарыққа екі ағынмен 1,6 млрд долларға жуық қаражат шығарады: алтын операциясы аясындағы 302 млрд теңгеге баламалы валюта және Ұлттық қордан алынған 910 млн доллар. Бұл 1,6 млрд долларды 440-450 теңге аралығында ұстап тұр. Бірақ бұл – уақытша тірек.

## Енді не істейміз?

Шешім — кірісті әртараптандыру.Уран салығын көтеру ғана емес. Алтынды қорға ғана емес, өңдеуге жіберу. Мысты концентрат емес, катод, сым, кабель күйінде сату. Сирек металдарға зауыт салу. ҚҚС 12 пайыздан 16 пайызға көтерілді. Бұл — бар кірісті қайта бөлу, мұнайдан тыс кірісті көбейту емес. Сарапшылардың есебі бойынша, жыл соңына дейін қосымша 1,1-1,3 трлн теңге қажет болуы мүмкін. Бірақ оны тағы да Ұлттық қордан, яғни тағы да мұнайдан алсақ — тағы да сол шеңберге ораламыз. Мемлекет басшысы Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда бюджет қаражаты ең қажет жобаларға жұмсалуы қажеттігін ескертті. Бұл ескерту — дәл осы шеңберден шығу туралы.

 Бізде Менделеев кестесіндегі барлық элемент бар. Алайда қазіргі модель бойынша мұнай — елдің басты «тәтті бәліші», ал уран, алтын мен мыс — тек соның қасындағы «тәттілер». Егер мұнай бағасы төмендесе, басқа металдар бюджеттің шығындарын — зейнетақы, жалақы, медицина, мектептерді — толық өтей алмайды. Бізде уран бар, алтын бар, мыс бар. Бірақ бюджет әлі мұнайға ғана қарап отыр. Ендігі мәселе — осы байлықты бюджеттің тірегіне айналдыру.

---

Опубликовано: 2026-11-09T07:05:38+05:00

Обновлено: 2026-11-09T07:05:41+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-09-byudzhet-biz-nege-munajdy-taetti-baelishke-oezgelerdi-tek-arzan-kaempitke-ajnaldyrdyq/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.