---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-11-benzin-syrtqa-ketip-zhatyr-qorqynyshtysy-bul-emes/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бензин сыртқа кетіп жатыр. Қорқыныштысы – бұл емес

![Заправочный пистолет вытаскивают из машины](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/deficzit-benzina-i-diztopliva-prognoziruet-k-2030-godu-minenergo-kazahstana_bizmedia-kz_.jpg)

Қазақстан Ресейге АИ-92-нің шағын партияларын жөнелтіп жатыр, Тәжікстанға да жоспар бар. Бірақ ірі зауыттар Ресейге барудан бас тартты. Сарапшылар бұны үш себеппен санкция, тиімсіз баға және сапа стандартымен байланыстырып жатыр.

[![Фото: РИА Новости / Евгений Одиноков](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/deficzit-benzina-i-diztopliva-prognoziruet-k-2030-godu-minenergo-kazahstana_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/05/deficzit-benzina-i-diztopliva-prognoziruet-k-2030-godu-minenergo-kazahstana_bizmedia-kz_.jpg)Фото: РИА Новости / Евгений Одиноков

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың  сөзінше, Қазақстан Ресейге ай сайын 10–15 мың тоннаға дейін жанармай жеткізу мүмкіндігін жоспарға енгізіп отырады. Министр коммерциялық келісімдерге қатысты түсініктеме бермейтінін, өйткені бұл мәселе ведомствоның құзыретіне кірмейтінін ашып айтты.

## Ресейге қанша кетті?

Қазақстан Ресейге АИ-92 маркалы бензиннің шағын партияларын тамыз айының соңында жөнелте бастаған. Жаздан бері жөнелтілген көлем – шамамен 8 мың тонна. Бұл – Ресейдің өзі сұраған 50 мың тоннадан әлдеқайда аз.

Қараша айының жоспарына Тәжікстанға 20 мың тонна АИ-92 бензинін экспорттау мүмкіндігі енгізілген. Бұл – әлі жөнелтілді деген сөз емес, жоспарға енгізілген мүмкіндік. Бұл келісім Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның Астанаға сапары кезінде екі елдің энергетика министрліктері арасында қол қойылған. 

## Сарапшылар не деп жатыр?

«Неліктен ірі зауыттар Ресейге бармады?» деген сауладын жауабы қазір трендте тұр. Шілде-қыркүйекте Энергетика министрлігі Павлодар және Атырау зауыттарына әрқайсысына 17,5 мың тоннадан квота берген. Бірақ екеуі де бір тонна да жөнелтпеген.

Сала сарапшылары бұны үш себеппен түсіндіреді:

1. Санкция қаупі. Ірі зауыттар Батыстың екінші деңгейлі санкциясына ілігуден қорықты.
2. Баға тиімсіз. Ресейлік сатып алушылар ұсынған баға қазақстандық зауыттарға тиімсіз болды. Кей деректе Атырау зауытының бензині ресейлік сатып алушы үшін тоннасына 1,1–1,2 мың доллар болып, тым қымбат шыққан.
3. Сапа стандарты. Қазақстандық бензиннің бір бөлігі К-4 класына сай, ал Ресей К-5 класын талап етеді.

«ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасеновтың айтуынша, бірінші приоритет – ішкі нарықты қамтамасыз ету. Көлемдерді әрдайым баланста, сәтінде қараймыз».Нәтижесінде Ресейге бензин жөнелткен жалғыз зауыт – ресейлік шикізаттан жұмыс істейтін жеке «Конденсат» зауыты ғана болып қалды. Оның шарты – өндірген отынның 70 пайызын қайта Ресейге экспорттау. Бірақ «Конденсат» өзі де квотасын толық пайдаланған жоқ: шілде-қыркүйекте оған 100,3 мың тоннаға рұқсат берілсе, іс жүзінде 42,5 мың тонна ғана шыққан. Ал «Конденсат» өнімінің көбі Ресейге емес, Орталық Азия мен Ауғанстанға кетті

 Қыркүйекте Ауғанстанға 10,7 мың тонна бензин жөнелтілген – бұл тамызбен салыстырғанда 2,7 есе көп. Сонымен қатар бензин Тәжікстан мен Өзбекстанға, дизель Қырғызстанға кетті.Сарапшылар  зауыттар тиімсіз әрі қауіпті келісімнен бас тартып, отынды бағасы мен шарты тиімді нарыққа бағыттайтынын жиі айтады.

## Ал біз өзімізді қанша пайыз қамтимыз?

Ресми дерекке сүйенсек, Қазақстан мұнай өнімдері бойынша ішкі қажеттіліктің 90 пайыздан астамын өзі жабады. Ал АИ-92 бензині бойынша ішкі сұраныс толық жабылған деп есептеледі.Яғни сыртқа кетіп жатқан партиялар – ішкі нарықтан жұлып алынған көлем емес. Баға ше?

Бұл жерде министр мен сарапшылардың пікірі екіге бөлінеді.Министр Ақкенженовтың айтуынша, дүрбелеңге негіз жоқ. Қор жеткілікті. Баға нарықта қалыптасады».

Қазір АИ-92 литрі 253-271 теңге, дизель 356-367 теңге.

Ал сарапшылар қысқа мерзімде қымбаттау жалғасады деп отыр. R1 Energy Group шолуына сілтеме жасаған сарапшы Олег Червинскийдің айтуынша, «ҚазМұнайГаз» мен «КС Energy» қарашада көтерме бағаны тоннасына 10 мың теңгеге көтеруді жоспарлап отыр. Бірақ қор көп болғандықтан, бұл баға бірден бекеттерге өтпеуі мүмкін. R1 сарапшыларының қарашаға болжамы: АИ-92 мен дизель біртіндеп қымбаттайды, АИ-95 арзандауын жалғастырады.

## Осылай кетсе не болады?

Мұнай-газ сарапшысы Асқар Исмаиловтың айтуынша, бензин бағасын 1000 теңгеге дейін көтеруге болады, бірақ бұл мәселені шешпейді, өйткені өңдейтін мұнайдың өзі болмай қалады. Оның түсіндіруінше, 2030 жылға қарай ескі кен орындары сарқылып, зауыттарға шикізат жетпей қалуы мүмкін, ал шикізат болмаған соң, бағаны қанша көтерсең де, бензин көбеймейді.

Сондықтан Исмаилов Қазақстанға төртінші мұнай өңдеу зауыты қажет деп есептейді, бірақ оның өзі де шикізат мәселесі шешілмей, жұмыс істемейді. Ал бағаның өзіне келсек, ол мұнайға емес, көбіне салық пен акцизге байланысты: бір литр бензиннің бағасында мұнайдың үлесі небәрі 18 пайыз, қалғаны – салық пен акциз, яғни баға өскен сайын, ақша мұнайшыларға емес, бюджетке кетеді. Осылай кетсе, Қазақстан қымбат бензиннен емес, бензиннің өзін таба алмай қалудан қорқу керек.

## Қор бар ма?

Үкіметте 400 мың тоннадан астам бензин және 400 мың тоннадан астам дизель қоры бар. Министрдің сөзімен айтқанда, «дүрбелеңге негіз жоқ».ҚорытындыСонымен, бензиннің сыртқа кетуі – тапшылық белгісі емес. Ірі зауыттар Ресейге санкция мен тиімсіз баға үшін бармады, шағын «Конденсат» қана жұмыс істеді. Ішкі нарық жабылған, қор бар.

Бірақ сарапшылар ескертеді: бүгінгі тыныштық – ертеңгі қымбаттау болмайды деген сөз емес. Қысқа мерзімде баға біртіндеп өседі, ұзақ мерзімде мәселе – бағада емес, зауыттарға шикізат табуда.

---

Опубликовано: 2026-11-11T07:47:46+05:00

Обновлено: 2026-11-11T07:47:49+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-11-benzin-syrtqa-ketip-zhatyr-qorqynyshtysy-bul-emes/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.