---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-11-bos-zauyt-qymbat-import-koemilgen-milliardtar/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бос зауыт, қымбат импорт, көмілген миллиардтар

![Добыча нефти на Кашагане достигла объема до 100 млн тонн](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kopiya-dobycha-nefti-na-kashagane-dostigla-obema-do-100-mln-tonn-bizmedia.kz_.jpg)

Кашағанда екі газ өңдеу зауытын салып жатқанымыз осыған дейін айтылды. Қағаз жүзінде бәрі әдемі: 3,5 млрд шикі газ өңделіп, 2,5 млрд тауарлық газ шығады.

[![Фото: inbusiness.kz](https://bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kopiya-dobycha-nefti-na-kashagane-dostigla-obema-do-100-mln-tonn-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2024/01/kopiya-dobycha-nefti-na-kashagane-dostigla-obema-do-100-mln-tonn-bizmedia.kz_.jpg)Фото: inbusiness.kz

Бірақ сарапшылар басқа нәрсені айтып отыр: зауыттың өзі мәселені шешпейді. Мәселе – оның айналасында.** **Сала сарапшылары зауыт құрылысының өзі ішкі нарықтағы газ тапшылығын толық жоя алмайтынын және ілеспе инфрақұрылым мен экономикалық тетіктер шешілмесе**,** үш негізгі қауіптің** **туындайтынын ескертеді

## Бірінші қауіп: газға кепілдік жоқ

Бұл – ең өзектісі. Зауытты салып қойдық делік. Ал газды кім береді? Кашағанды NCOC консорциумы басқарады. Ал мемлекет пен операторлар арасында 160 млрд долларлық дау бар. Оның 138 млрд-ы – жоғалған табыс, 17 млрд-ы – даулы шығындар деп айтылып жүр. Бұл – ойдан шығарылған қауіп емес. Карачағанақта дәл осындай жағдай болған. Shell мен Eni зауыттың құнын 6 млрд долларға дейін көтеріп, мерзімді 2028 жылдан 2030 жылға шегергенде, Қазақстан «бірге салмаймыз» деп шыққан.

Егер Кашағанда да оператор «газ қабат қысымын ұстауға керек, өңдеуге бере алмаймыз» десе, 2,5 млрд-тық зауыт не істейді? Жауап 2027 жылы белгілі болады. Бірінші зауыт сол жылы іске қосылуы керек. Сол кезде газ бар ма, жоқ па – көрінеді. Сондықтан газ жеткізу туралы ұзақ мерзімді келісім зауыт біткенше емес, қазір жасалуы керек. Қанша көлем, қанша жыл, қандай бағамен – бәрі ашық жазылуы керек. Әзірге ондай келісім туралы ашық ақпарат жоқ.

## Екінші қауіп: импортқа тәуелділік** **

2025 жылы Қазақстан Ресейден 4,4 млрд текше метр газ алған. 2026 жылы бұл көлем 11 млрд-қа жетеді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышабаевтың өзі айтты.

Бұрын QazaqGaz-да басшылықта болған Ануар Битановтың айтуынша, 2030 жылға қарай өзіміздің тауарлық газ өндіруге деген үміт айтарлықтай төмендеді. Себебі – жобалардың бәрінде кешігу бар.

Оның айтуынша, импорт өсе береді, бірақ ол өз ресурстық базамызды алмастырмайды.Бүгінгі схема – Ресейден арзан алып, Қытайға қымбат сату. Бірақ бұл схеманың екі қаупі бар.

Біріншісі – баға. Қытай Ресейден газды мың текше метріне 248 долларға алады, ал басқа нарықтарда баға 562 доллар. Яғни Қытай – ең қатал сатып алушы, ол бізден де арзан сұрайды.

Екінші қауіп – Ресей газы.2025 жылы Қазақстан Ресейден 4,4 млрд текше метр газ алған. 2026 жылы бұл көлем 11 млрд-қа жетеді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышабаевтың өзі айтты. Бұрын QazaqGaz-да басшылықта болған Ануар Битановтың айтуынша, 2030 жылға қарай өзіміздің тауарлық газ өндіруге деген үміт айтарлықтай төмендеді. Себебі – жобалардың бәрінде кешігу бар. Бізде баланста жаңа ірі газ кен орындары мүлде жоқ

## Бүгінгі схема – Ресейден арзан алып, Қытайға қымбат сату

Бірақ оның екі қаупі бар.

Біріншісі – баға. Қытай Ресейден газды мың текше метріне 248 долларға алады, ал басқа нарықтарда баға 562 доллар. Яғни Қытай – ең қатал сатып алушы, ол бізден де арзан сұрайды.

Екіншісі – саясат. 16 қыркүйекте АҚШ Конгресі қабылдаған санкциялық заң Ресей энергиясын сатып алатын елдерге қосымша тариф салуға мүмкіндік береді. Ал ең бастысы – қыс. Импорт негізінен қыста, сұраныс ең жоғары кезде келеді. Экспорт – жазда. Сондықтан «жазда саттық, қыста алдық» деген схема тұрақты емес. Ертең Ресей бағаны көтерсе немесе транзит тоқтаса, біз қыста газсыз қалуымыз мүмкін.2026-2027 жылыту маусымының өзі – алғашқы сынақ.3. Жерге көміліп жатқан 30 млрд.

Үшінші қауіп – баяу, бірақ экономикалық жағынан ең ауыр.

PACE Analytics директоры Асқар Исмаиловтың айтуынша, жылына 30 млрд текше метр газ қабатқа қайта айдалады. Бұл – жылына 30 млрд доллар жоғалту деген сөз.

Бұл – зауыт жоқтан емес, жүйеден болып жатқан шығын. Операторға мұнай өндіру тиімді, газ сату тиімсіз. Себебі газдың сатып алу бағасы теңгемен, әлемдік бағаға байланбаған. Ал салық мұнай бағасына қарап өзгеріп, жобаның табыстылығын 4%-ға төмендетеді. Яғни бізде газ бар, бірақ оны шығаруға ешкімге тиімсіз. Сондықтан газ жер астына қайта көміліп жатыр.

Бұл шығын жыл сайын қайталанады. 5 жылда – 150 млрд текше метр. Бұл – салынбаған зауыттардан да үлкен шығын. Шешімі де белгілі: газдың сатып алу бағасы мен салығын өзгерту, жеке инвесторларға газ құбырлары мен өңдеу зауыттарына ашық қолжетімділік беру. Газды сату мұнайды сатумен бірдей тиімді болмаса, оператор газды жерге айдай береді.

## Ал қалғаны ше?

Әрине, басқа мәселелер де бар. QazaqGaz-дың қарызы мен халыққа газ бағасы, күкірттің экологиясы, іске қосуды мердігерге беру – бәрі маңызды.

Мұнай-газ саласының ардагері Сұлтан Ткенбаев екінші зауыттың іске қосуын мердігерге берудің дұрыстығына күмән келтірді. Бірінші зауытта инженерлік қателіктер табылғаннан кейін «өзің тексер, өзің қабылда» деген тәсіл қауіпті.Бірақ бұл мәселелер кейін шешілуі мүмкін. Ал жоғарыдағы үшеуі – қазір шешілмесе, ертең зауыттың өзін мағынасыз етіп тастайтындар.

Қорытынды

Ең қауіптісі – зауыттың жоқтығы емес, газдың жоқтығы.Зауытты салуға болады. Ақша табуға болады. Мердігер табуға болады. Ал газға кепілдікті қазір алмасақ, ертең бос зауытпен, қымбат импортпен, жерге көмілген миллиардтармен қаламыз. Үкімет «күтейік, 1,5 жыл бақылайық» дейді. Бірақ бұл үш қауіп күтпейді. Олар қазірдің өзінде жұмыс істеп тұр.

---

Опубликовано: 2026-11-11T11:11:55+05:00

Обновлено: 2026-11-11T11:11:58+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-11-bos-zauyt-qymbat-import-koemilgen-milliardtar/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.