---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-12-3-basshy-ketti-ministr-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 3 басшы кетті, министр қалды

![3 басшы кетті, министр қалды](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/gemini_generated_image_5syfw65syfw65syf.jpg)

Жоғары аудиторлық палата ғылымға бөлінген 262 млрд теңгені тексерді. Тексеріс нәтижесінде 51 млрд теңгеге қатысты қаржылық заңбұзушылық, 47 млрд теңгеге қатысты тиімсіз жұмсау, ал 16 млрд теңгеге қатысты шығын мен алынбай қалған пайда анықталды.

[![Иллюстрация: ИИ](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/gemini_generated_image_5syfw65syfw65syf-1024x572.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/07/gemini_generated_image_5syfw65syfw65syf.jpg)Иллюстрация: ИИ

2022-2025 жылдары қаржыландыру 122 млрд-тан 262 млрд-қа дейін өсті, бірақ ғылымның ЖІӨ-дегі үлесі небәрі 0,16% күйінде қалды. Бұл ретте мемлекеттің үлесі 55%-дан 82%-ға дейін артты, яғни ақша көбейгенімен, тәуелділік те бірге өсті.

## Ал талап керісінше азайтып

Ғылымға жұмсалатын шығынның ЖІӨ-дегі үлесі 2%-дан 0,5%-ға, ғалым санын 50%-ға арттыру межесі 7%-ға, ал жеке сектордың үлесі 50%-дан 32%-ға дейін түсірілді. 67 млрд – орындалмаған тапсырмаларға 2023-2025 жылдары әзірленген 393 тапсырманың 149-ы орындалмаған, ал оларға 67 млрд теңге қарастырылған. Оның үстіне тапсырмалардың не себепті орындалмағаны да талданбаған.

Палата төрағасы Әлихан Смайыловтың айтуынша, тапсырмалар жалпылама жасалады, күтілетін нәтиже мен оны тексеру өлшемі нақты көрсетілмейді. Сондықтан кез келген зерттеуді «маңызды» деп көрсетуге мүмкіндік туады.

## Грантты кім алады?

Ұлттық ғылыми кеңестердің 225 мүшесінің 84-і жалпы құны 52 млрд теңге болатын 127 жобаның зерттеу тобына кірген, ал 27 мүше сол жобаларға өзі ғылыми жетекшілік еткен. Яғни грантты бөлетін адам мен грантты алатын адам – бір адам болып шығады.

Патент бар, өндіріс жоқ. Гранттар бойынша есепке алынған 4 мыңға жуық құжаттың тек 10%-ы ғана өнертабыс патенті, ал халықаралық патенттің үлесі 1%-ға да жетпейді. Жалпы құны 72 млрд теңге болатын 164 жобада патент өтінімінің өзі «дайын нәтиже» ретінде есептелген, ал 60 патент бойынша ешқандай лицензиялық келісім жасалмаған. Оған қоса аяқталған 141 жобаның тек 38-і ғана өнімді тұрақты түрде сатқан, ал қалған 103 жоба 22 млрд теңге болғанына қарамастан күткен нәтижеге қол жеткізбеген.

## Миллиардтар депозитте

Astana Hub-қа түскен 43 млрд-тың 23 млрд-ы бағалы қағаздарға, ал «Самғау» бойынша түскен 15 млрд-тың 10 млрд-ы депозитке салынған. Операторлар осы инвестициялық қызметтен 14 млрд-тан астам табыс тапқан.Яғни ғылымға деп алынған ақша ғылымға емес, қаржы нарығына жұмыс істеген.

## Министр не деді?

Министр Саясат Нұрбек үнсіз қалған жоқ. 11 қарашада ол 3,5 млрд теңгені сот пен медиация арқылы қайтару жоспары бар екенін, Палатаның барлық нұсқамасын орындап жатқанын айтты. Ал отставка туралы сұраққа «Біз сарбаз сияқты жұмыс істейміз» деп жауап берді. Бірақ бұл жауап үш сұрақты ашық қалдырды.

- Біріншіден, жауапкершілік төменге түсті, үш басшы босатылды, ал министр орнында қалды.
- Екіншіден, санға емес, методикаға жауап берілді, «Палата тым қатаң санады» делінді.
- Үшіншіден, болашаққа емес, өткенге жауап берілді, «Ақшаны қайтарамыз» делінді, бірақ «Ертең грант қалай бөлінеді?» деген сұраққа жауап болмады.
- Ал ең бастысы – адам
- аудит ақшаны санады, бірақ адамды санамады, ал ғылымды ақша емес, адам жасайды.
- Біріншіден, адам жоқ. Ғалым санын арттыру межесінің өзі 50%-дан 7%-ға түсірілген, өйткені жас ғалымға ғылымда қалу тиімсіз: жалақы төмен, грант 1-2 жылдық, тұрақтылық жоқ. Екіншіден, ғалымнан бірден үш мамандық талап етіледі: зерттесін, патент жазсын, сатсын. Ал әлемде бұл – үш бөлек маманның жұмысы.
- Үшіншіден, бизнес келмейді, өйткені ғалым мақала үшін, ал бизнес пайда үшін жұмыс істейді, екеуінің тілі бөлек.Төртіншіден, сенім жоқ, өйткені жас ғалым грантты «өз адамдары» алатынын көріп, жүйеден кетеді.

## Қорытынды

Смайыловтың айтуынша, мемлекет үдерісті емес, нәтижені қаржыландыруы керек. Аудит бойынша Үкіметке 5 ұсыным, мекемелерге 66 тапсырма берілді, ал 3 іс құқық қорғау органдарына жолданды. Ал біздің қосарымыз мынау: адам кетсе, ақшаның мағынасы қалмайды. Сондықтан мәселе 262 млрд-та емес, 262 млрд-ты игеретін адамға біз не беріп отырмызда.

---

Опубликовано: 2026-11-12T11:21:56+05:00

Обновлено: 2026-11-12T11:21:59+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-12-3-basshy-ketti-ministr-qaldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.