---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-13-10-pajyz-esep-ueshin-90-pajyz-oezimiz-ueshin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 10 пайыз – есеп үшін, 90 пайыз – өзіміз үшін

![В «Самрук-Қазына» продлили срок приема конкурсных заявок по продаже акций Qazaq Air - Bizmedia.kz](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/v-samruk-қazyna-prodlili-srok-priema-konkursnyh-zayavok-po-prodazhe-akczij-qazaq-air-bizmedia.kz_.jpg)

«Самұрық-Қазына» «қалыпты режимде жұмыс істеп жатырмыз» деді. Бірақ қалыпты режимде қордың басшысы ұсталмайды. Тоқаевтың сынынан кейін қысқарған 10 пайыз – кофе ішкендер емес, кездейсоқ кіргендер болды. Ал ЛОР, ЖОР, ДОР қалды. Яғни, 10 пайыз құрбан болды, 90 пайыз жүйе аман қалды.

[![Фото: Sputnik/Владислав Воднев.](https://bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/v-samruk-қazyna-prodlili-srok-priema-konkursnyh-zayavok-po-prodazhe-akczij-qazaq-air-bizmedia.kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2023/09/v-samruk-қazyna-prodlili-srok-priema-konkursnyh-zayavok-po-prodazhe-akczij-qazaq-air-bizmedia.kz_.jpg)Фото: Sputnik/Владислав Воднев.

4 қарашада біз «Болашақтан қайтқан түлек неге ЛОР, ЖОР, ДОР жүйесіне сыймай тұр?» деген мақала жаздық. Ол мақалада халық әзілдеп жүрген, бірақ өмірде бар жүйені атадық. ЛОР – Жауапты қызметкерлердің сүйгендері, ЖОР – Жауапты қызметкерлердің әйелдері, ДОР – Жауапты қызметкерлердің балалары.

## Сол мақаладан бір апта өтпей жатып, сол жүйенің өзі дауға қалды

11 қарашада Самұрық-Қазынаның басшысы Нұрлан Жақыпов ұсталды. Қор «қалыпты режимде жұмыс істеп жатырмыз» деді. Ал сол күні Құрылтайда Ғылым саласындағы аудит жарияланды. Министр Саясат Нұрбек «біз кез келген шешімге дайынбыз» деп, ұжымы үшін жауап берді. Біріншісі басшының өзі үшін, екіншісі басшы бірінші басшының ұжымы үшін жауап беріп тұр.

## Бұл – жүйенің өзін қорғаудың екі сатысы

2022 жылғы 11 қаңтарда Мәжіліс отырысында Президент Тоқаев Самұрық-Қазынаны тиімсіз басқару, қомақты жалақылар мен қымбат шетелдік консалтинг үшін сынап, реформа жасалмаса қорды тарату қажеттігін ескерткен болатын. Сол кезде орталық аппарат екі есеге азайды, штат 248-ден 124 адамға дейін қысқарды, басқарушы директорлар 10-нан 5-ке дейін түсті, барлық шетелдік кеңесшілердің келісімшарты бұзылды, қор құрамындағы 50-ден астам актив бәсекелестік ортаға берілді немесе таратылды.

Ол кезде бәрі «енді жүйе тазаланады» деп ойлады.

Бірақ жүйе тазаланған жоқ, ол қайта құрылды. 2026 жылдың басында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент тағы да ұлттық компанияларда нақты жұмыспен жүктелмеген, бос отырған әкімшілік кадрлардың, «сол жағалаудың адамдарының» көптігін қатаң сынға алды.

Нақтыласақ, «Түскі уақытта қонақ үйлерде отырып шай ішеді, кофе ішеді, жұмыспен жүктелмеген» деді. Сол сыннан кейін Жақыпов «Астанадағы 6 500 қызметкердің 10 пайызын, яғни шамамен 650 әкімшілік-басқарушылық персоналды қысқартамыз» деді. Бұл қысқарту өндірістік бөлімшелерге емес, кеңсе қызметкерлеріне бағытталды.

## Сырт көзге бұл – реформа

Бірақ шын мәнінде ЛОР қысқарған жоқ, ЖОР қысқарған жоқ, ДОР қысқарған жоқ. Оларды қысқартуға ешкімнің қолы бармайды, өйткені олардың артында «жауапты қызметкер» тұр.

## Қысқарғандар –ағасы емес, тек дипломы, коды, мақаласы барлар

«Тәжірибең жетпейді» деп есікті жапқан жүйе, «KPI-ге сәйкес келмейді» деп соларды бірінші қиды.Одан кейін де жүйе солай жұмыс істеді. Инвестициялық және энергетикалық жобалардың мерзімін созғаны үшін Президент тарапынан айтылған сыннан кейін, 2026 жылдың қазан айында «Самұрық-Энерго» басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов қызметінен босатылды, орнына Аңсар Айдаров тағайындалды. Бір басшы кетті, екінші басшы келді, бірақ жүйе орнында қалды. Демек, мәселе бір адамда емес, жүйенің өзінде. Біздің 4 қарашадағы мақала дер кезінде жазылды. 

Ол жай бір қыздың жұмыс таба алмай жүргені туралы емес еді, ол – жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы еді. Жүйе өзінің адамдарын қорғайды, ал бөтен адамдарды құрбандыққа шалады.

## Ал енді сол жүйенің өзінің басшысы ұсталды

Демек, құрбандық жүйені құтқармады. 2022 жылы 50 пайыз қысқарту да құтқармады, 2026 жылы 10 пайыз қысқарту да құтқармады. Өйткені қысқарған сайын жүйе емес, жүйеге кірген кездейсоқ адамдар қысқарып отырды.

Қазір жабық есіктің ар жағында қазір үш ойын жүріп жатыр. Бірінші – кім келесі басшы болады. Екінші – активтерді кім бақылайды. Үшінші – аудит материалдарының қайсысы ашылады, қайсысы жабылып қалады.

Бұл ойында да ЛОР, ЖОР, ДОР-дың тағдыры шешіледі. Егер олар қалатын болса, кездейсоқ келгендер тағы да құрбандыққа шалынады. Егер жүйе шынымен тазаланатын болса, онда бірінші рет орын дипломға емес, танысқа емес, білімге беріледі. Кофе ішкендер емес, кездейсоқ кіргендер қысқарды. ЛОР, ЖОР, ДОР қалды. Енді кезек кімге келді? Міне, сұрақ осы.

---

Опубликовано: 2026-11-13T10:11:36+05:00

Обновлено: 2026-11-13T10:11:39+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Касым-Жомарт Токаев](https://kk.bizmedia.kz/tag/kasym-zhomart-tokaev/), [Самрук-Казына](https://kk.bizmedia.kz/tag/samruk-kazyna/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-13-10-pajyz-esep-ueshin-90-pajyz-oezimiz-ueshin/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.