---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-13-strategiya-80-oryndaldy-dejdi-al-945-mln-tengge-qajda-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Стратегия 80% орындалды дейді, ал 945 млн теңге қайда кетті?

![Тариф налоги и цены](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-accountant-hands-counting-calculator.jpg)

Алматыда Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресі өтіп жатыр. Сырттай қарасаң – бәрі жақсы. Экономика өсіп жатыр, банктер несие беріп жатыр, жаңа технологиялар келіп жатыр.Бірақ форумның ішкі күн тәртібі басқаша.

[![Фото: katemangostar / Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-accountant-hands-counting-calculator-1024x683.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/03/closeup-accountant-hands-counting-calculator.jpg)Фото: katemangostar / Freepik.com

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова ашық айтты: 2030 жылға дейінгі қаржы секторын дамыту тұжырымдамасы ескірді. Оны мерзімінен 4 жыл бұрын жою немесе толық жаңарту керек. Бұл – жай техникалық жаңарту емес. Бұл – мемлекеттің өзі қабылдаған стратегияның енді жұмыс істемейтінін мойындауы.

## Неге ескірді?

Тұжырымдама 2022 жылы қабылданған. Сол кездегі басты міндеттер – банк заңнамасын жаңарту, Базель стандарттарына көшу – 2023 жылы-ақ аяқталған. Әбілқасымованың сөзімен айтқанда, 5 жылда нарық танымастай өзгерді.

Сарапшылардың пікірінше, ескі стратегия «тұрақтылықты» қамтамасыз етті, бірақ «дамуды» қамтамасыз ете алмады. Банктер тұрақты болды, бірақ ақша қайда кетіп жатқанын бақылау жүйесі сол күйі қағаз жүзінде қалды. Капитал нарығы мен сақтандыру нарығын дамыту бағдарламалары ғана дербес құжат ретінде сақталады. Қалғанының бәрі – жаңадан жазылады.

## Жаңа стратегияда не болады?

-  Жасанды интеллект – клиент енді банкке байланбайды

Реттеуші қадағалауды цифрландырып жатыр. FinAI платформасы сияқты 50-ден астам цифрлық сервис әзірленген. Сарапшылар бұны былай түсіндіреді: енді клиент бір банктің «тұтқыны» болмайды. Жасанды интеллект арқылы ол 5-6 банктің өнімін бірден салыстырып, ең тиімдісін таңдайды. Бұл – банктер үшін үлкен бәсеке, клиент үшін үлкен мүмкіндік.

Токенизация – қаржы жүйесінің архитектурасы өзгереді

- Кез келген қаржы өнімін токенизациялауға болады. Конгресс аясында алғашқы токенделген облигация іске қосылды. Әбілқасымова: «2030 жылға қарай қаржы жүйесінің архитектурасы түбегейлі өзгереді».Сарапшылар  бұл – болашақтын еншісінде екенін айтса да, осы жерде ең үлкен қауіп бар екенін ескертеді.  Токен – жылдам, ашық, ыңғайлы. Егер бақылау жүйесі ескі болса, токенизация – тек ұрлықты жылдамдататын құралға айналуы мүмкін.

## Банктер дәстүрлі қызметтен шығып, маркетплейс, экожүйе құрып жатыр

Жаңа стратегияда несие + сақтандыруды бір жерден алатын біріктірілген өнімдерді дамыту көзделген. Сарапшылар мұны «банктердің бәсекесі – енді пайыз үшін емес, клиенттің уақыты үшін» деп бағалайды. Үш юрисдикция – бір ереже бола ма?

Ұлттық нарық, АХҚО және Alatau City. Үшеуінің үш ережесі бар. Әбілқасымованың мақсаты – сол адамдардың бір алаңнан екіншісіне көшіп жүруі емес, жаңа шетелдік инвестиция тарту.Нарықтағы сандар – бір жағынан қуантадыБанктердің жиынтық активтері 8,6%-ға өсіп, 76,8 трлн теңгеге жетті Бизнестің несие портфелі 11,9%-ға өсіп, 16,4 трлн теңге болды. Бизнеске берілген жаңа несиелер 19,5%-ға өсті, ал халыққа берілген несие 4,3%-ға төмендеді. Алда: Open Finance, FinKomek цифрлық қаржы омбудсмені, ШОБ-қа арналған бірыңғай цифрлық терезе

## «Хайуанаттар бағы» – Сүлейменовтің теңеуі нені білдіреді?

Форумда Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов реттеушілерді «хайуанаттар бағы» деп атады. Бұл – жай әзіл емес, жүйелі диагноз.

Қазақстанда дәстүрлі нарықты Ұлттық банк пен ҚНРДА қадағалайды. Ал АХҚО мен жаңа Alatau City-дің өз ережелері бар. Нарық қатысушылары қатаң қадағалаудан жалтару немесе салық жеңілдігін алу үшін бір юрисдикциядан екіншісіне өтіп кетеді. Бұл – реттеуші арбитраж. Яғни, ереже көп, бірақ жауап беретін ешкім жоқ.

## Неге бақылау туралы сұрақ ашық күйінде тұр?

Сарапшылар үш себеп айтады:

Бірінші – жаңа құралдар сынақ кезеңінде. Токенизация, цифрлық активтер енді ғана енгізіліп жатыр. KASE-де алғашқы токенделген ноталар енді ғана орналастырылды, мемлекеттік облигацияларды шығару 2027 жылдың басына жоспарланған. Яғни, құрал бар, бақылау әлі жоқ.

Екінші – ведомствоаралық келісім аяқталмаған. Ұлттық банк, ҚНРДА, АХҚО және Alatau City лицензиялау мен ақпарат ашу талаптарын енді ғана келісіп жатыр. Ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл және инвесторларды қорғау бойынша бірыңғай стандарттар әлі талқылануда.

Үшінші – нарықты тұншықтырып алмау. Реттеушілер төлем банктері, криптоайырбастау пунктері сияқты жаңа жобаларды басында қатаң шектеумен тұншықтырып алмауға тырысады. Сондықтан бақылау тетіктері нарықпен бірлескен талқылаудан кейін ғана нақтыланбақ.

## Сарапшылар не дейді?

Сарапшылардың пікірі бір жердину шығады: жаңа стратегия тек технология туралы болмауы керек. Токенизация мен жасанды интеллект – бұл жылдамдық. Ал бақылау – бұл бағыт. Жылдамдық бар, бағыт жоқ болса – ақша қайда кететінін «Bal halal» ісі көрсетіп берді.

Сондықтан жаңа стратегияның басты сұрағы – «қандай технология енгіземіз?» емес, «ақшаны кім, қалай, қай жерде бақылайды?» болуы керек.

---

Опубликовано: 2026-11-13T11:06:27+05:00

Обновлено: 2026-11-13T11:06:31+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-13-strategiya-80-oryndaldy-dejdi-al-945-mln-tengge-qajda-ketti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.