---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-15-qazaq-rwhaniyaty-aelemge-shyqty-yunesko-tuerkistan-zhaene-14-million-oqyrman/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақ руханияты әлемге шықты: ЮНЕСКО, Түркістан және 1,4 миллион оқырман

![Прокуратура Алматы и Яндекс Такси договорились выявлять уклонения от уплаты алиментов](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/screenshot-2026-02-05-at-10-24-58-edited.jpg)

Бұл апта Қазақстанның руханият саласында ерекше апта болды: ЮНЕСКО-ның екі мұрамызды таныды, Түркістан Ислам әлемінің мәдениет астанасы болуға дайындала бастады. 1. 4 миллион адам кітап оқу марафонына қатысып, Жезқазғанда 3 мың адамдық мешіттің ашылуы осы айптаның еншісіне бұйырыпты. Алматыда Айтматов орталығының ашылуы өткен аптаның салмағын арттырды. 

[![Фото: Freepik.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/screenshot-2026-02-05-at-10-24-58-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/screenshot-2026-02-05-at-10-24-58-edited.jpg)Фото: Freepik.com

**Бұлар – бөлек жаңалық емес, бір үдерістің көрінісі**

Қазақстан руханиятты енді ішкі мәселе емес, әлемдік күн тәртіп ретінде қарап отыр .ЮНЕСКО: Есік жазуы мен Мәшһүр Жүсіп 5 қарашада Джакартада ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» бағдарламасының отырысында Қазақстан ұсынған екі номинация өңірлік тізілімге енді: 

30 қараша – 5 желтоқсанда Сямыньда өтетін сессияда тағы үшеуі қаралады: «Кесте өнері», «Дәстүрлі киіз басу», «Салбурын». Бағалау органы оларға оң қорытынды беріп отыр.

6 қарашада Алматыда Вице-президент Ерлан Қарин ИСЕСКО бас директоры Салим бен Мухаммед Аль-Маликпен кездесті. Басты тақырып – Түркістанның 2027 жылы Ислам әлемінің мәдениет астанасы болуына дайындық. Қазақстан ИСЕСКО тізіміне тағы 10 жаңа номинация ұсынып отыр.Сол күні Алматыда Әл-Фараби мұрасына арналған халықаралық симпозиум басталды. Онда Әл-Фараби мен Қожа Ахмет Яссауи мұрасының қазіргі ғылым мен руханияттағы орны талқыланды.  

**Жаңа этика**

13 қарашада Ұлттық академиялық кітапханада «Жаңа қоғамдық сана: этика, тәртіп және жауапкершілік» дөңгелек үстелі өтті. Президент кеңесшісі Бауыржан Омаров «Таза Қазақстан» тек тазалық емес, рухани жаңару екенін айтты. Оның формуласы – «Жауапты адам – Адал еңбек – Лайықты табыс».Осы аптада қазақ мәдениеті әлемде де көрінді. Түркияда COP31-де домбыра шырқалды, Әзербайжанда қазақ көрмесі ашылды, Парижде ЮНЕСКО галасында қазақ оркестрі өнер көрсетті, қазақ кинематографистері Diamond Butterfly-да екі жүлде алды.

**Бұл нені білдіреді?**

Бір аптадағы осының бәрі бір түйінге келіп тіреледі. Қазақстан руханиятты «өткенді сақтау» деп емес, «болашақты құру» деп түсініп отыр. ЮНЕСКО – өткенді тану, Түркістан – болашаққа дайындық, кітап – ұлттың ойлауын өзгерту, мешіт пен орталық – өңірлердегі рухани инфрақұрылым, жаңа этика – күнделікті өмірдің ережесі. Әлем Қазақстанды енді мұнайымен емес, мұрасымен, кітабымен, музыкасымен тани бастайды. Осы апта – соның дәлелі.

---

Опубликовано: 2026-11-15T11:18:01+05:00

Обновлено: 2026-11-15T11:18:04+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-15-qazaq-rwhaniyaty-aelemge-shyqty-yunesko-tuerkistan-zhaene-14-million-oqyrman/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.