---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-15-qazaqstangha-taghy-bir-bank-emes-basqa-bank-kerek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанға тағы бір банк емес, басқа банк керек

![Кибербезопасность личных данных](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/homepage-concept-with-search-bar-edited.jpg)

Қаржыгерлер конгресінде Қазақстанға жаңа банктер қажет деген ортақ ұстаным қалыптасты. Алайда мәселе банктердің санында емес, сапасы мен бәсекелестігінде. 2026 жылы елімізде 23 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Дегенмен пайданың басым бөлігі бірнеше ірі ойыншының қолында шоғырланған.

[![Фото: Freepik](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/homepage-concept-with-search-bar-edited-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/04/homepage-concept-with-search-bar-edited.jpg)Фото: Freepik

**Ж****аңа банктер не үшін керек және олар қандай болуы тиіс?**

Бүгінде банк секторындағы таза пайданың шамамен 67 пайызы үш ірі банкке – Halyk Bank, Kaspi Bank, Банк ЦентрКредитке тиесілі. Бұл – нарықтың үштен екісі бір қолда деген сөз. Мұндай шоғырлануда бәсеке бәсеңдейді, мөлшерлеме төмендемейді, клиентте таңдау азаяды.

Экономистер бұл жағдайды былай түсіндіреді: нарыққа жаңа банктер келсе, таңдау артады, таңдау артса, бәсеке күшейеді, бәсеке күшейсе, қызмет сапасы жақсарады.Осыдан екінші мәселе туындайды. Қазір көптеген ірі банк тәуекелі аз, табысы жоғары тұтынушылық несиелерге басымдық береді. Банк үшін бұл түсінікті. Ал экономика үшін жеткіліксіз. Өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, ақпараттық технология қаржысыз қалады. 

Сондықтан сарапшылар жаңа банктердің, әсіресе шағын және орта бизнеске бағытталған банктердің нақты секторды қаржыландыруды жандандыратынын айтады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымоваосыған дейін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен экономиканы қаржыландыру бағдарламасының шарттарын жетілдіруді ұсынған болатын. 

Онда жобалық қаржыландыру, банктердің бірлесіп несие беруі, нақты жобаларға облигациялар арқылы қаржы тарту көзделген

Алайда сарапшы Айбар Олжаев бұл ұсынысты толықтырып, мәселені басқа қырынан қарастырады. Оның пікірінше, ұсыныс мүлдем жоқтан жақсы. Бірақ мәселе қаржының өзінде емес, оның қайтарылу мерзімінде жатыр. Олжаевтың бұл сөзі Әбілқасымованың ұсынысына қарсы емес, оның жалғасы. 

**Қ****аржы беру – бір мәселе, оны өндірістің табиғатына сай қайтару – мүлдем басқа мәселе**

Олжаев оны былай түсіндіреді. Банк үшін несие берілген күн – есеп басталған күн. Ал кәсіпорын үшін сол күн – жұмыс енді басталған күн. Жерді дайындау, жабдық әкелу, маман даярлау, алғашқы өнімді шығарып, тұрақты табысқа жету – бәрі уақытты қажет етеді. Бір кезеңде қаржы үзілсе, бүкіл жоба тоқтайды.Осыдан Олжаев мамандандырылған өнеркәсіп банкі қажет деген қорытындыға келеді. Онда несие маманымен қатар инженер, технолог, салалық сарапшы жұмыс істеуге тиіс. Олар кепілге қойылатын мүлікті ғана емес, 

Олжаевтын айтуынша, Даму банкі негізінен ірі жобалармен жұмыс істейді. Ал жаңа институт оның қызметін қайталамауға, қаржыландыруы жеткіліксіз өндірістік жобаларға жол ашуға тиіс.

Осы ой Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәселесімен де байланысты. Қор жыл сайын инфляциядан кем түспейтін табыстылық беруге міндетті. Мысалы, орташа инфляция 9 пайыз болса, Қор жыл сайын кідіріссіз 9 пайыз табыс табуға тиіс. Ол зауыттың қашан салынып, қашан қарызын қайтаратынын күтіп отыра алмайды. Демек, ақша жабдыққа, жабдық өнімге, өнім тұрақты табысқа айналғанға дейін кәсіпорынмен бірге болатын институт қажет.Олжаевтың бұл тұжырымы өнеркәсіппен шектелмейді. 

Агенттік төрағасының орынбасары Тимур Әбілқасымов Veon тобымен техникалық кеңес басталғанын хабарлады. Bloomberg дерегінше, Beeline иесі 2027 жылдың соңына дейін Қазақстанда цифрлық банк құруды жоспарлап отыр. Бұл – салалық маманданудың басқа түрі: өндіріске емес, тұрғынға бағытталған банк.Компанияның бас директоры Каан Терзиоглу банктік және тұрмыстық қызметтерді кеңейтетінін айтты. Veon-да миллиондаған абонент, олардың төлем тәртібі туралы дерек бар. Жаңа заңда базалық банк лицензиясы енгізілсе, телеком-операторлар банк ісіне жеңіл кіре алады. Яғни бәсеке енді банктер арасында ғана емес, банк пен телеком арасында да жүреді.Конгресте тағы екі бағыт аталды: сатып алуға жәрдемдесетін жасанды интеллект агенттері және исламдық қызмет көрсететін әмбебап банктер. Бұл – сарапшылардың ортақ ойын бекітеді: 

**Н****арыққа бір үлгідегі банк емес, әр түрлі үлгідегі банк қажет**

.Осы ой басқа салаларға да қатысты. Агроөнеркәсіпте шаруа көктемде егеді, күзде жинайды. Банк болса, ай сайын төлеуді талап етеді. Құрылыста бір кезеңде қаржы үзілсе, үй салынып бітпей қалады. Ақпараттық технологияда басты байлық – бағдарлама мен ұжым. Жасыл энергетикада жоба 10-15 жылда ғана қайтады. 

Осының бәрі – Олжаевтың «саланың тілін түсінетін банк» деген ойының басқа салалардағы көрінісі.

**С****алалық банктер квазимемлекеттік секторды жоққа шығармай ма? **

Квазимемлекеттік сектор – банк емес. Даму банкі, Аграрлық несие корпорациясы, «Бәйтерек» холдингі қаржы береді, бірақ салым қабылдамайды, төлем жүргізбейді. Олар – бағдарламаның операторы. Салалық банк керісінше: салым жинайды, жобаны сараптайды, несие береді, қаржыны айналдырады. Яғни квазимемлекеттік сектор – мемлекеттің тетігі, салалық банк – нарықтың тетігі. Бірі екіншісін алмастырмайды, толықтырады.Алайда сарапшылар жаңа банктердің тәуекелін де жасырмайды. Капиталы аз, басқаруы әлсіз банк клиенттің қаражатына қауіп төндіреді. Сондықтан Агенттік базалық лицензия бергенде капиталға, акционердің ашықтығына, басқару жүйесіне қатаң талап қояды. Ал бәсекелестік күшейгенде банктер талапты жұмсартып, тәуекелі жоғары несие беруі мүмкін.Осылайша барлық сарапшының сөзі бір түйінге келіп тіреледі. Қазақстанға 24-ші, 25-ші банк емес, салалық банктер жүйесі қажет. 23 банк бар, бірақ пайданың 67 пайызы үш банкте. Демек, мәселе – санда емес, бәсекеде. Мемлекет қаржы береді, салалық банк сол қаржыны айналдырады. Сонда ғана несие өсімі өнеркәсіп өсіміне ұласады.

---

Опубликовано: 2026-11-15T11:20:04+05:00

Обновлено: 2026-11-15T11:20:07+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: [Бюджет](https://kk.bizmedia.kz/tag/byudzhet/), [Деньги](https://kk.bizmedia.kz/tag/dengi/), [Казахстан](https://kk.bizmedia.kz/tag/kazahstan/), [Тенге](https://kk.bizmedia.kz/tag/tenge/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-15-qazaqstangha-taghy-bir-bank-emes-basqa-bank-kerek/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.