---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-16-inflyacziya-92-gha-tuesti-biraq-bagha-nege-arzandamaj-tur/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Инфляция 9,2%-ға түсті, бірақ баға неге арзандамай тұр?

![Монеты, Уровень инфляции, годовой инфляции](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/07/aerc-uhudshil-prognoz-kursa-tenge-i-inflyaczii_bizmedia-kz_.jpg)

Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің XIV конгресінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ел экономикасының оң динамикасын көрсететін бірқатар макроэкономикалық деректерді жариялады. Ресми мәліметке сүйенсек, жылдық инфляция 12 ай қатарынан баяулап, 9,2%-ға дейін төмендеді. Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) 9 айда 4,2%-ға өсті, ал жылдық болжам 4,5-5,5% деңгейінде. Бизнеске 16,6 трлн теңге көлемінде жаңа кредит берілді.

[![Фото: Unsplash.com](https://bizmedia.kz/app/uploads/2025/07/aerc-uhudshil-prognoz-kursa-tenge-i-inflyaczii_bizmedia-kz_-1024x576.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2025/07/aerc-uhudshil-prognoz-kursa-tenge-i-inflyaczii_bizmedia-kz_.jpg)Фото: Unsplash.com

Алайда ресми есептегі бұл «сүйкімді» көрсеткіштер мен қарапайым халықтың күнделікті тұрмыстағы сезімі екі бөлек әлем секілді.

 Дүкен мен базарға барған тұтынушы бағаның төмендегенін емес, керісінше, қалтаға түсетін салмақтың әлі де ауыр екенін көріп отыр.

## Макростатистика мен нақты өмірдің арасындағы бұл алшақтық қайдан пайда болды?

1. Инфляцияның төмендеуі - бағаның арзандауы емесҚоғамдағы ең үлкен түсінбеушілік осы терминнің мағынасынан туындайды. Инфляцияның 12,6%-дан 9,2%-ға түсуі - тауарлар мен қызметтердің арзандағанын білдірмейді. Бұл тек бағаның өсу қарқыны бәсеңдеді деген сөз. Яғни, бұрын 1000 теңге тұратын тауар бір жылда 1126 теңгеге дейін қымбаттаса, қазір 1092 теңгеге дейін өсіп отыр. Баға бәрібір жоғарылап жатыр, тек сәл баяулады. Ал өткен жылдары шарықтап кеткен бағалар сол биік деңгейінде қалып қойды.
2. «Орташа» себет пен нақты тұтынушы себетінің айырмашылығы Ұлттық статистика бюросы инфляцияны 500-ден астам тауар мен қызмет түрінен тұратын ортақ тұтыну себеті бойынша есептейді. Оның ішінде халық күнде сатып алатын нан, сүт, етпен қатар, жылына бір рет немесе одан да сирек алынатын техника, жиһаз, құрылыс материалдары мен түрлі қызметтер бар.

Мәселен, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, азық-түлік 7,6%-ға қымбаттаса, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 10,4%-ға, ал ақылы қызметтер 10,3%-ға өскен. Қарапайым отбасы табысының басым бөлігін дәл осы күнделікті азық-түлікке, коммуналдық төлемдерге және көлік пен дәрі-дәрмекке жұмсайтындықтан, олар үшін «жеке инфляция» ресми 9,2%-дан әлдеқайда жоғары сезіледі.

## ЖІӨ өсімі мен бизнеске берілген триллиондар қайда кетіп жатыр?

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, экономика өсімінің негізгі драйверлері - құрылыс, көлік және өңдеу өнеркәсібі. Ал бизнеске берілген 16,6 трлн теңге несиенің ішінде шағын және орта бизнеске (ШОБ) 7,6 трлн теңге тиесілі. Бірақ бұл қаражаттың тең жартысы (50,1%) сауда саласына, ал аймақтық бөліністе 54,7%-ы бір ғана Алматы қаласына бағытталған.

Өндіріс орындарын ашып, отандық тауар көлемін арттыруға кететін несие үлесі әлі де аз. Ал несиенің сауда-саттық пен импорттық тауар айналымына жұмсалуы базардағы бағаны арзандатуға тікелей әсер ете алмайды.

## Түйін

Ресми статистика экономиканың макродеңгейде тұрақталып, қаржы секторының нығайғанын көрсетіп отыр. Бірақ макроэкономикалық жетістіктер қарапайым азаматтың әмиянына бірден жетпейді.

Базардағы баға мен ресми есептің арасындағы алшақтық жойылуы үшін инфляцияның баяулауы ғана емес, нақты табыстың өсуі мен ішкі өндірістің нарықты отандық арзан тауармен қамтуы қажет.

---

Опубликовано: 2026-11-16T09:56:08+05:00

Обновлено: 2026-11-16T09:56:11+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Aқша](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/aqsha/), [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстанның қаржылық жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstannyng-qarzhylyq-zhangalyqtary/), [Маңызды](https://kk.bizmedia.kz/mangyzdy/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-16-inflyacziya-92-gha-tuesti-biraq-bagha-nege-arzandamaj-tur/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.