---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-16-it-zang-zhazdy-biraq-qazaqsha-bilmejdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# IT заң жазды, бірақ қазақша білмейді

![IT заң жазды, бірақ қазақша білмейді](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/gemini_generated_image_jxj2xajxj2xajxj2.jpg)

Балаларды интернеттен қорғайтын заң дайын, бірақ оның қанша тұратыны белгісіз. Мемлекет «бюджеттен ақша кетпейді» дейді, ал платформалар «біз төлейміз» деп отырған жоқ.

[![Иллюстрация: ИИ](https://bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/gemini_generated_image_jxj2xajxj2xajxj2-1024x571.jpg)](https://kk.bizmedia.kz/app/uploads/2026/02/gemini_generated_image_jxj2xajxj2xajxj2.jpg)Иллюстрация: ИИ

## Сонда бұл заңның шығынын кім көтереді**?**

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, Құрылтай депутаттары үш заң жобасын дайындаған. Оның бірі – «Балалардың цифрлық және ақпараттық қауіпсіздігі туралы» жаңа заң.

Оны депутаттар жалғыз жазған жоқ. Алғаш рет жасанды интеллект көмектесті – IT Құрылтай платформасы. Оған 800 мыңнан астам заң жиналған. Бірақ заңның мәтіні дайын болғанымен, оның қаржылық құны әлі жарияланған жоқ. Жоба қазір Үкіметтің қорытындысын күтіп отыр.

## 1,3 трлн теңге қайда кетеді?

Ел ішінде «1,3 трлн» деген санды естіп, «осы заңға сонша кетеді» деген пікір бар. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, 1,3 трлн теңге – бұл тұтас «Қазақстан балалары» тұжырымдамасына 5 жылға қарастырылған ақша. Онда 158 іс-шара, 10 индикатор бар. Оған білім, денсаулық, отбасында тәрбиелеу, әлеуметтік қорғаудың бәрі кіреді.

Ал мына заң – сол тұжырымдаманың бір бөлігі ғана.Ал бұған дейінгі ұқсас заң жобаларының түсіндірме жазбасында «Заңды іске асыру бюджет шығынын талап етпейді» деп жазылған. Яғни, мемлекеттің логикасы – шығынды бюджет емес, платформалар көтеруі керек.

## Шығынды кім көтереді?

Нақты смета болмаса да, шығын 3-ке бөлінеді: 

Мемлекет – жүйені ұстайды. Верификация, мониторинг, бала ID-картасының базасы. Бұл жаңадан салынбайды, бар жүйелердің үстіне қосылады.

Платформалар – өз қалтасынан төлейді. Маркировка, ата-ана бақылауы, верификациядан өту. Бұл шығынды TikTok, YouTube, ойын компаниялары, маркетплейстер өздері көтеруі керек. Орындамаса – жауапқа тартылады. Ата-ана – ақша төлемейді. Ата-анаға тікелей ақшалай шығын жоқ. Тек телефонына бақылау функциясын қосу керек.

## Заң қалай істейді?

Заң тек «тыйым саламыз» деп қоймайды, оның 7 нақты тетігі бар:

- Таңбалау: Әр ойын, қосымшада «мұнда хат жазу бар, мұнда ақша жұмсау бар» деп жазып тұруы керек.
- Верификация: Мемлекет тексермеген өнім балаға көрсетілмейді.
- Мониторинг: Бір рет тексеріп қоя салмайды, үнемі бақыланады.
- Бұғаттау: Қауіпті болса – алып тастауды немесе бұғаттауды талап етеді.
- Жауапкершілік: Орындамаған платформа иесі жазаланады.
- Ата-ана бақылауы: Барлық платформада міндетті болады. Бала рұқсатсыз өнімді көре, жүктей, сатып ала алмайды.
- Бала ID-картасы: Фотосы бар карта баланың кім екенін дәл анықтайды.Орыстар байқамаған тұс

## Бұл заң қазақ баласына жұмыс істей ме?

IT қазақша білмейді. Заңды IT Құрылтай жазды дейді. Оған 800 мың заң жиналған. Бірақ сол 800 мыңның 90%-ы орысша. Яғни, IT заңды орысша ойлап, қазақшаға аударған. Ал балалар TikTok-та, ойында қазақша сөйлейді, қазақша жазады, қазақша алданады.

## IT қазақша қауіпті контентті тани ма?

Платформаларда қазақша модерация жоқ. TikTok, YouTube, Roblox-та қазақша модератор жоқтың қасы. Орысша боқтықты жүйе бірден өшіреді, ал қазақша боқтық, қазақша буллинг, қазақша алаяқтық еркін жүріп жатыр.

Астанадағы ата-ана телефонға бақылау қоя алады. Ал ауылдағы ата-ананың телефонында орысша интерфейс, қазақша түсіндірме жоқ. Заң «ата-ана бақылауы міндетті» дейді, бірақ ол бақылау қазақша болмаса, ауылдағы әке-шеше оны қалай қосады?

## ID-карта – қорғаныс па, қауіп пе?

ID-карта деген – баланың бар дерегі бір жерде. Аты-жөні, фотосы, мектебі, мекенжайы. Қазақ баласының дерегі қайда сақталады? Кім қорғайды? Бұл сұраққа заңда жауап жоқ.Қысқасы: Орыстар үшін заң – техникалық мәселе. Біз үшін – тіл мәселесі.Егер заң қазақша жұмыс істемесе, ол қазақ баласын қорғамайды. Ол тек орысша сөйлейтін балаларды қорғайды.

Біздің талап – анық болуы керек: Маркировка қазақша болсын. Верификация қазақша болсын. Ата-ана бақылауы қазақша болсын. Әйтпесе, бұл заң – қазақ баласы үшін емес, қағаз үшін жазылған заң болады.

---

Опубликовано: 2026-11-16T12:34:53+05:00

Обновлено: 2026-11-16T12:34:56+05:00

Авторы: [Гүлбаршын Айтжанбайқызы](https://kk.bizmedia.kz/author/gulbarshyn-aitjanbaikyzy/)

Рубрики: [Жаңалықтар](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/), [Қазақстан жаңалықтары](https://kk.bizmedia.kz/zhangalyqtar/qazaqstan-zhangalyqtary/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://kk.bizmedia.kz/2026-11-16-it-zang-zhazdy-biraq-qazaqsha-bilmejdi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Bizmedia.kz](https://bizmedia.kz/) — новости бизнеса в Казахстане и мира.

Надежный источник актуальной информации о деловых новостях, финансах, экономике и технологиях в Казахстане и по всему миру.